Конкандар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Конкандар
конкни, кокни, конгни
Бүкіл халықтың саны

2,5 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Үндістан

Тілдері

конкан тілі

Діні

христиандық, индуизм, суннизм

Конкандар (өз атауы; конкни, Махараштрада - кокни, Карнатакада - конгни) — Үндістанның солтүстік-батысындағы халық.[1] Жалпы саны 2,5 миллион адам. (2001), оның ішінде шамамен 34%-Гоада, 40%-Карнатакада, 17%-Махараштрада, 3,6%-Кералада тұрады. Сонымен қатар 150 мыңға жуық адам Пәкістанда (Карачи), Парсы шығанағы елдерінде, оңтүстікте және Шығыс Африкада, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Канадада, Австралияда (Мельбурн) т.б. елдерде тұрады.[2]

Олар үнді-еуропалық отбасының үнді-арий тобының конкан тілінде сөйлейді.[3]

Дәни ұстанымдары: христиандар (Гоа, Мангалор), негізінен католиктер, протестанттар да бар. Индуистер (Гоа, Махараштра, Карнатака, Керала), сүнниттік мұсылмандар, (Махараштра, Карнатака).[4]

Конкандар дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығымен айналысады, олардың арасында бұл шаруашылық саласы өте жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығының негізін күріш, жүгері, тары, бидай, бау-бақша және бақша дақылдарын өсіру құрайды. Сонымен қатар мал шаруашылығы да дамыған. Конкандар малды сүті үшін ұстайды. Халық арасында ең көп тараған қолөнер түрлері ағашпен, таспен, піл сүйегімен жұмыс жасау, тоқу, металл өңдеу. Конкандардың кейбірі үйреншікті тіршілігін тастап, қалаға қоныс аударып, өнеркәсіп саласында жұмысқа орналасқан.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылдары ретпен орналасқан. Конкандарға жалпы алғанда, материалдық мәдениеттің жоғары деңгейі тән. Үйлері кірпіштен немесе балшық пен тастан салынған. Тіпті онша бай емес конкандар да берік үйлерде тұрады. Төбесі жабынқышпен жабылған.

18-19 ғасырдың басында қалыптасқан гоан сәулет стилі ерекше: биік іргетастағы, көшеге жабық веранда мен кіреберіспен (балкоин) орындықтармен және ою-өрнекпен безендірілген бағандары бар үйлер. Үйдің орталық бөлігін салтанатты қонақ қабылдауға арналған бөлме (сала) алып жатыр.[6]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Конкандық ер адамдар көйлек, күрте, шалбар немесе оларды ауыстыратын дхоти киеді (төменгі денеге оралған мата жолағы). Басына сәлде киеді. Әйелдер сари киеді (дхотиге ұқсас үнді киімдері).

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі тағамдарға балық, шошқа еті, карри соусы қосылған тауық тағамдары (кокос шырынын пайдаланады) және күріш кіреді.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Әлем халықтары/Конкандар. Тексерілді, 30 тамыз 2024.
  2. Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 30 тамыз 2024.
  3. Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Тексерілді, 30 тамыз 2024.
  4. Конкандар. Тексерілді, 30 тамыз 2024.
  5. Конкан халқы, Үндістан. Тексерілді, 30 тамыз 2024.
  6. Конкандар. Тексерілді, 30 тамыз 2024.
  7. Конкандар. Тексерілді, 30 тамыз 2024.