Тынық мұхит
Жер мұхиттары |
---|
Дүниежүзілік мұхит |
Тынық мұхит — көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрлықтарымен шекаралас.
Тынық мұхиты оңтүстігінен солтүстігіне 15,8 мың км, шығысынан батысына 19,5 мың км созылып жатыр. Шекаралас теңіздермен есептегенде 179,7 млн км², орта тереңдігі 3984 м, көлемі 723,7 млн км³ (теңізсіз есептегенде 165,2 млн км², орта тереңдігі 4282 м, көлемі 707,6 млн км³). Тынық мұхитының ең терең жері (әлем мұхиттарының ең терең жері) 10994 м (Мариана шұңғымасы).[1] Тынық мұхитындағы 180-меридиан арқылы тәуліктік сызық өтеді.
Этимология
Алғаш болып Тынық мұхитын көрген испандық Васко Нуньес де Бальбоа. Ол 1513 жылы өз серіктестерімен Панама мойнағын кесіп өтіп, белгісіз мұхитқа шығады. Олар мұхитқа оңтүстіктегі ашық шығанақ арқылы шыққандықтан, Бальбоа бұл мұхитты Оңтүстік теңіз (ис. Mar del Sur) деп атады. 28 қараша 1520 жылы Фернан Магеллан алғаш болып мұхитқа шықты. Ол Отты Жер архипелагынан Филиппин аралдарына дейін 3 ай 20 күнде мұхитты кесіп өтті. Осы уақыт бойы ауа райы бір қалыпты тынық болды, сол себепті Магеллан бұл мұхитты Тынық мұхит деп атады. 1753 жылы француздық географ Ж. Н. Бюаш Тынық мұхитын Ұлы мұхит (фр. Jean-Nicolas Buache) атауды ұсынды, әлемдегі ең үлкен мұхит болған себепті.[2] Бірақ бұл атауды көпшілік қабылдамады, әлемдік географияда сөзі басым ағылшын тілді елдердің қалауымен «Тынық мұхиты» (ағылш. Pacific Ocean) болып қала берді.
1917 жылға дейін жер аударған орыс картасында Шығыстық мұхит деп аталды.[2]
Физика-географиялық сипаттамасы
Мұхиттар | Су ауданы, млн км² |
Көлем, млн км³ |
Орташа тереңдігі, м |
Мұхиттың батулары, м |
---|---|---|---|---|
Атлант мұхиты | 91, 66 | 329, 66 | 3597 | Пуэрто-Рико шұңғымасы (8742) |
Үнді мұхиты | 76, 17 | 282, 65 | 3711 | Зонд шұңғымасы (7729) |
Солтүстік Мұзды мұхит | 14, 75 | 18, 07 | 1225 | Гренланд теңізі (5527) |
Тынық мұхит | 178, 68 | 710, 36 | 3976 | Мариана шұңғымасы (10 994) |
Әлемдік | 361, 26 | 1340, 74 | 3711 | 11 022 |
Жалпы мағлұмат
Әлемдік мұхиттардың 49, 5% алатын және 53% суы бар Тынық мұхиты ғаламшардағы ең үлкен мұхит болып табылады. Шығысынан батысына 19 мың км, ал оңтүстігінен солтүстігіне дейін 16 мың км созылып жатыр. Оның суы оңтүстігінде көбірек, ал солтүстігінде аз болып келеді. Тынық мұхиты батыс жағасында Оңтүстік және Солтүстік Америка, шығыс жағасымен Аустралия мен Еуропаны, ал оңтүстігінде Антарктиданы шайып жатыр. Тынық мұхитының Солтүстік Мұзды мұхитымен шекарасы Дежнев мысынан Уэльс Ханзадасы мысына дейінгі Беринг бұғазы. Атлант мұхитымен шекарасын Горн мысынан 68°04’ меридианға дейін немесе қысқасы Оңтүстік Америкадан Антарктида аралдарына дейін Дрейк бұғазы арқылы, Осте аралынан Штернек мысына дейін, Үнді мұхитымен шекарасы Аустралияның оңтүстігіне қарай Бассов бұғазының шығыс шекарасымен Тасмания аралдарына дейін, одан әрі 146°55’ меридианымен Антарктидаға дейін, Аустралияның солтүстігіне қарай Андаман теңізі мен Малак бұғазымен, оңтүстік-батыс жағалауында Суматра аралдарымен, Зонд бұғазымен, оңтүстік жағалауында Ява аралдарымен, Бали және Саву теңіздерінің оңтүстігімен, Арафур теңізінің солтүстігімен, Жаңа Гвинеяның оңтүстік батысымен және Торресов бұғазының батысымен шектесетін аралықта жатыр.
Теңіздер
Тынық мұхитындағы теңіз, бұғаз және шығанақтар ауданы 31,64 млн км² құрайды. Теңіздердің басым бөлігі батысында, Еуразиямен шекарасында: Беринг теңізі, Охот, Жапон, Ішкі Жапон, Сары, Шығыс-Қытай, Филиппин.
Оңтүстік-Шығыс Азия аралдары арасындағы теңіздер: Оңтүстік-Қытай, Ява, Сұлу, Сулавеси, Бале, Флорес, Саву, Банда, Серам, Хальмахера, Молукк; Аустралия жағалауында: Жаңа-Гвинея, Сүлейман, Коралл, Фиджи, Тасман; Антарктидадағы теңіздер (кейбір кезде бұларды Оңтүстік мұхитқа жатқызады): Росса, Амундсена, Беллинсгаузен. Оңтүстік Америка жағалауында теңіздер жоқ, бірақ үлкен шығанақтар кездеседі: Аляска, Калифорния, Панама.[3]
Аралдар
Тынық мұхитында жанартау салдарынан пайда болған аралдар көптеп кездеседі. Олардың көбі маржандар түзіп, ақыр соңында мұхит түбіне кетіп, ал кейбіруелері өз соңынан маржан сақиналарын қалдырған.[4][5]
Арал ауданы мен көптігінен Тынық мұхиты жоғары сатыда тұр. Мұхитта елді аралдарда кездеседі: Жаңа Гвинея (829, 3 мың км²) және Калимантан (735, 7 мың км²). Өзгеде ірі аралдары және архипелагтары - Азияда: Командор аралдары, Сахалин, Курил аралдары, Жапон аралдары (Хонсю, Хоккайдо, Кюсю, Сикоку, Рюкю аралдары), Тайвань, Хайнань, Филиппин аралдары (Лусон, Минданао, Самар, Негрос, Палаван, Панай, Миндоро), Үлкен Зонд аралы (1485 мың км² осы қатарлы Калимантан, Суматра, Сулавеси, Ява, Банка), Кіші Зонд аралдары (Тимор, Сумбава, Флорес, Сумба);[6] Океанияда: Молукка аралдары (Серам, Хальмахера), Жаңа Гвинея, Бисмарк архипилагы (Жаңа Британия, Жаңа Ирландия), Сүлеймен аралдары (Бугенвиль), Жаңа гебридтер, Жаңа Каледония, Луайоте аралдары, Фиджи аралдары (Вити-Леву,Вануа-Леву), Мариана аралдары, Тувалу, Тонга, Туамоту, Маршалл аралдары, Гавай аралдары (Гавайи), Жаңа Зеландия (Солтүстік және Оңтүстік аралдары);[7] Солтүстік Америкада: Әулие Лаврентия, Алеут аралдары, Александр архипелагы, Шарлотта патшайым аралы, Ванкувер; Оңтүстік Америкада: Галапагос аралдары, Чили архипелагы (Чилоэ), Отты Жер (Отты Жер);[8][9] Антарктидада: Палмер архипелагы, Оңтүстік Шетланд аралдары.[10]
Оңтүстік Курильсктегі күннің батуы | Ғарыштан көрініс. | Калифорнияға таяу дауыл | Росса теңізіндегі мұз үстіндегі контейнеровоз |
Мұхиттың қалыптасу тарихы
Пангея құрлығы мезозой дәуірінде Гондвана мен Лавразияға ыдырағанда, оны қоршаған Панталассаның ауданы кішірейе бастады.[11] Мезозойдың соңына қарай Гондвана мен Лавразия бөлініп, олардың бөлінуіне қарай Тынық мұхиты қалыптаса бастады. Юра дәуірінде тынықмұхиттық бытқыл маңында мұхиттық төрт тектоникалық тақталар түзілді: Тынық мұхиттық, Құла, Фараллон және Феникс.[12] Солтүстік-батыс Құла тақтасы Азия құрлығының шығыс және оңтүстік-шығыс төңірегіне жылжыды.[13] Солтүстік-шығыс мұхиттық тақта Фараллон Аляска, Чукотка және Солтүстік Американың астына жылжыды.[14] Оңтүстік-Шығыс тақтасы Феникс Оңтүстік Американың астына сүңги бастады. Бор дәуірінде оңтүстік-шығыстық Тынық мұхитының мұхиттық тақтасы сол уақыттағы бір болған Аустра-Антарктикалық құрлық маңының шығысына салдарынан қазіргі Жаңа Зеландиялық жонның және Лорд-Хау мен Норфолк су асты үстірттерінің кесегі құрлықтан тебіліп кетті.[15] Кешірек борда Аустра-Антарктикалық құрлықтың жарылуы басталды. Аустралиялық тақта бөлініп, экваторға жылжи бастады. Тынықмұхиттық тақта олигоценде бағытын солтүстік-батысқа ауыстырды.[16] Кешірек миоценде Фараллон тақтасы екіге бөлінді: Кокос және Наска. Құла тақтасы солтүстік-батысқа жылжи отырып, толықтай (Тынықмұхиттық тақтаның солтүстік бөлігімен бірге) Еуразия мен прото-Алеут науасының астына кетті. Бүгінде тектоникалық тақталар қозғалысы жалғасуда.[17]
Бұл қозғалыстың өзегі орта-мұхиттық риф аймақтары Оңтүстік-Тынықмұхиттық пен Шығыс-Тынықмұхиттық артулары болып табылады. Бұл аймақтың батысына қарай Еуразия және Аустралия тақталарының астына жылына 6-10 см жылдамдықпен қозғалып жатқан ең үлкен Тынықмұхит атты тақта орналасқан.[18] Тынықмұхиттық тақта батыста Филиппин тақтасын солтүстік-батысқа, яғни Еуразиялық тақта астыны жылына 6-8 см жылдамдығымен ығыстыруда.[19] Орта-мұхиттық риф аймақтарының шығысында: солтүстік-шығысында жылына 2-3 см жылдамдықпен Солтүстік-Америка тақтасы астына қозғалып бара жатқан Хуан де Фука тақтасы; орталық аймағында солтүстік-шығысқа бағытталған Кариб литосфералық тақтасы астына қарай жылына 6-7 см жылдамдықпен жылып жатқан Кокос тақтасы; оңтүстікке қарай шығысқа бағыт алған Оңтүстік-Америка тақтасының астына қарай жылына 4-6 см жылдамдықпен қозғалатын Наска тақталары орналасқан.[20]
Геологиялық құрылысы мен жер бедері
Құрлықтың су асты маңайы
Құрлықтың су асты жақтаулары Тынық мұхитының 10% аумағын алып жатыр. Қайраңның бедерінде трансгрессивті жазықтық пен субаэралды қалдықтар бейнеленген. Мұндай нысандары Ява қайраңында және Беринг теңізінің қайраңындағы суасты өзен бойындағы тән болып келеді. Корей қайраңы мен Шығыс-Қытай қайраңында кеңінен тараған жоталы бедер, олар ағыстан қалыптасқан. Экваториялық-тропикалық қайраңда көбіне кораллды құрылымдар бар. Антарктикалық қайраңның көп бөлігі 200 м тереңдікте, үсті бөлшектенген, суасты төбелерінің тектоникалық табиғаты терең депрессияланған. Солтүстік Америка құрлықтық баурайы суасты шатқалдары қатты бөлшектенген. Құрлықтық баурайында үлкен суасты каньондар Беринг теңізінде көп.
Жаңа Зеландияның суасты атырабыда өзіндік материктік құрылымы бар. Ауданы аралдырынан 10 есе үлкен. Бұл суасты Жаңазеландиялық платоны Кэмпбелл Чатам және олардың арасындағы Баунки ойпаты құрайды. Барлық жағынан бұл материктің шекаралас құрлықтық баурай шектейді. Бұл кеш мезозойлық суасты жотаны Лорд-Хау қамтиды.
Өтпелі аймақ
Тынық мұхитының батыс атырабында орналасқан өтпелі аймақтар: Алеуттік, Курил-Камчаттік, Жапон, Шығыс-Қытай, Индонезиялық-Филиппиндік, Бониндік-Мариандық (мұхиттын ең төменгі нүктесінен — Мариан шығанағы, тереңдігі 11 022 м), Меланезиялық, Витязевтік, Тонга-Кермадек, Маккуорилік. Бұл өтпелі аймаққа: шектеулі терең теңіз, окоптар, шекті теңіздер, аралдың доғаланған түрлері кіреді. Шығыс шетіндегі өтпелі аймақтарда орналасқан: Орталық-Америкалық және Перуан-Чилилік.
Өтпелі аймақтарға вулканизм және жоғары сейсмикалық құбылыс тән, олар Тынық мұхиттың шалғай аймағына жер сілкінісі және қазіргі заманғы вулканизм қалыптастырады. Тынық мұхитындағы өтпелі аймақтар екі эшалон түрінде көрінеді, ең жастары мұхиттың қыртыс шекарасында орналасқан және одан көп жетілген мұхит бөлінген және аралдық доғаларда кездеседі.
Су түбіндегі бөліну
Амур, Хуанхэ, Янцзы, Меконг және т.б Азияның ірі теңіздері Тынық мұхитқа жылына 1767 миллион тонна шөгінді алып келеді. Мұндай аллювийдің барлығы мұхит алабында қалып қояды. Юкон, Колорадо, Колумбия, Фрейзер, Гуаяс секілді Американың ірі теңіздері Тынық мұхитына 380 миллион тонна шөгінді алып келеді және салмақталған заттың 70—80 % мұхитқа толығымен құйылады, қайраңының шағын ені осының әсерінен қалыптасқан.[21]
Тынық мұхит жылы кең таралған қызыл балшық, әсіресе солтүстік жарты шарда. Бұл мұхит бассейндерінің үлкен тереңдігіне байланысты. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік белдеулерде орналасқан, кремнийлі радиоляриялар шөгінділері анық экваторлық белдікте екенін білдіреді, сондай-ақ екі кремнийлі диатомдар балдырлардың аймағы да бар.
Камчатка. Авачин бухта |
Жанартаудың атқылауы Савайи (Самоа) 1905 жылы |
Тынықмұхиттық тайфунның схемасы 1980—2005 жылдары |
Тропикалық циклондар Саомай (оң жақ) және Бопха, 8 сәуір 2006 жыл |
Климаты
Тынық мұхитының климатына күн сәулесінің радиациясы мен атмосфералық қозғалыстың, Азия құрлықтық бөлігінің әсері зор. Мұхитта барлық климаттық аймақтарды бөлуге болады. Қыс кезінде солтүстік аймақта Алеуттік қысым минимум баролық орталық болып, жаз кезінде әлсіз болады.[22] Оңтүстікке қарай Солтүстік-Тынық мұхиттық антициклон. Экваторда экваторлық депрессия (төмен қысым ауданы), ол Оңтүстік-Тынық мұхиттық антициклонға айналады. Оңтүстікке қарай қысым төмендейді, содан соң Антарктидада жоғарғы қысым аймағына ауысады. Баролық ортаның орналасуына байланысты жел бағыты қалыптасады. Солтүстік жарты шардың өлшеулі бөлігінде қыс кезінде батыстан жел басым, ал жазда оңтүстіктен қоңыр жел болады. Қыс мезгілінде мұхиттың солтүстік батысында солтүстік және солтүстік-шығыс муссон желдері болады, жаз кезінде оңтүстіктен соғады. Полюстік фронтта пайда болатын циклондар таяу полюсте болатын шторм дауылдын болатынын анықтайды (әсіресе оңтүстік жарты шарда).[23] Солтүстік жарты шардың субтропиктік және тропиктік аймақтарында солтүстік–шығыс пассаттар басым. Экватор аймағында жыл бойына ауа райы штильді. Оңтүстік жарты шардың тропикалық және субтропикалық аймақтарында қыс кезінде күшті, ал жазда әлсіз оңтүстік-шығыстық пассат басым. Мұнда тайфун аталатын аса күшті дауылдар тропикте жаз маусымында туындайды. Әдетте Филиппиннің шығысынан бастау алып, Тайвань және Жапония арқылы солтүсті батыс пен солтүстікке бет алып, Беринг теңізі аймағында тоқтайды.[24] Тынық мұхитының өзгеде дауыл туындайтын аймағы Орталық Америка. Оңтүстік жарты шардың қырқыншы енділігінде тұрақты батыс желдері байқалады. Ал жоғарғы енділігінде антарктикалық төмен қысым салдарынан желдер жалпы циклондық айналымға тәуелді.[25]
Мұхит үстіндегі ауа райы жалпы енділік аймаққа қатысты, шығысына қарағанда батысында климат жылы болып келеді. Тропикалық және экваторлық аймақтарда ауаның орташа температурасы 27,5 °С-ден 25,5°С.[26] Жаз мезгілінде изотерма мұхиттың солтүстігінен батысына қарай 25°С-ге көтеріледі, шығысында осы деңгейден аз мөлшерде көтеріледі, оңтүстік жарты шарда солтүстікке қарай белсенді қозғалды. Мұхит үстімен өтіп ауа массасы ылғалданады. Таяу экватор аймағынан экватордың екі жағындада изогиетамен сызылған (2000 мм) жауынның максимум сызықтары өтеді, ал экватор айқын құрғақ аймақ. Тынық мұхитында оңтүстік және солтүстік пассаттардың сәйкес аймақтары болмайды. Осыған сәкес өте ылғалды және тым құрғақ аймақтар туындайды. Экватор және тропика аймақтарына қарай жауын мөлшері азаяды. Ең құрғақ аймақтар солтүстік жарты шар бөлігіндегі Калифорния маңы, ал оңтүстікте Перу және Чили қазашұңқырларында (кейбір аймақтарда жауын мөлшері жылына 50 мм болады).[27]
Гидрологиялық режим
Шалағай су айналымы
Тынық мұхитының жалпы су ағысын атмосфераның жалпы айналым заңдылықтары анықтайды. Орталық Америка жағалауынан Филиппин аралдарына дейінгі Солтүстік жарты шардың солтүстік-шығыс пассаты солтүстік-пассат ағындарының пайда болуына септігін тигізеді. Бұдан әрі ағыстар екі бағытқа бөлінеді: алғашқысы оңтүстікке бағытталып, бір бөлігі мен экваторлық қарсы ағыстарды қанықтырады, тағы бір бөлігі Индонезия теңіздерінің хауыздарына таралады. Солтүстік ағыс, Шығыс-Қытай теңізін бойлап, Куросио ағыстарына жылы бастау беріп, Шығыс-Қытай теңізінен Кюсю аралдарының оңтүстігіне шығады. Бұл ағыс Жапон жағалауына көрінерліктей әсерін тигізіп, солтүстіктен Жапон жағалауына бет алады. Солтүстік енділіктің 40° Куросио Солтістік-Тынық мұхиттық ағысқа ауысады, келесі ауысуы шығыста Орегон жағалуында. Ол Солтүстік Америкаға тіреліп, Аляска жартыаралынан құрлық бойымен бағытталатын солтүстік Аляскалық тармаққа, Солтүстік-Пассат ағысымен қосылып, тұйықталып, Калифорния жартыаралының бойымен оңтүстіктік суық Калифорния ағысына бөлінеді. Оңтүстік жарты шарда оңтүстік-шығыс пассат Колумбия жағалауынан Молукк аралдарына дейін Тынық мұхитын кесіп өтетін Оңтүстік-Пассат ағысын құрайды. Лайн және Туамоту аралдарының аралығында тармақталған, келесі Коралл теңізіне одан әрі Аустралия жағалауымен Шығыс-Аустралия ағысын құрайды. Оңтүстік-Пассат негізгі суы Молукка аралдарының шығысында Солтүстік-Пассат ағысының оңтүстік тармағымен қосылып экватор қарсы ағысты құрайды. Шығыс-Аустралиялық ағын Жаңа Зеландия аралының оңтүстігіне қарай Тынық мұхитын батыстан шығысқа кесіп өтетін Үнді мұхитының күшті Батыс желдеріне ұласады. Бұл ағыс Оңтүстік Американың аяғында тропикте тұйықталып Оңтүстік-Пасстқа айналатын Перуан ағысына тармақталып айналады. Батыс ағысының өзге шеті Горн мысының ағысы аталатын Оңтүстік Американы қамтып, Атлант мұхитына кетеді. Тынық мұхитындағы су айналымының маңызды рөлі Оңтүстік-Пассат ағысының астындағы 154° Галапагос аралдарына дейінгі Кромвелла су үсті ағыстарына тиесілі.[12] Жаз айларында Оңтүстік Америка жағалауынан жартылай тұзды ағыс суық Перу ағысын ығыстырғанда Эль-Ниньо байқалады.[28] Бұл жағдайда судың жоғарғы қабатына оттегі келмегеніктен, балықтар мен өзгеде су жануарларының өлімі күрт өседі, ал шөлді аймақтарда керісінше жауын-шашын көбейіп, қауіпті су тасқындарына әкеліп соғады.
Тынық мұхитының су тепе-теңдігі:
Келуші | Судың көлемі мың км³ жылына |
Шығын | Судың көлемі мың км³ жылына |
---|---|---|---|
Үнді мұхитының өту арқылы Аустралия — Антарктида (147° су темп.) мен Антарктикадағы циркумполярлы ағымы | 5370 | Атлант мұхитынан Дрейк бұғазымен Батыс Желдеріне | 3470 |
Атлант мұхитынан Дрейк бұғазы мен жағалаудағы ағынмен, терең және төменгі сулар | 210 | Үнді мұхитының өту арқылы Аустралия — Антарктида (147° су темп.) мен жағалаудағы ағынмен, терең және төменгі сулар | 2019 |
Жауын-шашын | 260 | Үнді мұхитының Индонезиялық теңіз арқылы төгілуі | 67 |
Өзеннің ағыу | 14 | Солтүстік Мұзды мұхиттағы Беринг бұғазы арқылы | 30 |
Жер асты ағуы | 1 | Булану | 270 |
Антарктикалық мұздарының еріп түсуі | 1 | ||
Барлығы | 5856 | Барлығы | 5856 |
Тұздылығы, мұз түзілу
Мұхиттың барынша тұздылығы салыстырмалы жауын-шашынның қарқынды булануымен сәйкес келетін экваторлық және тропикалық аймаққа тураланады (барынша 35, 5—35, 6 ‰ дейін). Тұздылық суық ағымның әсерінен мұхиттың шығысына қарай төмендейді. Жауын-шашынның молдығы мұхит суының тұздылығын азайтады, әсіресе экваторда, батыс айналым аймағы мен субполяр ендігінде.
Тынық мұхитының оңтүстігіндегі мұз антарктикалық аудандарда, ал солтүстіктегісі тек Беринг, Охота теңіздерінде және де аздап Жапон теңізінде де түзіледі. Алясканың оңтүстік жағалауынан наурыз-сәуір айларында 48—42°с. ш. болатын мұзтаудың біразы тасталады. Солтүстік теңіздер қалқыма мұздарды солтүстік аудандарға жеткізеді, әсіресе Беринг теңізі. Антарктикалық көпжылдық мұздар шекарасы 60—63° о. ш. дейін жетеді, ал мұзтаулар 45° с. ш. дейі жетіп, солтүстікке дерлік таралады.
Су массасы
Тынық мұхитын су массасын шалағай, шалағай аралық, терең және түпкі деп бөледі. Тынық мұхиты шалағай су массасы 35-100 м және тропика суларына тән тұздылығымен, тығыздылығымен, температурасының салыстырмалы тегістілігімен, сипатының құбылғыштығымен, климаттың мерзімді мусымдығымен ерекшеленеді. Бұл су массасы су үсті жылуалмасумен, салыстырмалы тұнбалармен, булану және қарқынды аралсумен анықталады. Шалағай аралық су массасына азда болса тиісті. Субтропика мен суық енділікте бұл су массалары жарты жыл шалағай, жарты жыл шалағай аралық болады. Әртүрлі климаттық аймақтарда олардың шекаралары 220 мен 600 м арасында теңселіп тұрады. Шалағай аралық су 13-18 °C-тан (тропик пен субтропикте) 6—13 °C дейін (қоңыржай аймақта) тығыздығы және тұздылығымен ерекшеленеді. Шалағай аралық су жылы климатта тұзды шалағай судың төмендеуімен түзіледі.
Орташа және жоғарғы енділікте аралық су массасының температурасы 3—5 °C, ал тұздылығы 33, 8—34, 7 ‰ болады. Аралық массаның төменгі шекарасы 900-1700 м тереңдікте болады. Терең су массасы Антарктикалық сулардың төмендеуі мен Беринг теңізі суының қазашұңқырлармен ағу нәтижесінде түзіледі. Түпкі су массасы 2500-3000 м тереңдікте. Олар төмен температурасымен (1—2 °C) және бікелкі тұздылығымен (34, 6—34, 7 ‰) ерекшеленеді. Бұл сулар антарктика шельфінде қатты суу нәтижесінде түзіледі. Олар біқалыпты ағып, барлық батуларды толтыра отырып мұхит орталлық үстіртінің өткеліне көлденең Оңтүстік Перу арқылы солтүстік қазаншұңқырлар түбіне жетеді. Өзге мұхиттармен салыстырғанда Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі түпкі сулар еріген оттегінің аздығымен ерекшеленеді. Түпкі су терең сумен бірге Тынық мұхитының барлық көлемінің 75% құрайды.
Флора және фауна
Әлем мұхиттарының биомассасының 50% Тынық мұхитының еншiсiнде. Мұхиттағы өмiр ағыл-тегiл және қилы, әсiресе маржан рифтар және мангр тоғайларымен шұғылданатын Аустралия, Азия жиектерiндегі тропиялық және субтропиялық аймақтарда. Тынық мұхитының фитопланктоны 1300 жуық микроскопиялық бір жасушалы балдырлардан тұрады. Бұлардың жартысына жуығы перидинея түріне, ал одан азырақ бөлігі диатомея түріне жатады. Таяз су және Апвелинг аймақтарында өсімдіктер өте көп. Тынық мұхитының су асты өсімдіктері 4 мың балдыр түрінен 29 гүлді түрлеріне дейін жетеді. Тынық мұхитының шамалы және салқын аймақтарында бурыл балдырлары жаппай жайылған, әсіресе ламинария тобынан, Оңтүстік аймақтарында тіпті 200 м жететін осы топтың алып балдырлары да кездеседі. Тропикті айммағында риф түзуші ағзалар болатын маржан полиптарымен қатар фукус, ірі жасыл, танымал қызыл балдыр кең таралған.
Тынық мұхитының жануарлар түрінің әлемі өзге мұхиттағыға қарағанда 3-4 есеге бай, әсіресе тропика суларында. Индонезия теңіздерінде балықтың 2 мың түрі, солтүстік теңіздерінде 3 мыңға жуық түрлері бар. Мұхиттың тропика аймақтарында моллюскалардың 6 мыңға, ал Беринг теңізінде 200 жуық түрі таралған. Тынық мұхитының жан-жануарларына тән ерекшелік олардың жүйелік тпотары мен эндемимзмінің көнелігі. Тынық мұхитында теңіз кірпілері мен семсеқұйрықтардың көне түлерінің көбісі, өзге мұхиттарда (мысалы, Иордан, Гильбертидия) қалмаған балықтардың кейбір көне түрлері, лосось балығы тобының барлық түрі Тынық мұхитында қалған.
Эндемикалық сүтқоректілердің түрлері: теңіз мысығы, дюгонь, сивуч, теңіз қамасы. Тынық мұхитының көптеген жан-жануарларына алыптық тән қасиет. Мұхиттың солтүстік бөлігінде алып мидия мен устрицалар танымал, экватор аймағында салмағы 300 кг жететін ең ірі моллюсктің екі жармалы түрі тридакна тіршілік етеді. Тынық мұхитында көбінесе ультраабиссальді жан-жануар басым. Олардың 45 түрі судың төмен температурасы мен 8,5 м тереңдігінде, 70% эндемиктер. Осы су астында жалғыз қорек болатын топрақты азық қылуға икемді, аз қозғалатын голотурия тірішілік етеді.
Таяз суда балдырлар қопасы. Калифорния жағалауы, АҚШ |
Ала сутартқыш, Тонга аралы |
Су мысығы Аляскада |
Кораллдар Аустралия |
Экологиялық мәселелер
Адамдардың Тынық мұхиты жағасындағы шаруашылығы мұхит байлықтары мен жануарлары санының төмендеуіне әкеп соқты. Онсызда XVIII ғасырдың аяғында Беринг теңізінде теңіз сиырлары толығымен қырылған. XX ғасырдың басында теңіз мысықтарының жойылып кету қауіпі төнген.[29] Қазіргі ең үлкен мәселе судың мұнай өнімдерімен, ауыр металл қалдықтарымен және өндірістегі атом қлдықтарымен ластануы. Улы қалдықтар мұхит ағысымен барлық мұхитқа таралуда. Антарктида жануарларының қан құрамында да осы улы заттар табылған. АҚШ-тың 10 штаты өз қалдықтарын әлі күнге дейін теңізге тастауда. 1980 жылы 160 000 тонна улы қалдықтар теңізге тасталған, қазіргі кунде ол әрине аз мөлшерге болса да азайған.[30][31] Сондай-ақ өзендер ауыл шаруашылығында қолданылатын түрлі улы қоспаларды алып келеді, оның әсерінен мұхитта гипоксия немес өлі аймақ пайда болуы мүмкін.[32]
Тынық мұхитында пластиктен және әр түрлі қоқыстардан құралған үлкен қоқыс нүктесі пайда болған. Бұл қоқысқы нүкте Тынық мұхитының солтүстік бөлігінен Калифорния жағалауынан Гавай май жанынан Жапония жанына дейін жеткен. 2001 жылы бұл қоқыстың ауданы 1 млн км² асып, салмғы 3,5 млн жеткен, ал бұндай көрсеткіш мұхиттағы зооплантон салмағынан 6 есеге көп. Әр 10 жыл сайын бұл қоқыстың өсу үстінде.[33][34].
АҚШ қарулы күштері 1945 жылы 6 тамыз және 9 тамызда Жапонияның Хиросимо және Нагосаки қалаларына [ядролық бомба тастап, ядролық қаруды алғаш пайдаланушы ел болып тарихта қалды. Хиросимо қаласында қаза болғандардың жалпы саны 90-166 мың адамға, ал Нагосаки қаласында 60-80 мыңға жетті. 1946-1958 жылдар аралығында АҚШ Маршалл аралдарының Бикини және Энивеветок жерлерінде ядролық сынақтар жүргізді.[35] Жалпы саны 67 атомды және сутекті жарылыстар жасалған. 1954 жылдың 1 наурызында қуаты 15 мегатонн болатын сутекті бомба жарған, жарылыс нәтижесінде диаметрі 2 км, тереңдігі 75 м болатын ойық пайда болған, жарылыс түтінінің биіктігі 15 км, ал диаметрі 20 км.[36] Осы жарылыс салдарынан Бикини су астына кетіп, жарылыс аймаға АҚШ тарихындағы ең радиактивті жер, ол аймақтың халқы зардап шеккен. 1957-1958 жылдары Ұлыбритания Полизениядағы Рождество мен Молденде (Лайн аралдары) 9 әуе ядролық сынақ жүргізген. 1966-1996 жылдары Франция Полинезиясындағы Муруроа мен Фангатауфада (Туамоту архипелагында) 193 ядролық сынақ жүргізген (соның 46 атмосферада, 147 жер астында).[37][38]
1989 жылдың 23 наурызында АҚШ-қа тиесілі ExxonMobil компаниясының «Эксон Вальдез» танкері Аляска жағалауында апатқа ұшыраған.[39] Апат салдарынан 256 мың баррел мұнай 28 мың км² дақ түзіп теңізге төгілген. Мұнаймен 2 мың км жуық теңіз жағалауы ластанған. 2010 жылдың 20 сәуіріндегі Мексикадаға DH бұрғылау орнату кезінде болған апатқа дейін бұл апат ең улкен экологиялық апат есептелген.[40]
Тынық мұхитының жағалауындағы мемлекеттер
- Тынық мұхитының жағалауындағы елдер (сағат тілінің бағытымен):
Америка Құрама Штаттары, Канада, Мексика, Гватемала, Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Панама, Колумбия, Эквадор, Перу, Чили, Аустралия, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Бруней, Филиппиндер, Тайланд, Камбоджа, Вьетнам, Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Жапония, Ресей.
Мұхитта әдетте мемлекеттерге тиесілі жер және арал үлестері болады:
- Меланезия: Вануату, Жаңа Каледония (Франция), Папуа — Жаңа Гвинея, Сүлеймен аралдары, Фиджи;
- Микронезия: Гуам (АҚШ) Кирибати, Маршалл аралдары, Науру, Палау, Солтүстік Мариан аралдары (АҚШ), Атолл Уейк (АҚШ), Федеративті Микронезия Штаттары;
- Полинезия: Шығыс Самоа (АҚШ), Жаңа Зеландия, Самоа, Тонга, Тувалу, Питкерн (Ұлыбритания), Уоллис, Футуна (Франция), Франция Полинезиясы (Франция).
Аумақтар
- Америка Самоасы (АҚШ)
- Байкер аралы
- Кук аралдары
- Чили
- Гуам
- Гонконг
- (АҚШ)
- (АҚШ)
- (АҚШ)
- (АҚШ)
- Макао
- (АҚШ)
- Ниуэ (Жаңа Зеландия)
- (АҚШ)
- (АҚШ)
Егеменді елдер
- Аустралия
- Бахрейн
- Камбоджа
- Канада
- Чили
- Қытай
- Колумбия
- Коста-Рика
- Эквадор
- Сальвадор
- Микронезия
- Фиджи
- Гватемала
- Гондурас
- Индонезия
- Кирибати
- КХДР
- Корея Республикасы
- Малайзия
- Маршалл аралдары
- Мексика
- Науру
- Жаңа Зеландия
- Никарагуа
- Палау Республикасы
- Панама
- Папуа — Жаңа Гвинея
- Перу
- Филиппин
- Ресей
- Самоа
- Сингапур
- Соломон аралдары
- Қытай Республикасы1
- Тайланд
- Шығыс Тимор
- Тонга
- Тувалу
- АҚШ (Аляска, Вашингтон, Орегон, Калифорния, Гавайи)
- Вануату
- Вьетнам
1 Қытай Республикасы жартылай мойындалған мемлекет болып келеді.
Зерттелу тарихы
Тынық мұхитын зерттеп тану хат жазу тарихынанда ерте болған. Ол кездері мұхитта жүзу үшін катамарандар, желкенді кемелерді пайдаланған.[41] 1947 жылы Тура Хейердаланың басқаруымен бальс бөренелерінен жасалған су көлігімен «Кон-Тики» Тынық мұхитын Оңтүстік Американың Полинезия сынан батыс бағытта кесіп өтуі Тынық мұхитын кесіп өтуге болатынына дәлел болды. Қытайлық желкенді кемелер Үнді мұхитының жағалауына сапар шекті (мысалы, Чжэн Хэнің жеті саяхаты, 1405-1433 ж. ж).[42]
Алғаш болып 1513 жылы испандық Васко Нуньес де Бальбоа[43] Панама мойнағының шыңынан шексіз суды, яғни Тынық мұхитын көріп, Оңтүстік теңізбен байланыстырған.[44] 1520 жылы португал теңізшісі Фернан Магеллан Оңтүстік Американы айналып бұғаздан өтіп, теңіздік жазықтықты көреді. Отты жерден Филиппин аралдарына дейінгі 3 айға созылған саяхатында Магеллан ешбір дауылға соқтықпаған себепті бұл мұхитты Тынық деп атаған. Тынық мұхитының егжей-тегжейлі картасы 1589 жылы Ортилерияда жарияланған. 1642-1644 жылдары Тасман бастаған экспедиция нәтижесінде Аустралия өз бетіне жеке құрлық екендігі дәледенді.[45]
Мұхитты жан-жақты зерттеу XVIII ғасырда басталды. Еуропаның басты елдері Тынық мұхитына ағылшынның Джеймс Кук (Аустралия және Жаңа Зеландияның зерттеу жұмыстары, Гавай және басқа да көптеген аралдарды ашқан) француз Жан-Франсуа Лаперуз, итальян Алессандро Маласпиноларды (Горн мысынан Аляска бұғазына дейінгі Оңтүстік және Солтүстік Американың барлық батыс жағалауын картаға түсірген) ғылыми-зерттеу сапарларға жібере бастады. Мұхиттың солтүстік жағалауын С.И. Дежнев (Еуразия мен Солтстік Америка арасындағы бұғазды ашқан), В. Беринг (мұхиттың солтүстік жағалауын зерттеген) және А.И. Чириков (Тынық мұхитының солтүстігі мен Азия солүстік-шығыс жағалауын, Солтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауын зерттеген) сияқты зерттеушілер зерттей бастады.[46] 1803-1864 жылдар аралығында орыс теңізшілерінің 45 толық және жартылай жорыққа шыққандығы нәтижесінде орыс әскери және сауда флоттары Балтық теңізі жолын жақсы танып, Тынық мұхитындағы жолда біраз арал ашты. 1819-1821 жылдары Ф. Ф. Беллисгаузен мен М. П. Лазарев жасаған жорықта Антарктида ашылды және жол жөнекей 29 арал ашылды.
1872-1876 жылдары аралығында ағылшынның «Челленджер» кемесінде алғашқы ғылыми экспедиция жүргізілді, сөйтіп мұхит суының құрамы алынды, өсімдіктері мен жануарлары, су түбі жерлерінің топырағы зерттеліп, алғаш рет су тереңдігінің картасы мен терең сулар жануарларының жиынтығы жасалды.[47] 1886-1889 жылдары ғалым-океанограф С. О. Макаровтың жетекшілігімен Тынық мұхитының солтүстігі зерттелді. Бұдан бұрынғы шетел және орыс зерттеулерінен кейін Макаров толық зерттеу жүргізіп Тынық мұхитының суы сағат тіліне қарсы ағатынын анықтады. Америкалық «Альбатрос» экспедицясының зерттеуі 1883-1905 жылдары мұхиттың жануарларының жаңа түрлерін және даму заңдылықтарын ашты.[48] Немістенрдің «Планет» (1906-1907) және америкалық океанагрфиялық «Карнег» (1928-1929) экспедициялары Х. У. Свердрупаның жетекшілігімен Тынық мұхитының зерттелуіне үлкен үлес қосты. 1949 жылы АН КСРО жалауымен кеңестік ғылыми-зерттеу кемесі «Витьяз» жіберілді. 1979 жылға дейін кеме 65 ғылыми іс-сапар жасап, соның нәтижесінде су асты бедерлері картадан алынды және Мариан ойпатының тереңдігі өлшенді. Осы аралықта Ұлыбританияның «Челленджер II» (1950-1952), Швецияның «Альбатрос III» (1947-1948), Данияның «Галатея» (1950-1952) және басқада көптеген экспедияларының зерттеуі нәтижесінде су астының құрылысы, түзінділіері, мұхиттың тыныс-тіршілігі жайлы ақпараттар көбейе түсті.[49]
Халықаралық геофизикалық жылдары ішінде (1957-1958) әлемдік қосылған үлеспен (әсіресе АҚШ пен КСРО) жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша Тынық мұхитының батиметрлік жаңа ауқымды картасы жасалды.[50] 1968 жылы америкалық «Гломар Челленджер» кемесінде үлкен тереңдiктерге су массаларының орын ауыстыруы бойынша жұмыстар мен биологиялық зерттеулер үнемі жүргізіліп тұрды.[51] 1960 жылдың 23 қаңтарында Мариан батуына алғаш рет адам сүңгіді. «Триест» зерттеу батискафында Мариан батуына АҚШ- тық Дон Уолш және зерттеуші Жак Пикар түскен еді.[52] 2012 жылдың 26 наурызында америкалық режиссер Джеймс Кэмерон терең сүңгу құрылғысы «Deepsea C hallenger» көмегімен жалғыз өзі Мариан батуына сүңгіді, сөйтіп бұл сүңгу тарихтағы екінші сүңгу болды. Құрылғы су астында болған 6 сағат ішінде зерттеу үлгілеріне арналып су асты топрағы, өсімдіктері және тірі ағзалар алынды. Кэмеронның су астында түсірген таспалары «National Geografic»теле арнасының ғылыми-деректі фильмінің негізіне кіреді.[53]
1966-1974 жылдары АН КСРО Океанографиялық институты жазған «Тынық мұхиты» монография жарық көрді. 1973 жылы Владивосток қаласында В. И. Ильичев атындағы Тынық мұхиттық океанологиялық институты күшімен қиыр шығыс теңіздерінде және Тынық мұхитының ашық аймағында кең ауқымды зерттеулер жүргізілді.[54] Бұл зерттеудің нәтижесі 1994 жылы Ұлттық Америка орталығы жасаған мұхиттардың батиметрлік атласы болып табылады.[55]
Мұхит алабында "Самоа" аралындағы шеңбер тас, "Тонгадағы трилитон", "Раротонга аралын айнала қоршаған тас төселген соқпақ жол сынды" сыры жұмбақ тас нысандар көп.
Кон-Тики плоты . Сурет 1947 жылғы |
Пунта-Аренастағы Магелланның ескерткіші, Чили. Магеллан Магеллан бұғазына қарап тұрғандағы суреті. |
Батискаф «Триест» сүңгуден бұрын, 23 қаңтар 1960 жыл |
Экономикалық маңыздылығы
Қазіргі кезеңде Тынық мұхитының аралдары мен жағалаулары әр-келкі орналасқан. АҚШ (Лос Анжелестен бастап Сан Франциско ауданына дейін), Жапония мен Оңтүстік Корея жағалаулары ең үлкен өндіріс шоғырланған аймаққа кіреді.[56]
Балық және теңіз өнімдерін аулау
Тынық мұхитының тропикалық енділігі және белгілі аймақтарында теңіз өнімдерін аулау маңызды. Тынық мұхиты акваториясына әлемдік балықтың 60% келеді. Олардың арасында лосось (горбуша, кета, кижуч, сима), сельдь тектестер (анчоус, сельдь, сардина), треска тектестер (треска, минтай), окунь тектестер (скумбрия, тунец), камбал тектестер (камбал). Сүтқоректілерде ауланады: кашалот, теңіз мысығы, калан, морж, сивуч; омыртқасыздар: краб, креветка, молюска. Медицина және өндіріс үшін өсімдітері де алынады. Ең олжалы аулау Тынық мұхитының Батыс Орталық және Солтүстік батысында. Ең көлемді аулау Жапония (Нагасаки, Токио, Симоносеки), Қытай (Чжоушань архипелагы, Яньтай, Циндао, Далянь), Ресей (Примор, Сахалин, Камчатка), Перу, Тайланд, Жаңа Зеландия және АҚШ өңірлерінде.[57]
Көлік жолдары
Тынық мұхиты арқылы Атлант және Үнді мұхиттары елдерін аса маңызды теңіз және әуе коммуникациялы тынықмұхиттық хауызды және транзитті жолдар жалғастырып жатыр. Аса маңызды мұхиттық жолдар Канада және АҚШ-тан Тайваньға, Қытай және Филиппиндер елдеріне апарады. Тынық мұхитының басты кемемен жүк тасымалдау бұғаздары: Беринг, Татар, Лаперуз, Корей, Тайвань, Сингапур, Малакк, Сангар, Басс, Торрес, Кука, Магеллан. Тынық мұхиты Солтүстік және Оңтүстік Америкалардың арасындағы Панама мойнағын жасанды түрде жалғастырған Панама каналы арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатыр. Ірі порттары: Владивосток (маңызды жүктер, мұнай өнімдері, балық және теңіз өнімдері, орман және аралау материалдары, металлолом, түсті метал), Находка (көмір, мұнай өнімдері, контейнер, метал, металлолом, рефжүктер), Шығыс, Ванино (көмір, мұнай), Кобе-Осака (мұнай және мұнай өнімдері, көлік және құрылғылар, автомобиль, метал және металлолом), Токио-Иокогама (металлолом, көмір, мақта, дәнді-дақыл, мұнай және мұнай өнімдері, каучук, химикат, жүн, машина және құралдар, текстиль, автомобиль, дәрі-дәрмек), Нагоя (Жапония), Шанхай (құрғақ және сұйық жүктердің барлық түрі), Сянган (текстиль, киім, талшықтар, радио және элетр тауарлар, пластмасса бұйымдар, машина, құрылғылар) (Қытай), Сингапур (мұнай өнімдері, каучук, азық-түлік, текстиль, машина және құрылғылар) (Сингапур), Сидней (басты заттар, темір рудасы, көмір, мұнай және мұнай өнімдері, дәнді дақыл), Ньюкасл (Аустралия), Окленд (Жаңа Зеландия), Ванкувер (орман жүктері, көмір, рудалар, мұнай және мұнай өнімдері, химиялық және басты жүктер) (Канада), Сан-Франциско, Лос Анжелес (мұнай және мұнай өнімдері, копра, химиялық жүктер, оман, дәнді дақылдар, ұн, ет, балық консервілері, цитрустар, банан, кофе, машина және құрылғылар, джут, целлюлоза), Лонг-Бич (АҚШ), Уаско (рудалар, балық, азық-түлік, жанармай) (Чили). Тынық мұхитында көп жақты шағын біршама порттар орналасқан.[58]
Әуе жүк тасымалдауда маңызды рөл атқарады. Ең алғашқы тұрақты рейс 1936 жылы Сан-Франциско (АҚШ) - Гонолулу (Гавай аралдары)-Манила (Филиппин). Қазіргі уақытта негізгі трансмұхиттық маршруттар Тынық мұхитының солтүстік және орталық аудандарында. Ішкі және арал аралық әуе тасымалдаудыңда мәні зор. 1902 жылы Ұлыбритания тарапынан Фанингы және Фиджи аралдарынан өтіп, Канада, Жаңа Зеландия, Аустралия Кеңестерін жалғастыратын ұзындығы 12, 55 мың км мұхит астымен телеграф сымы салынды. Радио байланысты бұрыннан кеңінен қолданысты. Қазіргі таңда Тынық мұхитында байланыс үшін байланыс ағымдары кеңейтілген жасанды жер серіктері қолданыста.[59]
Кобе порты, Жапония | MV Steve Irwin Мельбурн портында, Аустралия | Теңіз жағалауындағы паром, Филиппин | Матаверидағы LAN Airlines ұшағы |
Пайдалы қазбалары
Тынық мұхиты минералдар ошағына өте бай. Қытай, Индонезия, Жапония, Малайзия, АҚШ (Аляска), Эквадор (Гуаякир шығанағы), Аустралия (Басс бұғазы) және Жаңа Зеландияда мұнай мен газ бұрғылайды. Қолда бар есептен бойынша Тынық мұхитының кені әлемдік мұнай мен газ қорының 30-40 % құрайды.[60]
Әлемде ең үлкен көлемдегі қалайы концентратын өндіруші Малайзия, ал циркон, ильменит пен басқаларын өндіруден Аустралия елдері болып табылады. Мұхит жалпы қоры 17•10 т боларлықтай темір,марганец конкрециясына да бай. Ең кең ауқымдығы байлығы Тынық мұхитының солтүстігінде, сондай-ақ Оңтүстік және Перу қазашұңқырларында. Мұхиттың рудалық және кокрециялық байлығы марганец 7,1•10 т, никель 2,3•10 т, мыс 1, 5•10 т, кобальт 1•10 т құраған. Орегон батуында, Куриль тізбегі мен Охот теңізіндегі Сахалин шельфінде, Жапон теңізіндегі Нанкай науасында және Жапония жағалауында, Перу батуында терең су асты газ гидраттарының түзінділері табылған.[61] 2013 жылы Жапония Тынық мұхитының Токиодан солтүстік-шығыс бағытында метан гидраты кен орныннан табиғи газ бұрғылау жұмысын бастауға ниетті.[62]
Кертарапты қоры
Тынық мұхитының кертарапты қоры жан-жақтылығымен сипатталады. Бүкіл әлемдік туристтік ұйымның есебі бойынша XX ғасырдың аяғында Тынық мұхиттық аймақтарға 16% халықаралық туристтік жолдамалар тіркелген (2020 жылға 25 % жоспарлап отыр). Ең басты туристік елдер Жапония, Аустралия, Сингапур, Корей Республикасы, Ресей, АҚШ және Канада. Басты рекреакциалы аймақтар: Гавай аралдары, Полинезия мен Микронезия аралдары, Аустралияның шығыс жағалауы, Бохай шығанағы және Қытайдағы Хайнань аралы, Жапон теңізі жағалауы, Солтүстік Американың қалаларының ауданы және қалалық агломерациялық жиегі болып табылады. Туристтер ең көп келетін елдер арасында (Бүкіл әлемдік туристтік ұйымның 2010 жылғы деректері бойынша) Тынық мұхитының азиялық ауданы ерекшеленеді: Қытай (55 млн. 1 жыл ішінде), Малайзия (24 млн), Гонконг (20 млн), Тайланд (16 млн), Макао (12 млн), Сингапур (9 млн), Корей Республикасы (9 млн), Жапония (9 млн), Индонезия (7 млн), Аустрия (6 млн), Тайвань (6 млн), Вьетнам (5 млн), Филиппиндер (4 млн), Жаңа Зелеландия (3 млн), Камбоджо (2 млн), Гуам (1 млн); Оңтүстік және Солтүстік Америка жағалауындағы елдерде: АҚШ (60 млн), Мексика (22 млн), Канада (16 млн), Чили (3 млн), Колумбия (2 млн), Коста-Рика (2 млн), Перу (2 млн), Панама (1 млн), Гватемала (1 млн), Сальвадор (1 млн), Эквадор (1 млн).
Қызықты деректер
- Мұхитқа «Тынық» деген атты еуропалық жиһангез Магеллан қойған. Ол бұл мұхитты басып өткен кезде бірде-бір дауыл соқпаған. Сондықтан бұл мұхитты Тынық деп атаған.
- Әлемдегі ең терең шұңғымалар Тынық мұхитының табанында жатыр.
- Тынық мұхитындағы жер сілкінулер мен жанартау атқылаулардан кейін цунами пайда болады.
- Тынық мұхитындағы маржан аралы «атолл» деп аталады. Ол сөнген жанартаудың төбесіне жиналған маржан полиптерінен пайда болады.
Дереккөздер
- ↑ BBC. Oceans' deepest depth re-measured
- ↑ a b Поспелов Е. М. Географические названия мира: Топонимический словарь. — 2-е изд., стереотип.. — Мәскеу: Русские словари, Астрель, АСТ, 2001. — б. 191—192.
- ↑ a b Атлас океанов. Термины, понятия, справочные таблицы.— М.: ГУНК МО КСРО, 1980. С. 84—85
- ↑ Academic American encyclopedia — Grolier Incorporated. — P. 8. — ISBN 978-0-7172-2068-7.
- ↑ The Pacific Islands: An Encyclopedia — University of Hawaii Press. — P. 63–. — ISBN 978-0-8248-2265-1.
- ↑ Encyclopedia of Islands — University of California Press. — P. 706. — ISBN 978-0-520-25649-1.
- ↑ West Barbara A. Encyclopedia of the Peoples of Asia and Oceania — Infobase Publishing. — P. 521–. — ISBN 978-1-4381-1913-7.
- ↑ "Coral island", Encyclopædia Britannica. Retrieved 22 маусым 2013.
- ↑ "Nauru", Charting the Pacific. Retrieved 22 маусым 2013.
- ↑ Pacific Neighbors: The Islands of Micronesia, Melanesia, and Polynesia — Bess Press. — P. 125–. — ISBN 978-1-57306-022-6.
- ↑ Library Acquires Copy of 1507 Waldseemüller World Map - News Releases (Library of Congress). Loc.gov. Тексерілді, 20 сәуір 2013.
- ↑ a b "Физическая география материков и океанов"
- ↑ Primary Australian History: Book F [B6 Ages 10-11] — R.I.C. Publications. — P. 6. — ISBN 978-1-74126-688-7.
- ↑ Stanley David South Pacific — David Stanley. — P. 19. — ISBN 978-1-56691-411-6.
- ↑ "Life in the sea: Pacific Ocean" Мұрағатталған 14 қазанның 2014 жылы., Oceanário de Lisboa. Retrieved 9 маусым 2013.
- ↑ Ober Frederick Albion Vasco Nuñez de Balboa — Library of Alexandria. — P. 129. — ISBN 978-1-4655-7034-5.
- ↑ A Reference Guide to Latin American History — M.E. Sharpe. — P. 28. — ISBN 978-1-56324-744-6.
- ↑ Galvano Antonio The Discoveries of the World from Their First Original Unto the Year of Our Lord 1555, issued by the Hakluyt Society — Kessinger Publishing. — P. 168. — ISBN 0-7661-9022-6.
- ↑ Milton Giles Nathaniel's Nutmeg — London: Sceptre. — P. 5, 7. — ISBN 978-0-340-69676-7.
- ↑ Porter, Jonathan. [1996] (1996). Macau, the Imaginary City: Culture and Society, 1557 to the Present. Westview Press. ISBN 0-8133-3749-6
- ↑ Каплин П. А., Леонтьев О. К., Лукьянова С. А., Никифоров Л. Г. Берега // {{{тақырыбы}}} — М.: Мысль, 1991. — Б. 355—356.
- ↑ "Pacific Ocean: Islands", Encyclopædia Britannica. Retrieved 13 маусым 2013.
- ↑ Climate Prediction Center ENSO: Recent Evolution, Current Status and Predictions 5, 19–20. National Oceanic and Atmospheric Administration (30 маусым 2014). Тексерілді, 30 маусым 2014.
- ↑ Frequently Asked Questions: When is hurricane season?. National Oceanic and Atmospheric Administration. Тексерілді, 25 шілде 2006.
- ↑ "Pacific Ocean" Мұрағатталған 1 қаңтардың 2013 жылы., World Factbook, CIA. Retrieved 13 маусым 2013.
- ↑ John P. Stimac. Air pressure and wind. Retrieved on 8 мамыр 2008.
- ↑ Walker Stuart The sailor's wind — W. W. Norton & Company. — P. 91. — ISBN 9780393045550.
- ↑ "Явления Эль-Ниньо"
- ↑ Plastic waste in the North Pacific is an ongoing concern BBC 9 мамыр 2012
- ↑ Questions and Answers. History of the Spill. Exxon Valdez Oil Spill Trustee Council. Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 сәуір 2012. Тексерілді, 22 ақпан 2012.
- ↑ PHOTOS: Giant Ocean-Trash Vortex Documented-A First. News.nationalgeographic.com. Тексерілді, 31 қазан 2010.
- ↑ Gerlach: Marine Pollution, Springer, Berlin (1975)
- ↑ Тихий океан — самый большой и самый глубокий океан на Земле. Samogo.Net. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 ақпан 2012. Тексерілді, 1 ақпан 2012.
- ↑ Загрязнение океана. Форум честных правил. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 ақпан 2012. Тексерілді, 1 ақпан 2012.
- ↑ Глава III.Районы проведения ядерных испытаний. Росатом. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 22 ақпан 2012.
- ↑ Oil Spill Case Histories 1967–1991, Report No. HMRAD 92-11 — Seattle: National Oceanic and Atmospheric Administration, 1992. — P. 80.
- ↑ Мусорный остров в Тихом Океане. ECOlogoFF.Ru - экологически чистый сайт. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 ақпан 2012. Тексерілді, 31 қаңтар 2012.
- ↑ Хиросима и Нагасаки: история, свидетельства очевидцев, фотографии. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 5 наурыз 2012.
- ↑ U.S. Nuclear Testing Program in the Marshall Islands. Marshall Islands Nuclear Claims Tribunal. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 22 ақпан 2012.
- ↑ Ядерные взрывы.... Мой сайт. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 22 ақпан 2012.
- ↑ Williams Glyndwr Captain Cook: Explorations And Reassessments — Boydell Press. — P. 143. — ISBN 978-1-84383-100-6.
- ↑ Bernard Eccleston, Michael Dawson. 1998. The Asia-Pacific Profile. Routledge. p. 250.
- ↑ Проект Хроно
- ↑ Asian American Psychology: Current Perspectives — CRC Press. — P. 161. — ISBN 978-1-84169-749-9.
- ↑ Ortelius, Abraham: SOLD Maris Pacifici. Map Mogul Ltd. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 ақпан 2012. Тексерілді, 1 ақпан 2012.
- ↑ Исследование Тихого океана. Путешествия и туризм. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 ақпан 2012. Тексерілді, 1 ақпан 2012.
- ↑ Челленджер. Океанология. Океанография - изучение, проблемы и ресурсы мирового океана. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 8 ақпан 2012.
- ↑ Исследования Мирового океана в 19 в.. Океанология. Океанография - изучение, проблемы и ресурсы мирового океана. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 8 ақпан 2012.
- ↑ Исследования Мирового океана в 20 в.. Океанология. Океанография - изучение, проблемы и ресурсы мирового океана. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 8 ақпан 2012.
- ↑ Международный геофизический год. Электронная энциклопедия Pochemy.net. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 8 ақпан 2012.
- ↑ «Гломар Челленджер» и проект глубоководного бурения. Мир океана. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 8 ақпан 2012.
- ↑ 1960 — Man at the Deepest Depth. Ocean Explorer. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 8 ақпан 2012.
- ↑ Режиссер Джеймс Кэмерон вернулся из путешествия на дно Марианской впадины. ИТАР-ТАСС. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 26 наурыз 2012.
- ↑ Исследования Тихого океана и дальневосточных морей Ресейдің.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 9 ақпан 2012.
- ↑ 3.5 Батиметрические карты и базы данных. Океанология. Океанография - изучение, проблемы и ресурсы мирового океана. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 8 ақпан 2012.
- ↑ «Прогресс М-14М», пролетавший 9 суток по околоземной орбите, затопят на «кладбище» космических кораблей в Тихом океане. ИТАР-ТАСС. Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 сәуір 2012. Тексерілді, 28 сәуір 2012.
- ↑ Брокгауз-Ефрон и Большая Советская Энциклопедия объединенный словник. gatchina3000.ru. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 9 ақпан 2012.
- ↑ WORLD PORT RANKING - 2008. Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 тамыз 2012. Тексерілді, 23 шілде 2012.
- ↑ Япония начнет добывать газ на дне Тихого океана. Портал dp.ru. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 22 ақпан 2012.
- ↑ Основные черты географии туризма. Страны и континенты. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 10 ақпан 2012.
- ↑ UNWTO World Tourism Barometer. 2011 edition. Всемирная туристская организация ЮНВТО. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 мамыр 2012. Тексерілді, 10 ақпан 2012.
- ↑ Рекреационные ресурсы. Страны и континенты. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 мамыр 2012. Тексерілді, 10 ақпан 2012.
|
|
Бұл мақала қазақша Уикипедияның жақсы мақалалар тізіміне енеді. |