Антиденелер

(Антидене бетінен бағытталды)

Антиденелер (ағылш. antibody, Ab, Қарсыдене деп те аударылады, кейде иммуноглобулин (ағылш. immunoglobulin, Ig),[1]адам мен жануарлар организміне енген жат бөгде ірі молекулалы протеиндік заттарға (антигендерге) қарсы иммундық реакциялар нәтижесінде түзіліп, олардың зиянды әсерлерін жоятын протеиндік заттар (негізінен гамма-глобулиндер); адам және жылықанды жануарлар денесінде пайда болған антигендерге қарсы қан плазмасында түзілетін ақуыздық заттар. Антиденелер ағза иммунитетін күшейтуде маңызы үлкен.[2]

Әрбір антидене арнайы антигенге байланады, олар бейне құлып пен кілттің байланысына ұқсайды

Антиденелерді лимфоциттер мен плазмоциттер бөледі. Қарсыденелерге тән қасиет — тек өздерінің түзілуіне әсер еткен антигендермен ғана әрекеттесіп, оларды жояды. Антиденелер — организмде қан сарысуы мен ұлпаларда жинақталады. Қарсыденелер антигендермен әрекеттесу сипатына қарай агглютининдер, гемолизиндер, бактериолизиндер, преципитиндер болып бірнеше топтарға бөлінеді.[3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Human Physiology — 5th. — Thomson Learning, 2002. — P. 584. — ISBN 978-0-534-42174-8.
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  3. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9