Өзін-өзі басқару субъектісінің идентификациялық коды

Өзін-өзі басқару субъектісінің идентификациялық коды (нем. Amtlicher Gemeindeschlüssel) — кейбір мемлекеттерде өзін-өзі басқару субъектісін сейкестендіру үшін қолданылатын сандық код (Германия, Австрия, Швейцария).

Сондай-ақ аймақтарды сәйкестендіру үшін басқа да жүйелер бар (пошта индексі, NUTS).

Германияда

өңдеу

Германияда идентификациялық кодтар негізінде статистикалау мақсатында қолданылады. Оларды үйлестіру жұмысымен федералды жерлердің статистика мекемелері айналысады.

Құрылымы

өңдеу

Германияда идентификациялық код 8 саннан тұрады. Алдыңғы 2 сан — жерін, ал үшіншісі — әкімшілік округін білдіреді. Әкімшілік округтері жоқ жерлердің 3-ші саны 0 болады (бұл институтты жақында жапқан Рейнланд-Пфальц, Саксония-Анхальт және Төменгі Саксония жерлерінен басқа). 4-ші және 5-ші сандар сәйкесінше округі мен қаласын, ал 6-шы, 7-ші, 8-ші сандар — жергілікті өзін-өзі басқару субъектісін білдіреді.

Үлгілер

өңдеу

08 1 11 000 — Штутгарт

  • 08 — Баден-Вюртемберг жері
  • 1 — Штутгарт әкімшілік окугі
  • 11 — Штутгарт жер басқармасының қаласы
  • 000 — (жер басқармасының қаласы ретінде Штутгарттің кейінгі бөліністері жоқ)

05 1 58 004 — Эркрат

Федералды жерлер

өңдеу

Федералды жерлер солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасуына байланысты нөмірленген (1—9), хронологиялық ретте Германия федералды республикасына қосылады (10) және қалғандары әліпби бойынша (11—16).

Сілтеме

өңдеу


Тағы қараңыз

өңдеу