Басқа мағыналар үшін Барселона (айрық) деген бетті қараңыз.

Барселона (кат. Barcelona /bəɾsəˈɫonə/, ис. Barcelona /baɾθeˈlona/) — Испаниядағы халық саны бойынша екінші үлкен қала және муниципалитет, Каталония автономдық облысының және аттас провинция мен Барселона ауданының астанасы. Каталония Князьдігінің тарихи астанасы. Әлемнің бай қалалар тізімінің алғашқы онына кіреді. Жерорта теңізіндегі порт қала, Испанияның ірі өндіріс және сауда орталығы. Еуропаның ең ірі туристік орталықтарының бірі.

Қала
Барселона
кат. және ис. Barcelona
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Испания

Провинция

Барселона

Комарка

Барселонес

Ішкі бөлінісі

10 округ

Алькальд (мэр)

Ада Колау (Ada Colau)

Тарихы мен географиясы
Координаттары

41°23′ с. е. 2°11′ ш. б. / 41.383° с. е. 2.183° ш. б. / 41.383; 2.183 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°23′ с. е. 2°11′ ш. б. / 41.383° с. е. 2.183° ш. б. / 41.383; 2.183 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

100,4 км²

Орталығының биiктігі

12 м

Уақыт белдеуі

UTC+1

Тұрғындары
Тұрғыны

1 617 487[1] адам (2016)

Тығыздығы

16 095 адам/км²

Агломерация

3 186 461

Этнохороним

барселондықтар, барселондық[2]

Ресми тілі

каталан

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+34 93

Пошта индексі

08001-08080

barcelona.cat

Барселона картада
Барселона
Барселона
Барселона картада
Барселона
Барселона

Халқы 2016 жылы 1 608 746 адам[3] - бұл Испанияның, Мадридтен кейін халық санының көптігінен екінші және Одақтағы он бірінші қала. Барселона астаналық ауданында, соның ішінде Барселона қалалық облысында, 5 029 181 адам (2011), бұл халық саны бойынша Одақтың алтыншы қаласы.[4][5]

Жерорта теңізінің жағасында орналасқан, шамамен Пиреней тау тізбегінен оңтүстікке қарай 120 км және Франция шекарасында, шағын тегіс жағалау желісінде жатыр, шығысында теңізбен шектеулі, батысында Сьерра-де-Коллсерола, оңтүстікке Рио-де-Льобрегат және солтүстікке Бесос өзеніне созылып жатыр. Өз аттас Барселона графтықтың астанасы, әдетте, жататын атауымен Сьюдад Кондал аномациялық деноминациясы ретінде қолданылады.

Барселонада әр түрлі халықаралық іс-шаралар өтетін орын ретінде дамытуға және жаһандық барлығы бірге түйістіруге ықпал еткен орталық. Соның ішінде 1888 жылғы Көрме, 1929 жылғы Халықаралық Көрме, 1992 жылғы Олимпиадалық Ойындар және 2004 жылғы Әмбебап Мәдениет форумы неғұрлым өзекті. Бұл сондай-ақ Одақтың Жерорта теңізі хатшылығының штаб-пәтері.[6]

Қазіргі уақытта, Барселона өзінің мәдени, қаржы, сауда және туристік жағынан жаһандық қала ретінде танылды. Меңгерген ең маңызды Жерорта теңізі порттарының бірі, және сондай-ақ, Испания мен Франция арасындағы байланыстыратын тас жол және жылдамдығы жоғары темір жол бойынша қосатын басты нүктесі. Барселона-Эль-Прат Халықаралық әуежайы, қала орталығынан 15 км жерде, 2014 жылы 37,5 млн.-нан астам жолаушы қабылдаған.[7]

Бірегейлік элементтері

өңдеу

Жер атаулары

өңдеу
 
Б.з. 200-230 орайластырылған рим мәрмәр стеласы. Қаланың аты шыққан Баркино колониясында атын оқуға болады. Барселона қала тарихы мұражайы.

Барселона атауының шынайы мағынасы белгісіз және оның пайда болуы туралы түсіндіруге тырысатын бірнеше теория мен аңыз бар. Білуімізше шын мәнінде ерекше Пиренейлік қала болған, ол лаетондық тайпасынан шыққан. Кейінірек оны Гней Корнелия Сципион Кальво басып алады,[8] және басым бөлігін рим колониясына айналдырылып, Юлий Цезарьдың және Октавиа Аугустоның қорғауына алынған, осыдан кейін Лулия Аугуста Патерна Фавентиа Барсино деген ат алған.[9] Орта ғасырдағы атаудың өзгеру тарихы қаншама рет Барчинона, Барцалона, Барчелона және Барченона деген атауларға ауысқан.

Бір аңыздарға сенсек Барселона сөзі қаланың негізін гипотезалық қалаған генерал Гамилькар Барка Пиреней анклавын Иберияға табан тірегеннен соң жаулап алған, сондай ақ басқа аңызда қазіргі Пун соғысы кезінде Пиреней түбегін толық бағындырған Ганибалдың ұлы туралы аңыз бар.[10] Дегенмен, карфагендік Барка тегі мен Барселона атты қала атауын байланыстыратын құжаттар жоқ. Қала атауының тағы да бірнеше түсіндірмелері бар, финика дәуіріне жататын бұл ибер тіліндегі жазуда,   сөзі бар тиын табылған.[11]

Сондай-ақ қала атауын түсіндіретін мифологиялық аңыз да бар. Аңызға сенсекғ Геракл Алтын руноны табуға көмектесу үшін аргонаутарға төртінші жұмысын бітіргеннен соң қосылады, бірақ каталан жағалауына келген кезде экспедиция жасаған қайықты дауыл шашып тастайды, осылай тоғызышысы аяқталады. Геракл іздеп іздеп аяғында Барка Нона (тоғызыншы арал) аралын тауып алады, ол қазіргі Монжуик. Экипаж өте ыңғайлы жерге тап болады, Герместің (сауда мен өнер құдайы) көмегімен Барселона деген атау берген қаланың негізін қалауға шешім қабылдайды.[12]

Рәміздері

өңдеу
Толық мақалалары: Барселона елтаңбасы және Барселона туы

Барселона елтаңбасы өзінің бастауын Орта ғасырлардан алады және алғаш рет осы қалпында 1329 жылы пайда болды.[13] Елтаңба төрт ширектен тұрады, бірінші және төртінші ширекте Әулие Георгий кресті қызыл түсті күмістен жасалған, қызл түсті алтыннан жасалған екінші және үшінші ширек төрт княздік /корольдік таңбаны білдіреді. Сондай-ақ әр ширек әр түрлі нұсқада пайда болады. Бір, екі, үш, тіпті бес қосылған жолақтан тұралды Тәждің басындағы елтаңба, қаладағы Арагон тәжінің монархтарының суверенитетін білдіреді.[14] Ту тікелей елтаңбдан шыққан, сол сиақты бір құрамда, тек тәжі жоқ.

Франконың диктатурасы кезінде таңбаның қызыл түсті екі таяқшалары алдыңғы кейбір ортағасырлық нұсқаларында, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында болған, нақты мағынасын жеңілдету үшін халықтың кейбір секторлары тарапынан сынға ұшырады және олар Испания белгілеу үшін біріктіру ниетімен жатқызылған. 1996 жылы басталған процесс таңбаларды қалыпқа келтіру бірнеше жылға созылды, дегенмен шынайы нұсқасына қайтарылмады, бірақ бұл қалқан шабыт берген логотип ресми бекітілді. Каталана Генеалогия, Геральдика, Сигильлография, Вексиллогия және Нобилария қауымы бұл процесс дұрыс жүргізілмеді деп айыптап сотқа арыз берді, олар жеңіп шығып, Қаладан геральдика және вексиалогияға сай қарастыруды талап етті. Сондай-ақ тарихи елтаңбадан тікелей туындайтын изотипін пайдаланды.

Географиясы

өңдеу

Барселона Пиреней түбегінің солтүстік-шығысында орналасқан. Шығысын Жерорта теңізі шайып жатыр. Оңтүстінде Кольсерола (кат. Collserola) тау тізбегі және Льобрегат өзені, солтүстігінде Бесос өзені орналасқан.

 
Каталония мүсіні

Орналасқан жері

өңдеу
 
Барселонаның провицинциясының муниципалитеті.

Барселона қаласы Пириней түбегінде Жерорта теңізінің жағасынан табуға болады, дәл өзендер атырауларының ортасында, оңтүстік батысында Льобрегат өзені, солтүстігінде Безос. Муниципиалитет оңтүстіктен солтүстікке қарай және сағат тілінің бағытымен келесі муниципалитеттермен шектелген: Эль-Прат-де-Льобрегат, Оспиталет-де-Льобрегат, Эсплугес-де-Льобрегат, Сан Юст Десверн, Сан-Фелиу-де-Льобрегат, Молинс-де-Рей, Сан-Кугат-дель-Вальес, Серданьола-дель-Валлес Монкада және Реиках, Санта-Колома-де-Граменет және Сан Адриа-де-Бесос. Бірінші екі жәнесоңғы екі муниципалитет, олар қаламен қалалық аймақ арқылы жақсы қарым қатынас орнатқан, Сант-Кугат-дель-Валлес және Серданьола-дель-Вальес Барселонадан оңаша орналасқан, өйткені араларында Сьерра-Литораль және Сьерра-Коллсерола табиғи парктері шынайы кедергі болып тұр.

Барселона сондай-ақ Сьерра-Коллсероладағы Льобрегат муниципалитетінің аз бөлігін алып жатыр. Вайбидерра және Жазықтар Коллсерола табиғи тауына ығыстырылған. Сондай-ақ Санта Cреу Олорда муниципалитетінің бір бөлігі батыс Вальестар мен Бахо Льобрегаттар арасынан өтеді.

Осылайша Барселона Барселонесла ауданының астанасы,оны муниципалиттер құрады, Оспиталет-де-Льобрегат, Бадалона, Санта-Колома-де-Граменет және Сан Адриа-де-Бесос. Облыс солтүстігінде Вальес-Оссиденталмен шектеседі, ал солтүстік шығысында Вальес-Ориенталь және Маресмемен, солтүстік батысында Жерорта теңізімен және шығысы мен оңтүстігінде Бахо Льобрегатпен шектеседі.

 
Тибибабо тауынан алынған Барселонаға шолу

Көрші қалалар:[15]

Солтүстік-Батыста: Сан Кугат-дель-Вальес Солтүстікте: Серданьола-дель-Валлес және Монкада мен Реисак Солтүстік-Шығыста: Санта-Колома-де-Граменет және Сан Адриа-де-Бесос
Батыста: Молинс де Рей, Сан Фелиу де Йобрегат, Сан Юст Десверн және Эсплугуес де Йобрегат   Шығыста: Жерорта теңіз
Оңтүстік-Батыста: Оспиталет-де-Льобрегат және Эль-Прат-де-Льобрегат Оңтүстікте:

Жерорта теңіз

Оңтүстік-Шығыста: Жерорта теңіз

Топографиясы

өңдеу
 
Барселонаның әуеден көрінісі

Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан, Барселона көлбеу жазықтықта орналасқан, ол оңтүстік батысында Льобрегат өзені мен солтүстік-батысына Безос өзендерінің дельтасында қалыптасқан. Оңтүстік-шығысында жағалау сызығымен шектелген, және солүстік шығысында Сьерра де Кольсероламен (ең жоғарғы нүктесі Тибибадо шыңы биіктігі 516 м[16]), келесісі жағалау сызығына параллель жатыр, қаланы әбден анықталған аймақта құрайды.

Барселона жағалау сызығы уақыт өте келе өзгерген, ол тарихтан бұрын Каталониа орталық алаңы орналасқан жерге дейін келген. Барселонета орналасқан жерлер бір жарым ғасыр бұрын ғана қаланған. Бұл жерлер теңізден солтүстіктен келген жер жыныстарының бірігуінің нәтижесінің жемісі және 1640 жылы салынған жағалаудың дауылға қарсы құрсауымен ұсталған, және олар ақырында ежелгі Майанс аралының табанында (қазіргі күні бұл жерде Франция вокзалы орналасқан) берік материкте орналасқан, Барселоната тілінің негізін түзеді.

Барселонаның бір бөлігі жағалауға барынша жақын биік төбелермен бөлінген, олардың кейібіреуі урбандалған, және қалғандары парктерге айналдырылған, олардың ішінде Кармело (265,6 метр), Монтеролс (127,3 м), Путксет (182.7 м), Ровира (206,8 м) және Туро-де-ла-Пеира (138 метр) бар. Барселона ең танымал шыңы жағалау сызығынан сәл жоғары және Льобрегат дельтасымеен бөлінген Монтжуик тауы (184,8 метр).[17] Аяғында қаланың тарихи негізі орналасқан 16,9 метр Табер мысын айтып өту қажет.

Жағалау

өңдеу
 
Барселона жағажайы

Соңғы жылдары Барселонада соғылдар көрікті жерлерінің бірі жағалауы. 1992 жылы жағалауды қалпына келтірудің нәтижесінде, Жазғы ойындарды өткізуге мүмкіндік берді,1992 жылы іске асқан Барселонада тоғыз жаңа жағажайлар және шомылу аймақтары 4,2 сызықтық километрге созылып жатыр. Жағалаулар түгел қаланы алып жатыр, қала орталығымен байланысып жатыр және қаланың кез келген нүстесінен бірнеше минуттық жерде орналасқан. Барлығы толық қызмет түрлерімен: душтармен, бейне бақылау, Қызыл Керестпен жабдықталған және, кейбір жағдайларда, киім ауыстыру орындары, гамактарды жалға беру, жағажай арналған барлар бар. Жағажайлар әр күні тазалау жұмыстары жыл бойына жүргізіледі, және барлығында осының маңыздылығын дәлелдейтін Еуропалық Одақтың туы ілінген.

Барселона әкімшілігінің мәліметінше әр жылы жеті миллионнан астам шомулушылар қабылданады. Олардың басым бөлігі мамыр және қыркүйек айларындағы жақсы ауа-райына қарайтын болғанменен де, қала тұрғындары және келушілер жылдың қалған уақытында еш уайымсыз жағалауда дем ала алады, өйткені олар теннис, волейбол және басқа спорт түрлерін ойнауға жабдықталған. Барселона жағалауында Hotel Arts-пен бірге заманауи талассотерапия орталығы, Теңіз спорт комплексі бар, теңіз суы бар бассейндер қарастырылған, және жыл бойы медициналық және спорт қызмет түрлерінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Он жағалау оңтүстіктен солтүстікке қарай Сан Себастьян жағалауында, Сан Мигель, Барсаленота, Соморростро, Нуева Икариа, Богатели, Мар Белла, Леванта және Форум шомылу бөлмелері орналасқан. Мар Белла жағалауы нудисьтерге арналған орын.

 
Барселона жағажайы.

Тарихы

өңдеу

Экономикасы

өңдеу

Қазіргі кезде негізгі дамыған өндіріс салаларына жеңіл, химия, фармацевтика, автомобильдік және электрондық салалар кіреді. Барселонада автоқұрастыру зауыттары да көп шоғырланған, атап айтқанда испандық «СЕАТ» фирмасы («Фольксваген» тобы), әрі басқа да шетелдік — «Рено», «Пежо», «Форд» және т. б.

Транспорт

өңдеу

Әкімшілік құрылымы

өңдеу

Көрнекті жерлері

өңдеу
  1. Национальный институт статистики Испании (исп.)
  2. Үлгі:Кітап:Русские названия жителей: Словарь-справочник
  3. «Estadística del Padrón Continuo a 1 de enero de 2016».
  4. «Idescat.
  5. «Barcelona, entre las 15 ciudades más seguras del mundo según The Economist». 29 de enero de 2015.
  6. «Barcelona, elegida oficialmente sede del secretariado de la Unión por el Mediterráneo.
  7. «Detalle de nota de prensa - Notas de prensa - Notas de prensa - Aena».
  8. A. Cirici, Barcelona pam a pam, 6.ª edición, Editorial Teide, Barcelona, 1971, pág. 10
  9. Үлгі:Cita web
  10. D. Agustí, Historia breve de Barcelona, Sílex Ediciones, 2008, pág. 22 (Puede consultarse en Google Books)
  11. Emérita: Revista de Lingüística y Filología clásica 11 (1943), p.468.
  12. Origen mitológico del nombre de Barcelona
  13. L'escut de Barcelona, Societat Catalana de Genealogia, Heràldica, Sigil·lografia, Vexil·lologia i Nobiliària
  14. Origen del escudo, Sociedad Catalana de genealogía, heráldica, sigilografía, vexilología y noviliaria.
  15. Үлгі:Cita web
  16. Дереккөз қатесі: Жарамсыз <ref> тегі; no text was provided for refs named mapatopoign
  17. Instituto Cartográfico de Cataluña Altitudes tomadas del Mapa Topográfico de Cataluña 1:10.000