Ингредиент

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ингредиент (латынша іngredіens – енетін, кіретін) – кейбір күрделі қосылыстар не қоспалардың құрамдас бөлігі.

Биологиядағы ингредиент – қуаң өңірлердің (құрғақ далалы алқаптар мен шөлейтті жерлер) өсімдік жамылғысында уақытша кездесетін өсімдік түрлері. Ингредиент кездейсоқ жағдайда дамиды, яғни өсімдік түрлерін өсімдік жамылғысының арасынан жаңбыр көп жауған ылғалды жылдарда көруге болады. Мысалы, кейбір ингредиент түрлер ылғалды ерте көктемде қажет етсе, кейбір түрлер қара күзде өсімдіктердің вегетациялық кезеңі басталған шақта не оның аяқталар кезінде қажет етеді. Қуаңшылық жылдары ингредиент түрлер мүлдем өспейді. Табиғаттың қолайсыз жағдайында тұқым күйінде ұзақ сақталып, олардың тұқымнан өнгіштігі баяу жүреді. Қара күзде екі жылдық өсімдіктердің жер бетіне өте таяу топталып өскен жапырақтары жетіледі де, ерте көктемде олар гүлдеп жемістенеді. Нағыз ингредиент түрлерге тарбақ арпабас, шалғындық беде, тесік жапырақты шытырмақ, т.б. өсімдіктер жатады. Ингредиент терминін 1910 жылы алғаш рет ғылымға поляк ботанигі Ю.Пачоский (1864 – 1942) енгізген.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том