Curiosity

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Curiosity
Curiosity

Curiosity (қазақша мағынасы қызығушылық дегенді білдіреді) — Марс бетіндегі Гейл кратерін зерттеуге арналған NASA-ның Марс ғылыми лабороториясы миссиясының аппарты (MSL).

Curiosity қарашаның 26, 2011 жылы Cape Canaveral станциясында сағат 10:02 EST ұшырылып Гейл кратерінің Aeolis Palus деген жерінде тамыздың 6, 2012, 05:17 UTC уақытында сәтті қонады.[1] Қонған орнының координаттары: 4°35′22″ о. е. 137°26′30″ ш. б. / 4.5895° о. е. 137.4417° ш. б. / -4.5895; 137.4417 (G) (O) (Я).

Аппарат мақсаттары мен тапсырмалары: Марс ғаламшарының климатын және геологиясын зерттеу; Гейл кратерінің арнайы телімдерінде бұрын соңды қоршаған ортада (микробиологиялық) тіршілік иелері болды ма, соның ішінде Марстағы су; және адамзаттың болашағы үшін ғаламшараралық тіршілік мүмкіншілігі сияқты сұрақтарға жауап іздеуге көмектесу.

Curiosity's дизайны жоспарланған Марс 2020 миссиясының негізін қалайтын болады. 2012 жылы қараша айында Curiosity-дің екі-жылдық миссиясы белгісіз уақытқа дейін ұзартылды.[2]

Ұшу
модулі
Модуль Mars Science Laboratory траекториясын Жерден Қызыл жұлдықға дейін ұшуын басқарады. Сонымен қатар құрамында ұшуды қолдау және температураны қадағалау құрылғылары да бар. Қызыл жұлдыз атмосферасына кіру барысында ұшу модулі мен түсіру аппараты бір бірінен бөлінеді.
Капсула Капсула атмосфера арқылы түсіру үшін керек. Ол аппаратты ғарыштық кеңістік әсерінен және Қызыл жұлдыз атмосферасына кіру кезіндегі қиыншылықтардан қорғайды. Жоғарғы жағында құлау жылдамдығын азайтуға арналған парашют контейнері бар. Парашют контейнері қасында бірнеше байланыс антенналары бар.
Аспандық кран

Жылуқорғауыш экран мен капсула өз жұмыстарын аяқтаған соң олар аппараттың түсуін жеңілдету мақсатында ажыратылады. Ажыратылғаннан кейін кран аппаратты Қызыл жұлдыз бетіне дәл және жұмсақ қонуды қамтасыз етеді, бұл реактивті қозғалтқыштар есебінен орындалды және радиолокатор көмегімен басқарылады.
«Кьюриосити» аппараты
«Кьюриосити» аталатын аппарат миссияның негізгі бөлігі болып табылады, оның құрамында ғылыми құрылғылар мен маңызды байланыс жүйелері мен қуатпен қамтамасыз ететін құралдар да бар. Ұшу барысында шассиі орын үнемдеу мақсатында жиналады.
Жылуқорғауыш экран
Жылуқорғауыш экран аппаратты Қызыл жұлдыз атмосферасында тежелу барысында аппаратқа әсер ететін жоғары температурадан сақтайды.




Түсірілетін аппарат
Түсірілетін аппарат массасы (ұшу модулімен бірге суретте көрсетілген) 3,3 тонна құрайды. Түсірілетін аппарат Қызыл жұлдыз атмосферасында тежелу кезінде басқарылмалы қауіпсіз төмендеу мен ғаламшар бетіне жұмсақ қону үшін арналған.

Ауқымды суреттер
Curiosity-дің алғашқы 360 градустық түрлі-түсті панорамалық суреті (Тамыздың 8, 2012).[3][4]
Curiosity суреті, Гленелг - маңызды ғылыми нысанасынан шамамен 200 м қашықтықтан (Қыркүйектің 19, 2012).
Curiosity Йеллонайф шығанағындағы «Әжемнің үйінде» - шынайы түс. (24 желтоқсан, 2012).
Curiosity қону эллипсі мен қону алаңы жанындағы Бейбіт Валлис және оған қатысты аллювий желдеткіші (+ белгіледі).
Марстағы "Хотта" тастың шығуы - Curiosity сайтында қаралған ежелгі ағынды (2012 ж. 14 қыркүйек)(close-up) (3-D version).
"Линк" тастың сыртқа шығуы Марс - жердегі өзендік конгломератпен салыстырғанда - судың "күшті" ағып жатқанын ағынды болжайды.
Curiosity Гленелг жолында (26 қыркүйек, 2012 ж.).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. MSL Sol 3 Update. NASA Television (тамыз 8, 2012). Тексерілді, тамыз 9, 2012.
  2. Curiosity's mission extended indefinitely, 3 News NZ (желтоқсан 6, 2012).
  3. Williams, John A 360-degree 'street view' from Mars. PhysOrg (тамыз 15, 2012). Тексерілді, тамыз 16, 2012.
  4. Bodrov, Andrew Mars Panorama - Curiosity rover: Martian solar day 2. 360Cities (September 14, 2012). Тексерілді, 14 қыркүйек 2012.
  5. NASA Rover Finds Old Streambed On Martian Surface. NASA (September 27, 2012). Тексерілді, 28 қыркүйек 2012.
  6. NASA NASA's Curiosity Rover Finds Old Streambed on Mars - video (51:40). NASAtelevision (September 27, 2012). Тексерілді, 28 қыркүйек 2012.
  7. Chang, Alicia Mars rover Curiosity finds signs of ancient stream. AP News (September 27, 2012). Тексерілді, 27 қыркүйек 2012.