Парсы тілі,[1][2][3][4][5][6]Үнді-Еуропа тілдік әулеті иран тобының оңтүстік-батыс тармағына жатады. Иран Ислам Республикасының ресми тілі. Орта ғасырларда әдеби тіл ретінде Иранмен шекаралас жатқан Ауғанстанға, Орталық Азияның кей өңірлеріне, Үндістан мен Әзербайжанға тарады. Парсы тілі тарихы көне, орта, жаңа болып үш дәуірге бөлінеді. Қазіргі парсы тілі көне парсы (жазба ескерткіштері б.з.б. 6 – 4 ғасырлардан белгілі), орта парсы (III–VII ғасырлар), классикалық кезеңдегі жаңа парсы (VII–XV ғасырлар) тілдерінің заңды жалғасы. Классикалық парсы тілінің базасында туысқан тәжік және дархи тілдері дамыды (айырмашылықтары XVI–XVII ғасырларда басталды). Сондықтан классикалық парсы тіліндегі әдеби мұра Ауғанстан, Тәжікстан және Иран халықтарына ортақ болып табылады. Парсы тілі бай жазба дәстүрге ие дүние жүзіндегі ежелгі тілдердің бірі. Бұл тілдегі жазба ескерткіштердің 2500 жылдан астам тарихы бар. Парсы тілі бірнеше диалектіге бөлінеді, әдеби тілі тегеран диалектісі негізінде жасалған. Фонетикалық ерекшеліктері 6 монофтонг, 2 дифтонг, 23 дауыссыз фонеманың болуымен, тіл арты (фарингаль), көмей (увуляр) дыбыстардың сақталуымен айқындалады. Сөз басында дауыссыздар қатар келмейді, екпін сөздің соңғы буынына түседі. Есімдер септелмейді, род категориясы жоқ. Күрделі етістіктің есімді тіркесі мен аналитикалық тәсілі жиі қолданылады. Араб, түркі тілдерінің сөздері көп кездеспегенімен, 19 ғасырдан француз, ағылшын, орыс тілдерінен енген сөздер жеткілікті. Жазуы араб әліпбиіне негізделген.

Сурет
Елдер:

Классификация
Санаты:

???

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

пер 535

ISO 639-1:

fa

ISO 639-2:

fas және per

ISO 639-3:

fas

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Дереккөздер

өңдеу
  1. Пейсиков Л. С., Вопросы синтаксиса персидского языка, М., 1963
  2. Гаприндашвили Ш. Г., Гиуанашвили Дж. Ш., Фонетика персидского языка, Тбилиси, 1964
  3. Оранский И. М., Введение в иранскую филологию, М., 1988
  4. Оңдасынов Н., Парсыша-қазақша сөздік, А., 1974
  5. Рүстемов Л., Парсы тілінің ізашары, Тегеран, 1994
  6. Рубинчик Ю. Л., Грамматика современного персидского языка, М., 2000