Роберто Фирмино Барбоза де Оливейра (порт. Roberto Firmino Barbosa de Oliveira; 2 қазан 1991 жыл, Масейо, Бразилия) — бразилиялық футболшы, «Ливерпуль» клубы мен Бразилия Ұлттық футбол құрамасының шабуылшы жартылай қорғаушысы.

Роберто Фирмино Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Роберто Фирмино Барбоза де Оливейра

Лақап аттары

Бобби

Туған күні

1. 04. 1991

Туған жері

Масейо, Бразилия

Азаматтығы

Бразилия

Бойы

181

Салмағы

76

Позиция

шабуылшы, жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Ливерпуль

Номері

9

Жастар клубы
2004—2008 Бразилия КРБ
2008—2011 Бразилия Фигейренсе
Клуб карьерасы[* 1]
2009—2011 Бразилия Фигейренсе 38 (7)
2011—2015 Германия Хоффенхайм 142 (40)
2015— Англия Ливерпуль 140 (50)
Ұлттық құрамы[* 2]
2014—  Бразилия 15 (9)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Карьерасы

"Фигейренседе" біраз жыл ойнап, 2011 жылы Еуропаға келді. Германияның "Хоффенхайм" клубындағы алғашқы матчын 2011 жылы 24 ақпанда "Майнцқа" қарсы өткізді. Маусымның соңына дейін Фирмино үш гол соқты.

2015 жылы 24 маусымда ресми түрде "Ливерпуль" футболшысына айналды. Клубтағы алғашқы голын сол жылдың 21 қарашасында "Манчестер Сити" қақпасына енгізді. Фирминоның ойыны ұнаған "Ливерпуль" фанаттары оған Бобби деп ат қойып алған. Футбошының өзі бұл жаңа есімнің өзіне керемет ұнайтынын бірнеше мәлімдеді.

Ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын 2014 жылы 12 қараша күні Түркия құрамасына қарсы өткізді[1]. Алғашқы голын алты күн өткен соң Аустрияның қақпасына енгізді[2].

Жетістіктері

  • УЕФА Чемпиондар Лигасының финалына шықты: 2017-18

Дереккөздер

Cілтемелер