Албания парламенті
Албания парламенті алб. Kuvendi i Shqipërisë | |
Мемлекет | |
---|---|
Түрі | |
Түрі | |
Сайлану мерзімі |
4 жыл |
Басшылығы | |
Спикері |
Линдита Николла, СП |
Құрылымы | |
Фракциялары |
Үкімет (75): |
Сайлауы | |
Дауыс беру жүйесі |
Партиялық тізім пропорциялық жүйесі (Д'Ондт тәсілі) |
Соңғы сайлауы | |
Жиналыс залы | |
Штаб-пәтері | |
Тарихы | |
Құрылуы |
27 қаңтар 1920 |
Албания парламенті (алб. Kuvendi i Shqipërisë) — Албания Республикасының азаматтарының бірпалаталы өкілі, Албанияның заң шығарушы билігіне жауапты орган. Парламент 140-тан кем емес мүшеден тұрады және жасырын түрде 4 жыл сайын сайланады.[1] Парламентке оның Спикері жауапты. Әр 12 регионның өзінің сайлау округі, парламенттегі бірнеше депутаты бар.
Парламент, Конституция бойынша, барлық заңдарды шығарады, үкіметтің жұмысын бақылайды, соғыс бастайды, елдің бюджетын анықтайды, оны тексереді, референдум мен сайлау өткізеді және Президентті сайлайды.
Этимологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Кувенди" сөзі албан тілінде ежелден бері келе жатыр. Оның шығу тегі латын "conventus" (адамдардың жиналысы, ассамблея дегенді білдіреді) сөзімен жиі байланыстырылады.
Құқығы, жауапкершілігі және мақсаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Парламент жылына екі рет жиналыс өткізеді. Бірінші сессия Қаңтар айының үшінші дүйсенбісінде және екінші сессия қыркүйек айының бірінші дүйсенбісінде өткізіледі. Алайда, Албания президенті, Премьер-министрі немесе парламенттің өзінің бестен-бірі төтенше жағдайда Парламентті кез келген уақытта жинай алады.[1]
Парламент көпшіліктің дауысы арқылы шешім жасайды. Осыған Конституцияда ерекше шарттар жатпайды, мысалы үлкенірек көпшілікті қажет ететін жағдайлар. Парламенттің тағы қабілеттіктері: Албанияның экономикалық, заңды және саяси қатынастарын өзгерту, Албанияның табиғи және мәдени құндылықтарын сақтау, басқа мемлекеттермен альянстар және ұйымдар құру. Парламент Президентті еш дебатсыз, жасырын дауыс арқылы және бестен-үш көпшілігімен сайлайды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b 1998 CONSTITUTION OF THE REPUBLIC OF ALBANIA (ағыл.). Тексерілді, 30 сәуір 2024.