Жылқының арғы тегі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жылқы тарихы осыдан 65 млн. жыл бұрын өмір сүрген арқасы бүкіш, құйрығы ұзын, көлемі қанден ит сияқты (эохипус немесе гиракотерий) хайуаннан бастау алады. Бұл хайуанның алдыңғы қолында төрт саусағы, артқы тұяқтарында үш саусағы болған. табанын тіреп жүріп бұталар мен жас ағаштардың жапырақтарымен қоректенген.
Миоцен кезеңінде 25 млн. жыл бұрын. ауа райының өзгеріп, ағашты ормандар, бұталы балаусалы ұзын шөпті алқаптар құрғақшылыққа ұшырап, жер беті кеуіп. тау-тасты далалардың пайда болуына байланысты жылқының арғы тегін де өзгертті. Тұрпаты қазіргі пониге, бас сүйегі мен тісі қазіргі жылқыға ұқсас , жұмсақ айыр тұяқтары қатты тұяққа айналып, секіріп, жылдам жүретін болды.
Шамамен 12 млн. жыл бұрын жылқы тегінің келесі тізбегі - гиппарион пайда болды. Гиппариондар үш айыр тұяқты, дене тұрқы киіктей, жылдам шауып жүретіні соншалық, өздерінің отаны Аляскадан бастап Беринг "көпірі" арқылы Азияға, Еуропаға ең аяғы Африкаға таралып кеткен. Бірақ әлі күнге дейін гиппарион қазіргі жылқының арғы тұқымы ма, әлде жанама бұтағы ма деген сауалдар төңірегінде таластар көп.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1. Қазақ жылқысының тарихы. Алматы:"Алматыкітап баспасы", 2010.- 23 бет.