Стиенг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Стиенг
Бүкіл халықтың саны

85 000

Ең көп таралған аймақтар
 Вьетнам

60 000

 Камбоджа

25 000

Тілдері

стиенг тілі, вьетнам тілі

Діні

дәстүрлі сенімдер

Стиенг — Оңтүстік-Шығыс Азияда Вьетнамның таулы аймақтарында, сондай-ақ Камбоджада тұратын халық.[1][2] Жалпы саны 85 мың адам. Вьетнамда 60 мың адам, Камбоджада 25 мың адам.[3] Негізгі субэтникалық топтары: було және будех.

Стиенг тілі аустроазиат тілдердің мон-кхмер тармағына жатады (Бахнар тармағы).[4] Вьетнам және кхмер тілдері кеңінен таралған.

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[5]

Олар егіншілікпен (күріш, жүгері, көкөністер), терушілікпен, балық аулаумен және аңшылықпен айналысады. Тұрмыстық қолөнер дамыған - тоқу, тоқымашылық, ұсталық, қыш бұйымдарын жасау т.б.[6]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жаңа мекеннің құрылысына, сондай-ақ балалардың дүниеге келуіне және ата-бабаларына табынуға байланысты тыйым салу жүйесі бар. Ауылдық қауым – сайланған басшысы мен ақсақалдар кеңесі бар бір немесе бірнеше ұзын үйлерден тұратын ауыл. Отбасы шағын, патриархалдық. Негізгі мерекелер: Жаңа жыл және жаңа күріш мерекесі. Фольклоры эпос, миф, этногенетикалық аңыздар, ертегілер арқылы бейнеленген.

Екі типті тұрғын үйлері бар: қадалы және жер үсті, тікбұрышты, шатыры бар.

Ерлер жамбасты жауып тұратын мата кесіндісі, әйелдер белдемше киеді. Көптеген білезіктер, алқалар, піл сүйегінен жасалған сырғалар кең таралған. Тістерді аралау және қаралау, татуировка жасау әдет-ғұрыптары сақталған.

Дәстүрлі тағамдарға - күріш, көкөністер, балық және ет жатады, негізгі сусын - күріш сырасы.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]