Фашизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Фашизм құрбандары,Коссут Лайос көшесі 5-7.

Фашизм (лат. fascismo, fascio – диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі) — 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы.

Фашизмге тән белгілер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

билікті сакрализациялау, мемлекеттің, оның диктаторлық функцияларының қызметінің күшеюі,

Италияда фашистік партия Б. Муссолинидің басшылығымен билікке 1922 жылда келді, Германияда ҰСЖП (ұлтшыл-социалистік жұмысшы партиясы) 1933 жылы сайлауда жеңіп шықты. Елде қанды қырғынмен лаңкестік диктатура орнатқан А.Гитлер Рейхсканцлер болды. Фашизмнің германдық түрі шектен шыққан ұлтшылдығы мен расизмге орай, нацизм деп аталады. Кейінірек фашистік немесе квазифашистік тәртіптер әлемнің басқа да елдерінде пайда болды.

Германияда агрессивті фашизмнің салтанат құруы (нацизмнің), сондай-ақ Ресейдегі (КСРО) агрессивті "социалистік" ("коммунистік") тәртіптің орнығуы Еуропаны және бүкіл әлемді соғысқа жетеледі. Соғыс 1939 жылы күзде басталды, 1945 жылы күзінде антифашистік коалиции күштерінің жеңісімен аяқталды. Фашизм мемлекеттік және әскери күш ретінде талқандалды. Герман фашизмінің (нацизмінің) аса қасіретті қылмысының бірі 6 млн. еуропалық еврейлерді қырғынға ұшыратуы болды (холокост).

Фашистік идеология өміршең болып шықты, оның жаңғырығы бүгінгі XXI ғасырда да әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында қылаң беруде. Бірқатар елдерде заңдастырылған немесе жартылай занды азшылық, бірақ едәуір елеулі ұлтшылдық, фашистік немесе квазифашистік тұрғыдағы жастар бірлестіктері байқалуда. Бұл қозғалыстардың бір идеологтары "уақыт сынынан өткен" ұлтшылдық, этникалық артықшылық, ксенофобия идеяларына сүйенсе, енді біреулері этникалық геосаясаттың күні өткен идеяларымен қаруланған, үшіншілері күн өткен сайын үдеп келе жатқан жаһандануға қар- сылар қатарын толықтыруға дайын.[1][2]

Қазіргі кезде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Грекиядағы Ұлы рецессия мен экономикалық дағдарыстың басталуынан кейін неонацистік партия деп саналатын «Golden Dawn» деп аталатын қозғалыс азшылықтарға, заңсыз иммигранттар мен босқындарға қарсы тұрақты дұшпандылықты сақтай отырып, грек парламентінде орын алу үшін күңгірттен шықты.

Көптеген сарапшылар Владимир Путиннің Ресей режимін фашизммен салыстырды. Осылайша, 2022 жылдың наурызында американдық саясаттанушы Александр Мотыль «Путиннің Украинаға әсери кіруі» «фашизм» терминінің Ресейге қатысты қолданылуын міндетті түрде қайта қарау қажет деп есептейді деп жазды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  2. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том