Литва
Литва (лит. Lietuva), ресми атауы Литва Республикасы (лит. Lietuvos Respublika) — Еуропаның солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет.
Географиялық орналасуы
өңдеуАуданы 65 300 км². Солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 280 км, ал батыстан шығысқа қарай 370 км.
Халқы
өңдеуХалық саны 2 795 175 адамды құрайды (қаңтар, 2021 жыл). Халық саны бойынша дүние жүзінде 137-ші, территориясы бойынша 121-ші орында.
Теңізі
өңдеуБалтық теңізіне шығу мүмкіндігі бар және оның шығыс жағалауында орналасқан. Жағалау сызығы небәрі 99 км (Балтық жағалауы елдерінің ішіндегі ең кішісі). Ауданы мен халқының саны бойынша бұл ең үлкен Балтық мемлекеті.
Көршілес мемлекеттері
өңдеуСолтүстікте Латвиямен, оңтүстік-шығыста Беларусьпен, оңтүстік-батыста Польшамен және Ресейдің Калининград облысымен шектеседі.
Қосымша ақпараттар
өңдеуАстанасы — Вильнюс. Ресми тілі — литва тілі. Ақша бірлігі – еуро.
1990 жылы 11 наурызда ел тәуелсіздігін қалпына келтіру жарияланды. 1991 жылы 6 қыркүйекте КСРО Мемлекеттік кеңесі Литваның тәуелсіздігін мойындады.
Литва БҰҰ (1991), ЕҚЫҰ (1991), Еуропа Кеңесінің (1993), ДСҰ (2001), Еуропа Одағы (2004), НАТО (2004) және ЭЫДҰ (2018) мүшесі. Ол Шенген аймағы мен Еуроаймақтың бөлігі болып табылады.
Әкімшілік бөлініс
өңдеуЛитва территориясы 10 уездге бөлінген. Уездер (апскритис) 9 қала мен 43 ауданның жергілікті өзін-өзі басқару аумақтарын, сондай-ақ жаңадан құрылған 8 жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құрайды. Жергілікті басқару органдары старостволар (сянюния) болып бөлінеді.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Pradžia - Oficialiosios statistikos portalas.
- ↑ a b c d Lithuania. International Monetary Fund.
- ↑ 2017 Human Development Report. United Nations Development Programme (2015). Тексерілді, 24 наурыз 2017.