Пингвинтәрізділер
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Пингвинтәрізділер Қазбалық ауқымы: Paleocene-Recent, 62–0 Ma | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Қазіргі тегілері | ||||||||||||
Aptenodytes |
Пингвинтәрізділер (Sphenisciformes) — құстардың бір отряды.
Эоцен дәуіріне тән Пингвинтәрізділердің қаңқа қалдықтары Жаңа Зеландия, Австралия және Аргентина жерлерінен табылған. Пингвинтәрізділер құстардың басқа топтарынан ерте кезде бөлінген, шығу тегі жағынан дауылпаздарға жақын. Қазіргі кезде Пингвинтәрізділердің 6 туысқа жататын 15 — 17 түрі белгілі, дене тұрқының ұзындығы 40 см-ден (галапогос пингвині) 120 см-ге (император пингвині) дейін, салм. 3 кг-нан 45 кг-ға дейін жетеді. Қауырсындары қысқа, тығыз, арқасы қара, қара қоңыр, бауыры ақ түсті, кейбір түрінің басы сары теңбілді немесе айдарлы болады. Төс бұлшық еттері жақсы жетілген, қанаты ескекке айналған, қабыршақ тәрізді қауырсынмен қапталған.Пингвиндер өмір бойы бір-ақ сыңарымен өтеді.
Жақсы жүзеді, сүңгиді, жарғақты саусақтары мен қысқа құйрығы руль қызметін атқарады. Пингвинтәрізділер жағалауға, мұз үстіне секіріп шығып, құрлықта көбіне екі жағына теңселе адымдап, баяу қозғалады, қар үстінде бауырымен сырғанайды. Пингвинтәрізділердің тері астындағы дәнекер ұлпадан тұратын май қабаттары жақсы жетілген, ол денесіндегі жылуды реттеп отырады. Пингвинтәрізділер құрлықта түлейді, бұл кезде олар қоректенбейді. Моногамиялы, ұя салып, жұмыртқалау кезінде бірнеше мыңдаған дарабастары бірігіп үлкен топ құрады. Ұяларын жағалаулардағы жазық, тасты жерлерге, үңгірлерге, ағаш тамырларының қуыстарына салады. Ұяда 1 — 2 (кейде 3) жұмыртқа болады. Император пингвинінің еркегі жұмыртқаны аяғының үстіне ұстап, бауырындағы тері қатпарымен жабады, 65 күндей шайқайды. Аделия пингвині 35 күнде балапан басып шығарады. Пингвинтәрізділер шаянтәрізділермен, басаяқты ұлулармен, балықтармен қоректенеді. Галапогос пингвині (Sphenіscus mendіculus) өте сирек кездеседі, саны аз болғандықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.