Ибн Фадлан
Ибн Фадлан
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Деректері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]X ғасырдың басында Батыс Қазақстан жерімен араб саяхатшысы ибн Фадлан жүріп өткен . Ол Бағдаттан шығып , Еділ өзені жаіалауынан Бұлғар хандығына жол салды . Бұл жол Үстірт арқылы Жем , өзендерінің бойымен өтіп , Поволжьеге әкелді . Одан әрі Еділ бойымен жалғасты . Ибн Фадлан түркі тілдес оғыз тайпаларының , печенег және башқұрттардың этнографиясы , рухани мәдениеті мен тыныс-тіршілігі жайлы бағалы да таптырмас деректер жинады . Осы еңбектері арқылы біз X ғасыр басындағы түркі тайпаларының тарихымен біршама таныстық . Ибн Фадлан оғыздарды бай көшпенді малшылар ретінде сипаттайды . Олардың кейбіреулерінде 100 мың қойы , енді біреулерінде 10 мың жылқысыболған . Оғыздардың бабалар аруағына , Тәңірге табынған . Үйленер алдында қалың малға түйе , жылқы және ұсақ малдар төлеген деп баяндайды .
Таң қалдырған нәрсе
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Түрік мергендерінің ат үстінде шауып бара жатып ұшкан қазды атып түсіруі араб саяхатшысын таң қалдырған .