Цианкобаламин
Цианокобаламин, В12 витамині, С63Н90О14,N14РСо — қанның азаюына қарсы қолданылатын, суда жақсы еритін витамин, молек. массасы 1357,39. Цианокобаламин — кобальт, тотықсызданған 4 пиррол, циан тобы және нуклеотид қалдығынан (5,6 диметилбензимидазолэ) құралған кешенді қосылыс. Нуклеотид қалдығы ақуызбен жалғасқан. Цианокобаламин қызыл күрең кристалдар, суда, спиртте, фенолда, кіші молекулалы органик. қышқылдарда жақсы ериді, ал эфир, ацетон, бензол, хлороформда ерімейді. 300°С температура шамасында балқымай ыдырайды, күн сәулесінің ұзақ әсерінен де бұзылады.
Витаминның көздерi
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Цианокобаламиннің табиғи және синтездік анологтары (комбаламиндер) белгілі, бірақ бұлардың активтілігі Цианокобаламиннен кем, кейбіреуі Цианокобаламинге қарсы әсер етеді. Цианокобаламинді микроорганизмдердің өсуін үдетеді. Табиғатта Цианокобаламинді микроорганизмдер, оның ішінде актиномицеттер де, қарын, ішек бактериялары да синтездейді. Күйіс малы жеміне хлорлы кобальт қосу Цианокобаламин синтезін үдетеді. Шошқа мен құстың ішек-қарын құрылысы ерекшелігіне байланысты бактериялар синтездейтін Цианокобаламин организмге сіңеді. Цианокобаламин қан мен бауырға, бүйрек пен сүйек майына өтіп, сонда жиналады. Цианокобаламин организмде қан түзілу процесіне қатысады, нуклени қышқылдары мен ақуыз синтезіне көмектеседі, өсімдік ақуызы амин қышқылдарының сіңуін жақсартады, оған липотропты әсер етеді, бір көміртекті топтардың тасымалдану реакцияларына қатысады. Цианокобаламиннің организмде жеткіліксіздігі тәбетті нашарлатады, ас қорытылуы бұзылады, шошқаның өсімталдығын кемітеді, торайлары ұсақ, тіршілік қабілеті нашар болады.
Препараттың қолдануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жемге 80 мкг Цианокобаламин қосу бұл ауытқуларды жояды. Цианокобаламинді өндіріс жағдайында алуда метан және пропион қышқылды ашу бактериялары пайдаланылады. Сиыр сүтінде 3-тен артық мкг/л, қой сүтінде 1,4, ешкі сүтінде 0,3, бие сүтінде 2 — 3 мкг/л витамин В12 болады. Сиыр мен қойға хлорлы кобальтты тұз жалату сүт пен уыздағы Цианокобаламин мөлшерін арттырады. Цианокобаламин кейбір балық, сиыр, шошқа бауырында болады. Адамға тәулігіне 1 — 3 мкг/л Цианокобаламин қажет. Медицинада дәрі ретінде пайдаланылады.
Ciлтемелер :
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Қазақ Энциклопедиясы", 18 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |