Павлодар

Қазақстанның солтүстік-шығысындағы қала

ПавлодарҚазақстанның солтүстік-шығысындағы қала (1861 жылдан), өзімен аттас облыс орталығы (1938 жылдан), ірі темір жол станциясы, өзен айлағы және әуе порты. Павлодар қаласы Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Қаланың климаты орташа, күрт континенталды. Облыс орталығының ауданы 633 шаршы км құрайды, 01.05.2023 ж. халық саны 367,7 мың адам. Қала аумағының құрамына Кенжекөл ауылдық округі, Атамекен кенті, Павлодар, Мойылды, Жетекші ауылдары кіреді.

Қала
Павлодар
Жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай: Ертіс өзенінің жағалауы, ҚР Мемлекеттік рәміздері алаңы, Мұнара сағаты, Абай ескерткіші, Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіті, Қаз қонағыдағы мамонттардың мүсіндері, Тарихи-өлкетану мұражайы, Панорама, Ertis Promenade сахнасы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Облыс орталығы

Облысы

Павлодар облысы

Әкімі

Хасар Айтпекұлы Хабылбеков

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°18′ с. е. 76°57′ ш. б. / 52.300° с. е. 76.950° ш. б. / 52.300; 76.950 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°18′ с. е. 76°57′ ш. б. / 52.300° с. е. 76.950° ш. б. / 52.300; 76.950 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

9 ғасырдың басы (Имакия)
1720 (форпост)

Қала статусы

1861

Жер аумағы

633,3 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

367,7 мың адам (2023[1])

Ұлттық құрамы

қазақтар 49,35 %
орыстар 39,88 %
украиндар 3,52 %
немістер 2,09 %
татарлар 1,95 %
белорустар 0,45 %
ингуштар 0,34 %
басқалары 2,42 %[2]

Этнохороним

павлодарлық

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 7182

Пошта индекстері

140000 — 140017

Автомобиль коды

S, 14

Павлодар қаласының әкімдігі
 (қаз.) (орыс.)

Павлодар картада
Павлодар
Павлодар
Мәшһүр Жүсіп мешіті

Павлодар-тарихи терең бай көп этностық қала. Қимақ қағанаты кезінде, қазіргі қала аумағында қағанат билеушісінің жазғы резиденциясы болған ортағасырлық Имакия қаласы орналасқан. 1720 қаланың орнында форпост пайда болды, 1838 жылы форпост станицаға айналды, ал, 1861 жылы сәуірде Павлодар атаумен штаттан тыс қала мәртебесін алды. 1868 жылы қала уездік мәртебеге ие болды, 1938 жылы Павлодар облысының орталығына айналады.

Қала республиканың негізгі өнеркәсіптік аймақтарының бірі. Үлкен табиғи-ресурстық қор, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует, дамыған банк саласы, шағын және орта бизнестің серпінді дамуы, жоғары дәрежелі мамандардың болуы, Орталық Азия мен Сібір арасындағы рөлді байланыстыратын қазіргі заманғы көлік-коммуникациялық инфрақұрылым әр түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің назарын аударады.

Жергілікті билік органдары

өңдеу
  • Жергілікті атқарушы орган – әкім басқаратын Павлодар қаласының әкімдігі, оны қызметке жергілікті өкілді орган – Павлодар қалалық мәслихатының келісімімен облыс әкімі тағайындайды.

Павлодар қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсы: https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-pvl?lang=kk

Павлодар қалалық мәслихатының ресми интернет ресурсы: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl?lang=kk

Ресми символы

өңдеу
 
Ресми символы

Павлодар қаласының ресми символы Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қазандағы «Павлодар қаласы елтаңбасының эскизін бекіту туралы» шешімімен бекітілген мемлекеттік рәміздердің түс гаммасында орындалған дөңгелек пішінді болып табылады. Ортасында Ертіс өзенінің символдық толқындарымен жуылатын «Павлодар» деген жазу орналасқан. Елтаңбаның жоғарғы жағында «Шаңырақ» орналасқан, киіз үйдің негізгі элементтерінің бірі, одан индустриялық қаланың сұлбасына энергия мен дамуды бейнелейтін күн сәулесі әртүрлі жаққа тарайды. Елтаңбаның негізіне қаланың өнеркәсібін бейнелейтін тегершік элементі қолданылады. Елтаңба жиектерінде сабақтастықты, дәстүр мен мәдениетті бейнелейтін ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген.

 
Баян батыр ескерткіші

Тарих

өңдеу
  • Павлодар-тарихи терең бай көп этностық қала. Қимақ қағанаты кезінде, қазіргі қала аумағында қағанат билеушісінің жазғы резиденциясы болған ортағасырлық Имакия қаласы орналасқан. 1720 қаланың орнында форпост пайда болды, 1838 жылы форпост станцияға айналды, ал 1861 жылы сәуірде Павлодар атаумен штаттан тыс қала мәртебесін алды. 1868 жылы қала уездік мәртебеге ие болды, 1938 жылы Павлодар облысының орталығына айналады.

Кеңес өкіметіне дейін Павлодар негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін, техникамен нашар жабдықталған кішігірім кәсіпорындардан тұратын өнеркәсіп пен сауда орталығы ғана болды. Мәдени-ағарту мекемелерінен небары 6 бастауыш мектеп, 1 қоғамдық кітапхана мен клуб жұмыс істеді.

Қаланың ірі өнеркәсіп орталығына айналуына 1938 жылы өзімен аттас облыстың құрылуы және 1953 жылы Оңтүстік Сібір темір жол магистралінің салынуы үлкен әсер етті.

Халқы

өңдеу

Павлодар қаласы халқының саны[3]

1897 1959 1970 1979 1989 1991 1999 2004 2005 2006
7738 90 096 187 070 272 895 330 748 342 500 300 503 286 538 291 408 295 696
2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016
300 226 303 955 317 289 320 362 322 037 322 305 325 465 329 839 332 771 335 185

Тұрғындар саны — 333 479 адам (1 қаңтар 2012 ж. бойынша), бірнеше ауылдық аймақтарындағы тұрғындарымен қоса 360 502 адам (1 қаңтар 2020 жылғы санақ бойынша).

2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша халқының саны (1999, 2009, 2021)[4][5]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
300503 317289 333190 105 143917 153842 106,9 173372 179348 103,4

Ұлттық құрамы (1 қаңтар 2020 ж. бойынша):

 
Қала орталығына көрініс

Экономика

өңдеу

Павлодарда 8 жүйе құраушы кәсіпорын жұмыс істейді: «Қазақстаналюминий» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ПавлодарЭнерго» АҚ, «Қазэнергокабель» АҚ, «Каустик» АҚ (химия зауыты), «KSP Steel» ЖШС ПФ, «Кастинг» ЖШС ПФ. Сондай-ақ, экспортқа бағдарланған болат және жіксіз құбырлар шығаратын металлургиялық кәсіпорындар, мұнай өңдеу, кокс шығару, электр, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру жөніндегі кәсіпорындар, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары жұмыс істейді.

Қаланың солтүстік бөлігінде инвестициялық жобаларды дамыту үшін «Павлодар» АЭА инфрақұрылымының толық кешені бар қазіргі заманғы инвестициялық алаң құрылды.

Өнеркәсібі

өңдеу

Павлодардың қазіргі өнеркәсібінің қалыптасуына шетелдік және республикалық маңызы бар машина жасау мен металл өңдеу, түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, энергетика, құрылыс материалдары салалары күшті ықпал етуде. Өнеркәсіп кәсіпорындары тиісінше бірнеше акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге біріккен. Электр қуатын өндіру саласында құрамында Екібастұз көміріне негізделген қуатты 3 ЖЭС және ЖЭО жұмыс істейді. Машина жасау мен металл өңдеу саласы трактор, арнаулы құрал-саймандар, кеме және автомобиль жөндеу зауыттарынан, түсті металлургия Торғай бокситі негізінде жұмыс істейтін алюминий зауытынан, мұнай өңдеу өнеркәсібі Омбы қаласынан (Ресей) тартылған ұзындығы 400 км мұнай құбыры негізінде жұмыс істейтін мұнай-химия зауытынан, химия өнеркәсібі 1965 жылдан бастап тұз байланатын көлдер негізінде тыңайтқыштар шығаратын химия зауытынан, құрылыс материалдары өнеркәсібі бірнеше құрылыс басқармалары мен комбинаттарынан тұратын “Павлодаржилстрой” тресінен, кірпіш, асфальт-бетон шығаратын кәсіпорындарынан, тамақ өнеркәсібі ет, сүт, ұн-жарма, нан, арақ-шарап, сыра, сусындар және балық кәсіпорындарынан, жеңіл өнеркәсіп саласы екі тігін фабрикасынан және хром зауытынан тұрады. Сырттан әкелінетін шикізат негізінде жиһаз фабрикасы мен картон-рубероид зауыты жұмыс істейді.

Мәдениет және спорт

өңдеу

Павлодар қаласының барлық тұрғындары үшін ерекше мақтаныш және сүйікті демалыс орны Ертіс өзенінің жағалауы болып табылады, ол жағалау бойы 6 километрге созылды. Павлодар жағалауы табиғи рельефті ескере отырып, террассалық принцип бойынша салынған, соның арқасында барлық жерлерден өзен мен Ертіс өзенінің жайылмаға көркем көрінісі ашылады.

Қаланың қазіргі келбетіне дәстүрлі сәулет стилінің элементтері енеді. Мәшһүр Жүсіп мешіті пен Благовещенский кафедралды соборы, ал Бас Поштадағы мұнаралы сағат осы күнге дейін қаланың визит карточкасы болып саналады.

 
Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театры
 
Бас Поштадағы мұнаралы сағат

Павлодар қаласының мәдени өмірі де бай және сан түрлі. Қалада 7 мәдениет сарайы мен үйлері, 2 драма театры (А. П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры, Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры), 13 кітапхана, 9 мұражай бар, олардың ішінде Павлодар Ертіс өңірінің тарихи маржаны — Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы, Бұқар жырау атындағы әдебиет мұражайы, Н. Шафердің жеке коллекциясы негізінде құрылған Қазақстандағы жалғыз мұражай-үйі, онда 25 мың музыкалық пластиналар жинақталған. 2019 жылы Павлодарда елімізде теңдесі жоқ «Ertis» жаратылыстану ғылымдарының мультимедиялық мұражайы ашылды.

Сондай-ақ, қалада И. Байзақов атындағы облыстағы жалғыз филармония орналасқан, оған Р. Омаров атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, джаз оркестрі, камералық хор, халық аспаптар ансамблі және т. б. кіреді.

Апта сайын жазғы кезеңде қала тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті орнына айналған  open air «Ertis promenade» фестивалі өтуде. Бұл үшін Орталық жағалаудағы төменгі қабатта әр түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін сахна орнатылған, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Павлодар мен спорттық өмірімен де белгілі. Қалада 4 стадион, 12 бассейн, олардың ішінде облыстағы жалғыз 50 метрлік «Ertis Olympic» олимпиадалық бассейні, 142 спорт залы, 3 шаңғы базасы бар. Павлодар қаласының солтүстік бөлігінде «Sport city» спорт қалашығының құрылысы басталды, 2019 жылы толық өлшемді жабық футбол манежі пайдалануға берілді, Мұз аренасының құрылысы аяқталуда. Павлодарлықтар өз жерлестерінің жетістіктерін мақтан тұтады, олар қала атынан түрлі жарыстарда, республикалық және халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, чемпион және жүлдегер атануда. Павлодар қаласының спорттық мақтанышы – «Ертіс» футбол командасы Қазақстан чемпионатының бес дүркін иегері.

Оқу орындары

өңдеу

Мұнда мемлекеттік 3 жоғарғы оқу орны бар:

Туризм

өңдеу

Қаланың туристік әлеуеті 1913 жылы ашылған Мойылды шипажайымен ерекшеленеді. Шипажай Мойылды көлінің жанында орналасқан, ол жергілікті тұрғындар мен жақын өңірлердің арасында танымал.

Сондай-ақ, 1928 жылы ашылған неогенды жануарлардың ең ірі жерлеу орны болып табылатын «Қаз қонақ» табиғаттың бірегей палеонтологиялық ескерткіші болып табылады. 2019 жылы белгілі ескерткіш орналасқан жерде ашық аспан астындағы мұражай ашылды, миллиондаған жыл бұрын мекендеген жануарлардың көлемді мүсіндері орнатылды. Қаланың тарихи бөлігі де назар аудартады, онда XIX-XX ғасырдың ғимараттары сақталған, бүгінде жергілікті маңызы бар сәулет және тарих ескерткіштері болып табылады. Олардың ішінде 1899 жылы салынған Г. Потанин атындағы Тарихи-өлкетану музейі, 1897 жылы салынған Бұқар Жырау атындағы Әдебиет және өнер музейі, 1905 жылы салынған «Ақ-мешіт» мешіттін ғимараты т.б.

Денсаулық сақтау мекемелері

өңдеу

Денсаулық сақтау мекемелерінен:

  • 13 аурухана мен диспансер;
  • 4 емхана;
  • 3 фельдш.-акушерлік амбулатория бар;
  • 9 фельдшерлық пункт;
  • 23 отбасылық-дәрігерлік амбулатория бар.

[6]

Бауырлас қалалары

өңдеу

Ономастика сұрақтары

өңдеу

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік жариялағаннан кейін елімізде даңқты тарихи тұлғалардың, қазақ мемлекетінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткерлерінің есімдерін халық жадында жаңғыртуға, сондай-ақ әртүрлі этностар өкілдеріне қазақ халқының тарихи қайраткерлерін жақынырақ тануға және қазақстандық қоғамда өзара келісімді нығайтуға бағытталған идеологиялық ескірген атауларды қайта атау бойынша жұмыстар дәйекті түрде жүргізілді.

Павлодар қаласының атын өзгерту мәселесі жиі талқыланады. Бірқатар қоғамдық бірлестіктер, бастамашыл топтар қаланы Кереку, Кимак, Сарыарқа және т. б. деп қайта атау туралы әртүрлі пікір білдірді. 2020 жылы Павлодар қаласын Ертіс қаласы деп қайта атау туралы мәселені қарастыру туралы ұсыныс түсті. Соңғы талқыланған нұсқалардың қатарында Ертіс-Баян және Ертісті.

Қазіргі уақытта атауды өзгерту мәселесі ресми түрде қаралмайды.

Айта кету керек, 1962 жылы Павлодар билігі Павлодар қаласының атауын Хрющевоград деп өзгертуге бастамашы болды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың араласуынан кейінгі бастама сәтсіз болды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде "Бұл шаруа кешенді және дәйекті түрде бір орталықтан атқарылуға тиіс. Ономастика бұл –  ата-бабаларымызға байланысты я белгілі тұлғалардың туысқандарының ісі емес. Бұл – мемлекеттің шаруасы. Осы саладағы барлық рәсімдерді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі керек" - деп айтты.

Павлодар қаласының суреттері

өңдеу

Сыртқы сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу