Тверь облысындағы әуе апаты (2023)
2023 жылғы Тверь облысындағы әуе апаты — 23 тамыз күні Тверь облысындағы Куженкино кентінің маңында орын алған Embraer Legacy бизнес-джетінің құлауы.[1] Росавиация Telegram арқылы жолаушылар тізімінде Вагнер тобының екі жетекшісі Евгений Пригожин мен Дмитрий Уткин болғанын растады.[2][3]
2023 жылғы Тверь облысындағы әуе апаты | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Дата |
23 тамыз 2023 жыл |
Уақыты |
18:40 МСК[1] |
Апат орны | |
Қайтыс болғандар |
10[1] |
Әуе кемесі | |
Модель |
Embraer Legacy 600 |
Ұшып шыққан пункті | |
Келу пункті | |
Борттық нөмір |
RA-02795 |
Жолаушылар |
7 |
Экипаж саны |
3[1] |
Тірі қалғандар |
0 |
Ұшақ
өңдеуАпатқа ұшыраған ұшақ — Бразилияда жасалған Embraer Legacy 600 бизнес-джеті (нөмірі RA-02795).[4] Апат кезінде ұшақтың құрастырылғанына 16 жыл болған.[5]
2020 жылдың қыркүйегінде ұшақ Вагнер ЖӘК иелігіне көшкен.[1] Росавиация хабарлауынша ұшақтың иегері «МНТ-Аэро» ЖШС болған.[5]
Барысы
өңдеу2023 жылдың 23 тамызында RA-02795 нөмірі бар Embraer Legacy 600 ұшағы сағат 18:11-де (МСК) Тверь облысының Бологовский ауданының маңында радарда жоқ болды. Ұшақ сол жылы Ресей үкіметіне қарсы сәтсіз көтеріліс ұйымдастырған Евгений Пригожинның иелігінде болған екені белгілі.[3]
Көп ұзамай ұшақтың Куженкино кентінің маңында құлағаны белгілі болды. «ВЧК-ОГПУ» Telegram арнасының хабарлауынша, апат кезінде аспанда екі жарылыс орын алған.[3] «Вёрстка» хабарлауынша Куженкино маңында Ресей президенті Путин резиденцияларының бірі бар және ұшақ құлаған жерден шамамен 50 шақырым жерде 42-зениттік-зымырандық полктің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері және «Хотилово» әскери әуе базасы орналасқан.[6]
Пригожинның ұшағымен қатар «вагнерліктердің» екінші ұшағы болды. Ол Санкт-Петербургке қонды, содан кейін Мәскеуге оралды.[7]
Жолаушылары мен экипажы
өңдеуТүрлі дереккөздер хабарлауынша ұшақ бортында болған 10 адамның барлығы да қайтыс болды, соның ішінде 7 жолаушы және 3 экипаж мүшесі болған.[1] Росавиация хабарлауынша жолаушылар:[2][3]
- Евгений Викторович Пригожин — ресейлік олигарх, кәсіпкер,[8] Вагнер ЖӘК негіздеушісі және жетекшісі, 2023 жылғы үкіметке қарсы көтерілістің басты тұлғасы;[9]
- Дмитрий Валерьевич Уткин (лақап аты — «Вагнер»[10]) — запастағы подполковник, Вагнер ЖӘК негіздеушілерінің бірі, Пригожинның орынбасары;[3]
- Валерий Чекалов — бұрынғы бизнесмен, Пригожинның ЖӘК басшылығындағы орынбасары;[10]
- Евгений Макарян — Вагнер ЖӘК жауынгері, украиналық «Бітімгер» сайтының тізімінде табылған;[11]
- Александр Тотмин — Вагнер ЖӘК жауынгері, украиналық «Бітімгер» сайтының хабарлауынша Суданда соғысқан;[11]
- Сергей Пропустин — Вагнер ЖӘК жауынгері, барлаушы гранатомет, украиналық «Бітімгер» сайтының тізімдерінде бар;[11]
- Николай Матусеев жайлы туралы мәлімет табылмады, ЖӘК басшылығының личная охрана болған деген болжам бар.[10]
Экипаж мүшелері болғандар:[10][11]
- Алексей Левшин — командир;
- Рүстем Кәрімов — екінші пилот;
- Кристина Распопова — аспансерік, бортта болған жалғыз әйел.
Тергеу барысы
өңдеу2023 жылдың 23 тамызында Ресейдің Тергеу комитеті әуе кемесін пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 263-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.[5] Марқұмдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Реакция
өңдеуАпат жайлы Кремльден де, Путиннен де реакция бірден шыққан жоқ, оқиға туралы хабар шыққан кезде Путин Курск шайқасының 80 жылдығына арналған іс-шарада болған.[12] Бірқатар әскери Telegram арнасы ұшақтың зымыранмен құлағанын Путинның кек алуы деп болжады. Маргарита Симонян «ең айқын нұсқаға сүйенетінін» айтты, бұл сөзімен қасақана құлатуды меңзейтіні белгілі.[13]
Пригожинның өлімі туралы хабарға жауап ретінде Америка Құрама Штаттарының шенеуніктері, соның ішінде Америка Құрама Штаттарының Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Адриен Уотсон мен президент Джо Байден бұл «күтпеген жағдай» болмағанын айтты. Байден «Ресейде Путин ұйымдастырмаған көп нәрсе жоқ, бірақ мен жеткілікті мәліметті білмегендінімнен білмеймін» деп қосты.[14]
Украина президенті Володимир Зеленськийдың кеңесшісі Михайло Подоляк Пригожиннің өлімін «демонстрациялық жою» және Путиннің 2024 жылғы президент сайлауы алдында Ресей элитасына опасыздыққа қарсы сигналы деп атады.[15]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ a b c d e f В разбившемся в Тверской области самолете среди пассажиров значится Евгений Пригожин (орыс.). Коммерсантъ (23 августа 2023). Тексерілді, 24 тамыз 2023.
- ↑ a b Росавиация. Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 тамыз 2023. Тексерілді, 23 тамыз 2023.
- ↑ a b c d e ИВАНОВА, Александра Крушение самолета Евгения Пригожина: что известно (орыс.). Неміс толқыны (24 августа 2023). Тексерілді, 24 тамыз 2023.
- ↑ RA-02795 WAGNER GROUP EMBRAER ERJ-135 (ағыл.). Тексерілді, 24 тамыз 2023.
- ↑ a b c Что известно о крушении самолета, пассажиром которого числится Евгений Пригожин (орыс.). Коммерсантъ (23 августа 2023). Тексерілді, 24 тамыз 2023.
- ↑ ПВО в 50 километрах от места падения, подарочное вино и взрывы в воздухе. Что известно о крушении самолёта Евгения Пригожина (орыс.). Вёрстка Telegram (24 августа 2023). Тексерілді, 24 тамыз 2023.
- ↑ STEPANENKO Kateryna, BAILEY Riley, WOLKOV Nicole, EVANS Angelica, MAPPES Grace және KAGAN Frederick W. RUSSIAN OFFENSIVE CAMPAIGN ASSESSMENT, AUGUST 23, 2023 (ағыл.). Соғыс зерттеу институты (24 August 2023). Тексерілді, 24 тамыз 2023.
- ↑ ЖҰМАДІЛЛӘ, Нұрила Евгений Пригожин кім?: «Путиннің аспазы» қызметінен «қарсыласқа» дейін (ФОТО, ВИДЕО) (қаз.). бүгін.kz (24 маусым 2023). Тексерілді, 26 маусым 2023.
- ↑ ЭККЕЛЬ, Майк Қымбат мейрамханадан қарулы бүлікке дейін. Евгений Пригожин деген кім? (қаз.). Азаттық радиосы (25 маусым 2023). Тексерілді, 26 маусым 2023.
- ↑ a b c d ВИНОГРАДОВА, Евгения Правая рука Пригожина, личная охрана и оператор: кто находился на разбившемся самолете с главой ЧВК «Вагнер» (орыс.). Starhit.ru (24 августа 2023). Тексерілді, 24 тамыз 2023.
- ↑ a b c d Росавиация назвала летевших с Пригожиным пассажиров (орыс.). РБК (23 августа 2023). Тексерілді, 24 тамыз 2023.
- ↑ Plane carrying Yevgeny Prigozhin crashes in Russia (ағыл.). The Moscow Times (24 August 2023). Тексерілді, 24 тамыз 2023.
- ↑ Yevgeny Prigozhin onboard plane in fatal crash, says Russia (ағыл.). The Guardian (24 August 2023). Тексерілді, 24 тамыз 2023.
- ↑ Wagner boss Yevgeny Prigozhin ‘on board’ jet that crashed in Russia (ағыл.). Әл Жазира (23 August 2023). Тексерілді, 24 тамыз 2023.
- ↑ Global reaction to possible death of Wagner chief Yevgeny Prigozhin (ағыл.). Әл Жазира (23 August 2023). Тексерілді, 24 тамыз 2023.