Борнхольм аралы (Bornholm) – Балтық теңізінің оңтүстік-батыс бөлігіндегі арал. Данияның қармағында. Жері 588 км². Халқы - 41 802 адам (2011). Борнхольм аралының солтүстік бөлігі архейлік граниттен, оңтүстік бөлігі палеозой мен мезозойдың құм тасы, тақта тасы және әк тасынан түзілген. Жері морена және су мен мұздық шайып әкелген шөгінділерден құралған адырлы жазық, биіктігі 162 м. Оңтүстік-шығысы мен батыс жағасын бойлай қылқан жапырақты ағаш отырғызылған құм төбелер алып жатыр. Жерінің 17%-ке жуығы орман. Саз бен каолин бар. Гранит алынады. Басты қаласы және порты-Ренне. [1]

Дереккөзі

өңдеу
  1. «Қазақ Совет энциклопедиясы»/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1973, II том