Кәдімгі мысықторғай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Мысықторғай бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кәдімгі мысықторғай
Ересек еркек
Ересек еркек
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Oriolidae
Тегі: Oriolus
Түрі: O. oriolus
Екі-есімді атауы
Oriolus oriolus
(Linnaeus, 1758)
     Жазда      Қыста
     Жазда      Қыста
Oriolus oriolus

Кәдімгі мысықторғай[1] (лат. Oriolus oriolus) – торғайтәрізділер отрядына жататын сайрағыш құс. Қазақстанда Алтайдан Батыс Тянь-Шаньға дейін және Сырдария, Жайық өзендері алқаптарындағы ормандарда кездеседі. Қоразының түсі айқын сары болып, тек қанаттары сарғыштау дақ араласқан қара келеді. Көбею кезінде мекиендерінің арқасы, басы мен мойны жасыл сары реңді болады. Дене тұрқы 25 см-дей, салмағы 50 – 80 г-дай. Оның ән салғандағы үні алыстан естіледі. Бір нәрседен сезіктенгенде мысықтың мияулағанындай дыбыс шығарады. Жыл құсы. Сәуірмамыр айында келіп, ұясын қайың, тал, алма ағаштарының бұтақтарына аспалы тор сияқты іліп қояды. Оған 3 – 5 шұбар жұмыртқа салып, мекиені 13 – 15 күнде балапан басып шығарады. 20 күннен кейін балапандары ұядан ұшады. Мысықторғайлар орман мен бақ ағаштарына зиян келтіретін жәндіктер мен олардың дернәсілдерін жеп пайда да келтіреді. Қыркүйектің басында қыстау үшін жылы жаққа ұшып кетеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том