Бөкейхан Барақұлы

Бөкей Барақұлы (шамамен 1737–1819) — сұлтан, хан. Тұрсын ханның немересі, Барақ ханның баласы, Әлихан Бөкейхановтың 5-атасы.

Өмірбаяны

өңдеу

1749 жылы Бөкей әкесінің тапсыруымен өзінің төлеңгіттерімен бірге Түркістан аймағынан Солтүстік-Шығыс Қазақстан өңіріне қоныс аударып, қаракесектің бигелді аталығына сұлтан болып сайланды. 18 ғасырдың 50-жылдарының басында Коряков бекінісі (қазіргі Павлодар қаласы) маңын қоныстанып, Орта жүз қазақтарының жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасына қатысты. Бөкей 18 ғасырдың 80–90-жылдарында Ресейден Орта Азияға бағытталған сауда керуендерінің қазақ даласы арқылы өтуіне, сауда жолы торабын Петропавлдан Ямышев бекінісіне ауыстыруға атсалысты. Осы мақсатта Бөкей 1785 жылы атақты би Сарыбағыш Атакебатыр басшылығымен Ресейде болған бірінші қырғыз елшілігіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1786 жылы 2 тамыз бен 1787 жылдың қаңтары аралығында Бөкейдің тапсыруымен құрамында баласы Батыр сұлтан, 2 старшын мен 2 төлеңгіті бар қазақ өкілдігі Санкт-Петербургте болып қайтты. 18 ғ-дың 90-жылдарының басында Ташкент билеушісі Жүніс қожамен тығыз қарым-қатынаста болып, одан 1740–1750 жылдары әкесі Барақ ханның иелігінде болған Иқан қонысын қайтарып алды. Ол жерде Түркістан өңірі Бұхар хандығының қол астына өткенге дейін Бөкейдің қысқы ордасы болды. Бөкей 1816 жылдың басынан Орта жүздегі қаракесек, төртуыл руларына Уәли ханмен бірге билік жүргізді. 1817 жылы маусымда Коряков бекінісінен 180 шақырым жердегі Жайылма өзені бойында хан болып жарияланды.

Бөкейдің 5 әйелінен 11 баласы болған. Балаларының бірқатары Ресей императорларының арнайы жарлығымен 19 ғасырдың 20–30-жылдары Ресей империясының дворяндар сословиесіне кірді. Бөкей Түркістанда жерленген.[1]

Ұрпақтары

өңдеу
  1. Шыңғыс-хан: Жамантай (Тұрсын), Солтан(Сұлтан), Ормахай, Абдылда, Жолды, Сіралы, Көшек, Жәңгір, Жәнібек, Көшкінбай, Асан, Жанай, Серғазы
  2. Көксал: Әли, Тонғаш
  3. Тәуке: Құсбек, Тубек, Арыстанбек, Қашқымбай, Молдахан, Аппаз, Бопы, Жошы,
  4. Уәли: Онқа, Жәдек
  5. Есім: Сығай 1790гр, Шанқай, Сәмеке 1810гр, Калдаман (Калдан)
  6. Жәңгірр:
  7. Батыр: Рүстем, Мырзатай, Әшімтай, Бексұлтан,
  8. Бөрі:
  9. Сұлтанғазы 1773гр: Құдайменді 1806гр, Тәуке, Абылай, Оспан 1818гр, Дайыр, Сыздық 1826гр, Әбубәкір 1823гр, Бабахан 1832гр, Өмір 1811гр, Ханқожа 1830гр,
  10. Әбілғазы Әбілпейіз, 4 сына
  11. Әлеке Нұрпейіс, Абылай
  12. Абет, (Әбілмәмбет) Машатай, Нұралы, 7 ұл

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том