Салуин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Салуин, Салуэн (тибет. Наг-Чу, қыт. Нуцзян) — Қытай мен Мьянма жеріндегі өзен; ішінара Мьянма мен Таиланд мемлекеттері аралығындағы шекара бойымен ағады. Ұзындығы 3200 км-дей, су жиналатын алабы 325 мың км². Бастауын Тибеттегі Тангла жотасындағы мұздықтардан алады. Юньнань және Шань таулы қыраттарында шоңғалдар мен су құламаларын жасап, терең (1500 — 3000 м-ге дейін) шатқалмен, төменгі ағысында — жағалық жазықпен ағады. Екі тармақтана Андаман теңізіне құяды. Сағасында орташа жылдық су ағымы 6700 м3/с. Суы жазда тасып, деңгейінің маусымдық ауытқуы 15 — 20 м-ден асады. Өзенмен ағаш ағызылады. Төменгі ағысындағы 120 км-дей қашықтықта кеме қатынайды. Сағасында Моламьяйн (Мьянма) теңіз порты орналасқан. [1]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том