Әли Фатхи Оқиар
Әли Фатхи Оқиар түр. Ali Fethi Okyar | |
Өмірбаяны | |
---|---|
Азаматтығы | Осман империясы Түркия |
Діні | ислам |
Дүниеге келуі | 29 сәуір 1880 Прилеп, Манастир уәлаяты[1], Осман империясы |
Қайтыс болуы | 7 мамыр 1943 (63 жас) Ыстамбұл, Түркия |
Әскер түрі | подполковник |
өңдеу |
Әли Фатхи Оқиар[2] (түр. Ali Fethi Okyar; 29 сәуір 1880, Прилеп, Манастир уәлаяты[1], Осман империясы — 7 мамыр 1943, Ыстамбұл, Түркия) — түрік мемлекеттік және саяси қайраткер, Осман империясының өмір сүрген соңғы оң жылдығының әскери офицері және дипломат. Екі рет Түркияның премьер-министрінің (1923; 1924—1925), және Ұлы халық мәжілісінің (парламенттің) төрағасы қызметтерін атқарған.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1880 жылдың 29 сәуірінде Монастир уәлаятының (қазіргі Грекия және Сербия) Прилеп қаласында черкестер немесе албандар отбасында дүниеге келген.
1913 жылы Оқиар «Иттихат» (осман: إتحاد و ترقى, түр. İttihat ve Terakki) партиясы комитетінің Генералдық секретары болып сайланды[3]. Сол жылы Болгарияда елші болып тағайындалды.
1922 жылдың қазанында Түркияның ішкі істер министрі болып тағайындалды.
1923, 1924—1925 жылдары — Түркия премьер-министрі[4]. Онымен қатар Ұлттық қауіпсіздік министрі қызметін атқарған (1924—1925)[5].
Осы тағайындаулар арасында ол Ұлы Ұлттық мәжілісінің төрағасы болды (парламент).
1925—1930 жылдары Түркияның Франциядағы елшісі. Ялова қаласында кездесу кезінде, Оқиар Ататүріктен көппартиялы жүйе құру үшін оппозициялық Либералдық республикалық партияны ұйымдастыруды сұрады[6]. Алайда, оппозициялық партияны исламисттер мен Ататүрік реформаларының қарсыластары қолдай бастаған кезде, партия заңсыз болып жарияланып жойылды.
1939—1941: Түркияның юстиция министрі[7].
Сондай-ақ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Қазіргі уақытта Грекия және Сербия аумағы.
- ↑ 1934 жылға дейін — Әли Фатхи-бей
- ↑ Members of the Meclis-i Mebusan, 1912. Msu.edu. Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 шілде 2013.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 11 январь 2013 г.
- ↑ Кратка биография на Али Фетхи Окяр. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 мамыр 2015.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 26 сәуір 2015.
- ↑ Çay, 2009, p. 13
- ↑ Domestic and Foreign Policy During the Atatürk Period Мұрағатталған 28 наурыздың 2014 жылы.. Turkish Teachers Association of Victoria. Läst 27 mars 2014.
- ↑ Çay, 2009, p. 24
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- W. F. Weiker, Political tutelage and decocracy in Turkey: the Free Party and its afternath, Leyde 1973.