Хоббит немесе барып қайту (роман)
Хоббит немесе барып қайту | |
The Hobbit, or There and Back Again | |
американдық алғашқы басылымының титулдық беті | |
Авторы | |
---|---|
Түпнұсқа тілі | |
Жариялануы | |
Баспагер |
Allen & Unwin |
Шығарма мәтіні Уикикітапта |
«Хоббит немесе барып қайту» (ағылш. The Hobbit, or There and Back Again) — ағылшын жазушысы Джон Р. Р. Толкиннің фэнтези жанрында жазылған және бірінші нұсқасы 1937 жарық көрген романы. Сақиналар әміршісі атты жалғасы бар.
Қысқаша мазмұны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Романның негізгі кейіпкері - Бильбо атты хоббит. Бұл кейіпкер тыныш өмірге үйренген, хоббит үңгірінде тыныштықта тұратын. Бірақ бір күні оның өмірі күрделі, аяқтан басқа айналған өзгеріске ұшырайды: бұл ергежейлілермен бірге Жалғыз тауға сапар. Бұрында таудың ішінде гномдардың корольдігі болатын, бірақта ол Смауг атты айдаһармен тонатылып, басылып алынған. Гномдардың сапарының мақсаты, тауды өздеріне қайтару, себебі олардың арасында Дара таудың нағыз корольі Еменсауытты Торин болатын.
Сапарда тағыда сиқыршы Гэндадьф қатысты. Гэндальф болмаса, Билбо хоббит үңгірінде тыныш өмір сүре беруші еді, себебі Гэндальфтің өзі Бильбоны Торинға ұсынған.
Сапарда басты кейіпкерлер көптеген қиындықтарға тап болады: оларды трольдар тағамда дайындаған, гоблиндар тұтқындаған, дәу қасқырлар мен өрмекшілер қуатын, эльфтер тұтқындап түрмеде ұстайтын. Бірақ барлық кезде де Бильбо мен Гэндальфтің көмегімен роман кейіпкерлері қиындықтары жеңеді.
Гоблиндардың үңгірлерінде Бильбо мен гномдар бөлініп кетеді, себебі кішілерді гномдар тұтқынға алады. Бильбо аман қалады, бірақ та таудың одан терең жағына құлайды. Есін жиғанда алдынан алтын сақинаны табады. Бұл Голлум атты кері кейіпкердің сақинасы болатын. Сақинаны киген адам басқаларға көрінбейтін болатын.
Дара тауға жеткенде кейіпкерлер таудың байлығын қайтарғысы келетін, бірақ та айдаһарды оятып жібереді. Айдаһар таудан ұшып шығып гномдарды іздейді, бірақ таба алмай жақын арадағы "Көлді қала" ауылына ұша кетеді. Қала толығымен айдаһардың отынан күйіп кетеді, бірақта Бард атты тұрғын мерген айдаһарды оның әлсіз жеріне атып, өлтіреді. Сонымен барлық байлық Торин мен оның тобына беріледі.
Ауылдың тұрғындары, эльфтармен бірге Дара тауға барып алтынның біраз бөлігін сұрайды, бірақта Еменсауытты Торин оларға ештеңе бұйырмайды. Осы арада айдаһардың өлгенін естіп, орктар мен гоблиндар келеді. Осы арада бес корольдіктің шайқасы басталады: бір жақтан орктар мен гоблиндер, ал екінші адамдар, эльфтар және гномдар. Гномдар жеңілген, бірақ та Торинде ауыр жарақаттанады.
Билбо Гэгдальфпен бірге аулына оралады, бірақ оның үйындегі барлық зат сатылымда тұрады. Себебі оның жоқ кезінде адамдар оны өлген деп санаған. Бильбо гномдардан бірақ алтын алған, бірақ хоббиттерде бұл үлкен капитал болатын. Жайғасып, Бильбо өзінің Барып қайту романын жаза бастайды.