Адамды ұрлау (ағылш. theft; kidnapping; abduction of man) - қылмыстық заңга сәйкес — жеке адамға қарсы қылмыс.

  • Адамды ұрлау — төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  • Дәл сол әрекет:
  1. алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
  2. бірнеше рет;
  3. өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып;
  4. қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
  5. кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты;
  6. кінәліге жүктілік жағдайында екендігі керінеу әйелге қатысты;
  7. екі немесе одан да көп адамға қатысты;
  8. пайдакүнемдік ниетте жасалса - мүлкін тәркілеп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады
  • Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
  1. ұйымдасқан топ жасаса;
  2. ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалса;
  3. абайсызда жәбірленушінің өлуіне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, — мүлкін тәркілеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады..[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша заңдык түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6