Петр Яковлевич Чаадаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Петр Яковлевич Чаадаев

Петр Яковлевич Чаадаев (1794-1856) - орыс жазушысы, философы, қоғам кайраткері. Орыс діни философияның негізін қалаушы. Чаадаевтың ғылыми-творчествалық кызметін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: бірінші 1828 жылға дейінгі декабристік, екінші «Философиялық хаттар» циклін аяқтау (1836), үшіншісі өмірінің ақырына дейінгі кезеңдер.

Ежелгі, Чаадаевтердің дворяндық отбасында дүниеге келген, нағашылары жағынан академик, тарихшы, 7 томдық «Ресей тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін» еңбегінің авторы М. М. Щербатовтың немересі. Тым ерте жетім қалды – әкелі ол туғаннан соң бір жылдан соң, анасы 1797 жылы қайтыс болды. Оны және оның үлкен ағасы Михаилды, кішкентай кездерінде, Нижегород губерниясынан Мәскеуге княжна Анна Михайловна Щербатова алып кетті. Чаадаевтердің күтушісі болып олардың ағасы - — князь Д. М. Щербатов болды, Чаадаев оның үйнде өзінің алғашқы білімін алды. 1807—1811 жылдары Мәскеу университетінде оқыды, А. С. Грибоедов және болашақ декабристтер Н. И. Тургенев, И. Д. Якушкин, А. С. Пушкин сияқты тұлғалармен дос болған.

Жеке тұлғасының мінездемесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Чаадаев «Философиялық хаттарын» жариялағанға дейін де қоғамда танымал тұлға болды.

1829—1831 жылдары өзінің басты шығармасын жазады— «Философиялық хаттар». Олардың бірі «Телескоп» журналында 1836 жылы басылып шықты. бұл шығармадан соң басшылық бірден қанағаттанбайды, себебі ол Ресейдің «әлемдік адам тәрбиесінен алшақтатылғандығы» туралы жазады. Журнал жабылып, Надеждин баспагері айдауға жіберіліп, Чаадаевты — «алжыған» деп жариялады.

Н. Н. Раевского-үлкеннің қызы Екатерина оны (шамамен1817 жылы), ең әйгілі, шүбәсіз, талассыз, Петербургтегі барлық жастардың арасындағы ең жарқын тұлға болды деп сипаттайды. Білімділігімен қатар ол өте тәрбиелі, жағымды мінезді болатын (М.Жихарев сөзері бойынша). Оның достығын іздеп, достығымен мақтанатын. 1819 жылы Пушкин олмен Евгений Онегинді салыстырады, себебі өзінің батырын сол сияқты сипаттағысы келеді: «Екінші Чадаев, менің Евгенийім…». Оның дұшпаны болған Вигель оны «генийлікке таласқан жасөспірімдердің алғашқысы» деп сипаттаған.

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Чаадаевтің шығармашылығын түсіну үшін оның жеке тұлғасының басынан өткен дағдарыстарын есепке алу керек. «1823-ші жылдарға дейін Чаадаевте ең алғашқы рухани дағдарыс кезең болды - діни жағына қарай. Чаадаев, бұған дейін онсыз да көп оқыған мистикалық әдебиетке қызығып кетеді. Оған Юнг-Штиллинг шығармалары қатты ықпал етті. Оның денсаулығы тым қатты рухани қысымдылықтан қозғалып кетіп, оған денсаулығын қалпына келтіру үшін шетелге кетуге тура келді. Ол жақта1826-шы жылға дейін болды. (бұл оны өлімнен құтқарып қалды, себебі ол әйгілі декабристтермен жақындасты). Шетелден оралған кезінде Чаадаев тұтқындалып кетті, бірақ аз уақытта бостандыққа шығып, Мәскеуге қайтып келді. Бұл жерде ол өзінің екінші дағдарысын басынан өткізді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• Бердяев Н. А. Русская идея. — СПб.: Азбука-классика, 2008. ISBN 978-5-91181-819-7 (Особенно Глава II).

• Гершенсон М. О. Грибоедовская Москва. Чаадаев. Очерки прошлого. — М.: Изд-во МГУ, 1989.

• Лазарев В. В. Чаадаев. — М.: Юридическая литература, 1986. — 112 с. — (Из истории политической и правовой мысли). — 25 000 экз.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1