Ғарышқа ұшқан жануарлар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жануарлар ғарышта болған алғашқы тірі жан иелері болды. Алғашында ғалымдар адам баласы ғарышта ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде өмір сүре алмайды деп ойлады. Сондықтан да салмақсыздықтың тірі жаратылысқа әсерін тексерту үшін олар алдымен жануарларды ғарышқа аттандырды.

Жеміс шіркейлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ең алғашқы ғарышқа ұшырыған жәндіктерге жеміс шіркейлері жатады. Оларды 1947 жылы V-2 зымыраны бортында ұшырды. Зымыран шіркейлерді жүгерісі бар қораппен бірге алып ұшты. Бұл тәжірибенің мақсаты жоғары биіктіктегі радиацияның шіркейлерге әсерін тексеру болды.

Альберт 1,2 және 3.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Альберт 1 мен 2 – ғарышқа ұшырылған екі макака маймыл. Альберт1 1948 жылдың 11 маусымында ұшырылды. Ол Нью-Мехикодағы Аққұмадрдан "V-2 Блоссом" зымыраны бортында ұшырылды. Ол ұшу кезінде тірі қалып, Жерге түскенде соққы әсерінен өлді. Альберт-4 1949 жылдың 12 желтоқсанында ұшырылды. Бұл ең алғашқы сәтті ұшу болып, маймылға ешқандай зиян келген жоқ. Бірақ Альберт-4 соққы әсерінен өлді.

Йорик- ғарышқа ұшыру кезінде тірі қалған ең алғашқы маймыл. Йорик және оған қоса 11 тышқан ғарышқа 1951 жылдың 20 қыркүйегінде ұшырылды.

Ғарыштағы өрмекші торлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алғашқы ғарыштағы өрмекші торлары 1973 жылы Скайлэб бортына соғылды. Бұл торды Арабелла және Анита деген екі еуропалық бақша өрмекшілері жасаған.

Ғарыштағы алғашқы иттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғарышқа иттерді алғаш рет Кеңес Одағы ұшырды. 1951 жыл мен 1952 жылдар арасында тоғыз ит жұптарымен ұшырылды. Үш ит екі реттен ұшқан. Иттер парашютпен қайта оралатын герметикпен бекітілген контейнерлергде болды.

Лайка- орбитаға жеткен ең алғашқы жануар. Оны 1957 жылдың 3 қарашасында Кеңес Одағы әлемнің екінші жасанды серігі – "Спутник-2"-нің бортында ұшырды. Лайка кабинасына телевизиялық камералар мен айналадағы температура мен қысымды өлшейтін сенсорлар орнатылды. Сенсорлар, сонымен қатар Лайканың қан қысымын, тыныс алу жиілігін және жүрек соғысын өлшеп, микрогравитация әсерін зерттеуге арналды.

Сэм және Сэм ханшайым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сэм мен Сэм ханшайым 1959 және 1960 жылдар ұшты. Сэм Меркурий бағдарламасы бойынша "Кіші Джо" бортында ұшып , 85 км биіктікке жетті. Ал Сэм ханшайым "Кіші Джо 1В" бортында ұшырылды. Оның ұшуы қысқа уақыттық болып, тек 13 км биіктікке ұшты.

Эйбл және Бэйкер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Эйбл және Бэйкер- ғарыш снаряды бортындағы биокапсулада ұшырылған екі маймыл. Эйбл-американдық макака болса, Бэйкер перулік тиін тәрізді маймыл болды. Эйбл және Бэйкер – ғарышқа ұшуда тірі қалған ең бірінші маймылдар. Эйбл ұшудан төрт күннен соң медициналық операңия барысында өлді, ал Бэйкер Алабамадағы Ханствиллде АҚШ-тың Ғарыш және Зымыран орталығында өмір сүрді. Ол 1984 жылы өлді.

Хэм-астрономиялық шимпанзе

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хэм ғарышқа ұшырылған алғашқы адам тәрізді маймыл болды. Ол ұшу үшін қысқа тізімге енгізілген 40 шимпанзе ішінен таңдалды. 1961 жылдың 31 қаңтарында ұшырылды. Ұшу 16 минут 39 секундқа созылып, капсула Атлант мұхитына құлады. Хэмді құтқару тобы судан табысты түрде шығарып алды. Хэмнің ұшуы кейін Енос шимпанзе жалғастырды. Енос Жерді сәтті айналып шықты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ғалам. Энциклопедия/Қазақ тіліне аударған Д. Алипбаева. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2012 жыл.