Агнозия (грек. a — қаз. теріс бөлшек + gnosis — қаз. білім)— бас миы жоғарғы бөліктерінің зақымдану салдарынан адамның қабылдауында танып білу қабілетінің бұзылуы. Танымдық орекеттердің (үрдістердің) қору, есту, сипау және басқа түрлерінің зақымдалғанын анық байқауға болады. Мыс., мидың жүлын алабы зақымдалса, адам өзі көріп тұрған суреттерінің бейнесін дұрыс пайымдай алмайды. Оның тек жеке бөлшектерін ғана қабылдайды. Ол сөйлей алса да нәрселердің мәнді белгілерін мәнсіз белгілерінен ажырата алмайды. Ондай адамдардың ақыл ойы қалыпты болып көрінгенімен қабылдау үрдісінде ақаулық байқалады. Олардың кеңістікті қабылдауы (сипап сезуі, қимыл- қозғалысы) көру тітіркеңдіргііптерін күшейту арқылы ғана іске асады. Мидың желке алабы мен төбе бөлігінің төменгі алаптарының зақымдалу салдарынан кеңістікте дұрыс бағдар таба алмайды. Ауру өздігінен киіне алмайды, киімдерінің етек-жеңін, шалбарының балағы мен ышқырлығын, қамзолының жағасы мен етегін шатастыра береді, өз төсегін де сала алмайды. Ұстаған заттарының тік және көлбеу жағдайын ажырата білмейді. Сіріңке шырпыларынан құрастырылып қорсетілген геометриялық фигураларды өздігінен құрай алмайды, әріптердің таңбасын оңды - солды ауыстырып жазады, қолының саусақтарын дұрыс атап көрсете алмайды. Есту Агнозия сына ұшыраған адамдар нәрселерде дыбыстарына қарай ажырата алмайды, сағат механизмінің соғуын, қоңырауынын сылдырын, иттің үргенін де ажырата білмейді Ондай адамдардың танып биіуіндегі кемістіктері мидың самай алабының зақымдалу салдары екендігі аңықталған. Ондай адамның есту қабілеті болғанымен, айтьшған создсрді ол дұрыс түсіне алмайды. Ал сипау сезімдері зақымдалған адамдар оздерінің көрген нәрселерін көздерін жұмдырып, сол нәрселерді сипау арқылы байқап көргенде оларды танып біле алмаған. Мұндай кемістік мадың төбелік алабының зақымдылған білдіреді. Адамның танып білу қабілетінен ажырау себептерін зерттеу нәтижелері ондай адамның зақымдалған мүшелерін емдеп, оқу-тәрбие істерінде арнайы амал-тәсілдер қолданып, оның қабылдауын қалыпқа түсіруге болатындығын көрсетеді. Агнозия — ми сыңарларының локалды зақымдануы салдарынан адамның бұрын көргенін, естігенін, түйсінгенін қайтадан тани алмауы. Агнозия келесі түрлерін ажыратады:

  1. визуалды Агнозия көз откірлігінің сақталуының өзінде объектілерді, заттар мен олардың кескіндерін тұтас тани алмау, оларды бөлшектей алмау;
  2. тактилді Агнозия — заттар мен объектілерді сипап үстауда оларды тани алмау немесе өз денесінің локустарын танудың бұзышуы. соматоагиозия деп аталатын дене құрылымы жөнінде аберрациялық, бұрмаланған түсінік;
  3. кеңістіктік Агнозия — заттар мен олардың кескіндерін қабьшдаудың сақталуында адамдардың түрлерін тани алмау;
  4. есту Агнозия — естудің фонематикалық қасиеттерінін, яғни сөйлеудегі дыбыстарды ажыратудың бұзылуы;
  5. әріптік Агнозия — оқудың бұзылу түрлерінің бірінің негізінде жататын Агнозия түрі;
  6. симультандық Агнозия — бір мезгідде қабылда- натын заттар мен құбылыстардың санының құрт азаюы.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6