Корея Республикасының президенті

Корея Республикасының президенті (кор. 대한민국 대통령?, 大韓民國大統領?) — Оңтүстік Кореяның Конституциясына сәйкес Корея Республикасының министрлер кеңесінің төрағасы, мемлекет басшысы және Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы болып табылады.

Корея Республикасының
Президенті
대한민국 대통령

Президенттік штандарт

Лауазымды иеленуші
Юн Сөк Йөл
10 наурыз 2022 жылдан бастап
Басшылық етеді

Корея Республикасына

Басқару түрі

Аса мәртебелі

Ресми резиденциясы

Көгілдір үй

Өкілеттігінің мерзімі

5 жыл

Лауазым пайда болды

1948

Алғашқысы

Ли Сын Ман

Сайты

Сайты

Оңтүстік Корея президенті

өңдеу

Корея Республикасының Президенті – атқарушы биліктің басында тұрады. Ол жалпы, тікелей және жасырын сайлау негізінде халықпен сайланады. Президент мерзімі 5 жылмен шектелген және екінші қайтара сайлануға болмайды. Президент өз қызметіна атқара алмаған жағдайда Премьер-Министр барлық міндеттерді өзі атқарады.

Бүгінгі күні қалыптасқан саяси жүйеде Президент негізгі бес қызмет атқарады. Олар:

  • Президент халықаралық жүйеде елдің атынан сөйлейді. Басқа елдің дипломаттарын қабылдайды, наградалар мен атақтар береді. Кешірім жасайды.
  • Президент атқарушы биліктің басшысы ретінде заң шығарушы органның қабылдаған заңдары мен шешімдерін орындайды, аталған заңдардың жұмыс ңстеуіне қажетті қаулылар мен жарлықтар шығарады. Барлық шенеуніктерді қызметке тағайындайды, соның ішінде Премьер-Министр мен басқа да жоғарғы санатты мемлекет қызметкерлерін.
  • Президент Қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы ретінде әскер саласына қатысты барлық мәселеге қатысты шешім шығара алады. Соның ішінде басқа елге соғыс жаоиялау құқығы да кіреді.
  • Президент елдің сыртқы саясатын қалыптастырады және басқарады. Елшңлерді тағайындайды немесе қайтарады, шет елдермен келісімшарттарға қол қою арқылы оларды бекітеді.
  • Президент мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі ретінде заң шығару процессіне араласады. Ұлттық Жиналысқа заң жобаларын ұсына алады, бірақ Ұлы Жиналысты таратуға құқығы жоқ.

Оӊтүстік Корея президенттері

өңдеу
Мун Джэ ИнХуаң Гё АнПак Кын ХеЛи Мён БакНо Му ХёнГо КунНо Му ХёнКим Дэ ЧжунКим Ёң СамРо Дэ УЧон Ду ХванПак Чуң ХунЧхве Гю ХаПак Чоң ХиПак Чоң ХиЮн Бо СонХо ДжоңЛи Сың Ман