Сидней

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Сидней
Sydney
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
250

250

Штат

Жаңа Оңтүстік Уэльс

Тарихы мен географиясы
Координаттары

33°52′10″ о. е. 151°12′30″ ш. б. / 33.86944° о. е. 151.20833° ш. б. / -33.86944; 151.20833 (G) (O) (Я)Координаттар: 33°52′10″ о. е. 151°12′30″ ш. б. / 33.86944° о. е. 151.20833° ш. б. / -33.86944; 151.20833 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1788

Қала статусы

1842

Жер аумағы

12144,6 км²

Климаты

океандық

Уақыт белдеуі

UTC+10

Тұрғындары
Тұрғыны

4 800 000 адам (2012)

Тығыздығы

397,25 адам/км²

Этнохороним

сиднейлық

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+61 2

cityofsydney.nsw.gov.au  (ағыл.)

Сидней картада
Сидней
Сидней

Сидней (ағылш. Sydney) — Аустралияның ең үлкен қаласы, аумағы 12144,6 км² [1], халқы 2012 жылы шамамен 4,8 миллион адамды құрады. Сидней Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының әкімшілік орталығы болып табылады.

Сидней Аустралия құрлығындағы алғашқы еуропалықтар келгелі бері пайда болған алғашқы қала. Қала 1788 жылы құрылған. Англияның сол кездегі Ұлыбританияның колония министрі лорд Сиднейдің құрметіне осы қала Сидней болып атанып кеткен.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сидней - ғарыштан көрініс.

Қала Тынық мұхитының жағалауындағы алапты орналасқан. Шығыс жағынан қала Тынық мұхитының толқындарымен шайқалады, батыс жағында Көкшіл таулар орналасқан, солтүстік жағында—Хоксбери өзені, ал оңтүстік жағында - Корольдік ұлттық паркі орналасқан. Тынық мұхиты жағынан жағалауы көптеген көптеген мүйістер мен шығанақтармен кесілген. Порт Джексон шығанағы - әлемдегі ең ірі табиғи мүйіс болып есептеледі[2].

Қаланың тұрғын аймақтарында 70-тей шағын шығанақтар пен айлақтар бар. Олардың арасындағы ең әйгілісі - оңтүстік жағындағы Бондай-Бич және солтүстіктегі Мэнли айлағы.

Сидней қаласы опера театры, Харбор-Бридж көпірі және көптеген жағалауларымен танымал. Қала Лоуборо университеті санаты бойынша әлемдік бета-класына жатады[3]

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сиднейдің маңызды экономикалық салалары болып, егер сол саладағы жұмыскерлер саны бойынша есептесе, қызмет көрсету саласы, сауда, өндіріс, денсаулық сақтау және коммуналдық қызмет болып табылады[4]. 1980-ші жылдардан бастап жұмысшылар нарығы өндіріс саласынан қызмет көрсету саласына және ақпараттық технологиялар саласына ауыса бастайды. Сидней экономикасы Аустралия экономикасының шамамен 25 пайызын құрайды[5]. Қалада Аустралия құнды қағаздар биржасы (ASX) мен Аустралия резерв банкі, сонымен қатар 90 банктің және елдің жартысынан астам ірі компанияларының бас пәтерлері осында орналасқан. Сидней халықаралық компаниялардың (олардың саны шамамен 500) офистері орналасқан Аустралия бойынша орталығы болып табылады [5]. Аустралияынң он ірі компанияларының төртеуінің бас пәтері Сиднейде (Caltex Australia, Commonwealth Bank, Westpac және Woolworth) орналасқан. Fox Studios Australia компаниясының қалада ірі киностудиясы бар. Сидней фьючерстер биржасы (SFE) осы тектестердің аустралия-тынықмұхит аймағындағы ең ірісі болып табылады. Ол әлем бойынша 12-ші ірі фьючерстік биржа және опциондар айналымы бойынша 19-шы орында[6].

Шет елдерде туған тұрғындар[7]
Ел Халық (2006)
Ұлыбритания 175 166
Қытай 109 142
Жаңа Зеландия 81 064
Вьетнам 62 144
Ливан 54 502
Үндістан 52 975
Филиппины 52 087
Италия 44 563
Гонконг 36 866
Оңтүстік Корея 32 124
Ресей 5364[8]
Украина 4330[8]

2006 жылғы санақтардың мәліметі бойыншы Сиднейде және оның маңында жалпы 4 119 190 адам тұрады, оның ішіндегі 3 641 422-сі қаланың өзінде[9]. Санақтың әліметі бойынша тұрғындардың 1,1%-ы жергілікті аборигендер, 37,7%-ы Аустралияда туылмаған, басқа елдерден миграция жасағандар. Қаланың 18,1%-ы Азия құрлығынан келген мигранттар[10]. Мигранттардың көбісі үш елден келген, олар Ұлыбритания, Қытай және Жаңа Зеландия. Бұл елдерден кейін Вьетнам, Ливан, Үндістан, Италия және Филиппиннан қоныс аударған адамдар[11]. По-русски говорили 13220 человек, 156 из них не ответили на вопрос о своём уровне владения английским[12]. Сидней қаласының тұрғындарының орта жасы — 36 , оның ішінде 15,4% — 65-тен үлкен, 15,2%-нда бакалавр дипломы бар.

Сидней теледидар мұнарасынан көрініс
Порт-Джэксон шығанағы және Сидней

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://web.archive.org/web/20110318192321/http://www.cityofsydney.nsw.gov.au/Environment/documents/web01-GeneralIntroduction.pdf
  2. The Harbour City. Showcase Destinations Sydney, Australia. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 тамыз 2011. Тексерілді, 24 қараша 2008.
  3. Beaverstock, J.V.; Smith, R.G.; Taylor, P.J. Research Bulletin 5: A Roster of World Cities. Globalization and World Cities. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 тамыз 2011. Тексерілді, 23 қараша 2008.
  4. Sydney — Basic Community Profile and Snapshot — 2001 Census. Australian Bureau of Statistics. 2002. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 тамыз 2011. Тексерілді, 23 қараша 2008.
  5. a b City Commerce. City of Sydney Media Centre. Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012. Тексерілді, 23 қараша 2008. Дереккөз қатесі: Invalid <ref> tag; name "sydneymedia" defined multiple times with different content
  6. Overview. Sydney Futures Exchange website. Тексерілді, 3 шілде 2006.
  7. 2006 Census Community Profile Series Мұрағатталған 2 маусымның 2011 жылы.
  8. a b Expanded Community Profile — Sydney _ Sheet X01f(қолжетпейтін сілтеме)
  9. 2006 Census QuickStats Мұрағатталған 2 қыркүйектің 2013 жылы.
  10. Australian Census 2006, Ancestry by Region. Censusdata.abs.gov.au. Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 қаңтар 2013. Тексерілді, 1 маусым 2010.
  11. When diversity means cultural richness. Webdiary. Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 қаңтар 2013. Тексерілді, 1 маусым 2010.
  12. Expanded Community Profile — Sydney _ Sheet X05e(қолжетпейтін сілтеме)