Жерқұлақ

саңырауқұлақ түрі

Жерқұлақ - (лат. Tuber melanosporum)  - жейтін саңырауқұлақтардың ең қымбаты, 1 кг жерқұлақ Еуропа базарында 1000 еуро тұрады. Өте биік бағаланатын деликатес. "Дастарқаның қара бриллианты" деген атауға еге болған.

Жерқұлақ
лат. Tuber melanosporum
лат. Tuber melanosporum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Саңыракқұлақтар
(unranked) Pezizomycetes
Сабы: Pezizales
Тұқымдасы: Tuberaceae
Тегі: Tuber melanosporum
Vittad. 1831

Биологиялық сипаттама

өңдеу

Жерқұлақтың вегетативтік денесі жердің астында ораласады, қисық дөңгелекке ұқсас 3-9 см диаметрінде, 4-6 тегіс емес қыры болады.
Сыртының түсі қызыл-қоңырдан қараға дейін.
Іші қатты, ақшыл-сүр немесе ақшыл-қызыл мәрмәр суретті. Өскен сайын қарайып қара-қоңыр болады.
Өзіне сай қатты хош иісі болады. Дәмі өте жағымды, қышқылдау болады.
Споралары 35-25 мкм ұршық тәрізді сопақша келген, қисық.
Көбіне еменнің немесе басқа ірі ағзалардың өміріне байланыста болып ол қашан иесі тіршілігін жойып, қурап біткенге дейін онымен бірге тіршілік ете береді. Жер астыда 2-3 см-дан жарты метрге дейін тереңдікте өседі.
Жабайы шошқалардың ауес асы. Саңырауқұлақтың хош иісі жабайы шошқаларды тартып, солардың арқасында споралар таралады.
Адамдар асқа пайдалау үшін саңырауқұлақтарды қарашадаң наурызға дейін тереді.

Таралуы

өңдеу

Ең кең таралған жері - Францияда, орталық Италияда және Испанияда. Әсіресе Фрацияның оңтүстік-батыс Дордонь, Ло, Жиронда департаменттерінде және Воклюз оңтүстік-шығыс департаментінде.

Дереккөздер

өңдеу
  • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Сыртқы сілтемелер

өңдеу