Даяршы
Даяршы — қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметшісі. Оның қызметі — клиенттерге қызмет көрсету. Даяршының міндеттері өте қарапайым — келген клиенттердің үстеліне келіп, олардан тапсырыс алу, ас мәзірімен таныстыру және мүмкіншілігінше тез уақытта оларды алып келу болып табылады. Бірақ, әр мекеменің өзінің сан қырлы заңдары болады: белгілі бір униформаны кию, берілген үлгі бойынша үстелдерді безендіру, қойылған әдет бойынша келген клиенттерге жылы қабақ таныту, олардың тілек-талаптарын орындау және т.б. Даяршы болу үшін арнайы курстарды бітіруге болады. Онда қызмет көрсету ережелерін және үстел әзірлеуді үйретеді. Даяршының қызметіне кіретін мыналар:
- келушілердің тапсырыстарын орындау;
- көрсетілген қызметтер үшін төлем алу;
- келушілер кеткеннен кейін үстелдің үстін жинастыру;
- жаңа клиенттердің үстелін дайындау, безендіру.
Даяршыда ыдыс пен табыс үшін материалдық жауапкершілік артады. Табысты жұмыс істеу үшін даяршыға физикалық төзімділігі, іс-қимылдарының үйлесімі, көзбен көру, есте сақтау жүйесі, зейінді дұрыс бөлісу және арифметикалық мүмкіншіліктері болуы керек.
АҚШ-тағы даяршылар еңбегі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Даяршы қызметі (медициналық қызмет көрсету мен білім беру сияқты) қызмет көрсету саласының маңызды бір бөлігі болып табылады және АҚШ-тағы аса дамыған қызметтер қатарына кіреді. Еңбек санақ бюросының 2008 жылдың мамыр айына жүргізген мәліметтері бойынша, АҚШ-та 2,2 млн. адам қоғамдық қызмет көрсету жүйесінде қызмет атқаруда. Көптеген даяршылар жұмысқа қабылдаушылардың талаптары бойынша арнайы униформа киеді.
Қызметтік міндеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Даяршы келесідей қызметтік міндеттерді атқаруы тиіс:
- үстелдерді әзірлеу;
- кір майлықтарды ауыстыру;
- келушілерден тапсырыстар қабылдау, оларға сусындар мен тағамдарды таңдауға көмектесу, тамақтардың дайындалу уақытына қарай оларға бағыт-бағдар беріп отыру;
- тапсырысты орындалу жеріне қарай бармен және аспаз арасында болу;
- үстелге қояр алдында, дайындалған тағамның уақтылы дайындалуы мен жақсы сыртқы бейнесін бақылау;
- тапсырысқа берілген тамақтарды әкелу;
- тапсырыстың жалпы бағасын санап, оны келушіге ұсыну және тапсырыс бойынша барлық есептесуді жүзеге асыру;
- залдағы тазалыққа қарау;
- залды безендіріп, үстелдерді белгілі бір мерекелерге сәйкес әзірлеу;
- ай сайын ыдыстардың барлығын түгендеу.
Құқықтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Даяршының мынадай құқықтары бар:
- басшылықтан материалдық құндылықтарды сақтауға қажетті орынды, өзін арнайы униформамен және барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуді талап етуге құқылы;
- мекеменің басшылығына қызмет көрсетуді жақсартуға байланысты ұсыныстар жасауға құқылы;
- келген клиенттен белгілі бір заңға қайшы іс-әрекеттер жасағандығы үшін қаражат талап етуге құқылы;
- оқыс оқиғалар орын алған кезде, өзінің мәртебесі мүмкіндік беретін іс-шаралар қолданып, мәселені шешуге құқылы, және де ол шешімі мекеменің мақсатына қайшы келмеуі тиіс.
Жауапкершіліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Даяршы төмендегілерге жауапкершіліктері бар:
- уақытында емес немесе шала орындалған қызметі үшін;
- коммерциялық құпия мен мекеменің белгілі бір құпияларын сақтамаған үшін, ережелер мен бұйрықтарды орындамаған үшін;
- қауіпсіздік ережелері мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзған үшін немесе орындамаған үшін[1].
Жұмыс істеу орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қосымша ерекшеліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Даяршылар жақсы табыс табады. Шығуға алатын жалақысымен қатар, олар клиенттерден қалған шайпұлдарды да алады. Бірақ бұл ақша оңай жолмен келген емес. Даяршы, көбінесе, түнгі уақытта және тұрақсыз кесте бойынша жұмыс істейді. Даяршылар күні бойы отырмайды, ал әйелдер, оның үстіне, биік өкшемен жүреді. Ұнамсыз клиенттерге қызмет көрсету үшін өте үлкен шыдамдылық қажет. Әсіресе, клиенттер өздерінің жеке ұнатпаған нәрселерін көрсетіп, әділетсіз айыптаса. Осы қызметтің ең ұнамсыз тосын сыйы — келген клиенттердің ретінде ақша төлемей, тезірек кетіп қалған жағдай. Даяршы өзі қызмет көрсететін барлық клиенттерін есте сақтау тиіс, өйткені олар ақшаларын төлемеген жағдайда барлығына даяршы өз қалтасынан шығаруға мәжбүр болады[2].