Израильдің Иранға соққысы (қазан 2024)

2024 жылы 26 қазанда Израиль Иранға бірқатар соққы жасады. Біріншісі Иранның зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне бағытталса, екінші және үшінші соққылар дрон мен зымыран өндірілетін базалар мен өндірістік нысандарға жасалды.[1]

Израильдің Иранға соққысы
Орын

Иран

Себеп

Иранның Израильге зымыран соққысы

Қарсыластар

 Израиль

 Иран

Тараптар күші

жүзден астам жойғыш[2]

белгісіз

Шығындар

жоқ

екі әскери қызметші[3]

Израиль Қорғаныс Армиясы ресми хабарлама жасап, бірнеше айға созылған Иранның шабуылдарына жауап ретінде әскери нысандарға дәл соққылар жасағанын мәлімдеді. Jerusalem Post дерегінше, шабуылға 100-ден астам ұшақ, соның ішінде заманауи F-35 ұшағы да қатысқан.[4]

Хронология

өңдеу

Израиль қорғаныс армиясы түн ішінде Иранға бірқатар соққылар жасап, олардың нүктелі және әскери нысандарға бағытталғанын мәлімдеді. Бірнеше сағаттан кейін Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Тегеран, Хузестан және Илам провинцияларындағы базаларға шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шабуылдар сәтті тойтарылған, бірақ кейбір позицияларға «шектеулі зиян» келтірілген.[5]

Реакция

өңдеу
Израиль:

ЦАХАЛ баспасөз хатшысы Даниэль Хагари арнайы бейнежазбада Израиль авиациясының Ирандағы әскери нысандарға соққы жасағанын және оқиғалар туралы қоғамды үнемі хабардар етіп отыратынын айтты. Sky News Arabia арнасы шабуыл нысандарының бірі баллистикалық зымырандарды ұшыру базасы болғанын хабарлады. Шабуыл тек әскери нысандарға жасалғаны, ядролық және мұнай инфрақұрылымдарына тиіспегені айтылды.[4]

"Иран бүгін түнде үлкен қате жасады және оның орнын толтырады. Иран режимі біздің мықтылығымызды түсінбеген. Біз белгілеген ережені ұстанамыз: кім бізге шабуыл жасаса, біз оған шабуыл жасаймыз", – деді Нетаньяху.
Иран:

Иран ақпарат агенттіктері Тегеранда бірнеше жарылыстың болғанын хабарлады. Израильдің 12-ші телеарнасы шабуылдың екінші толқыны Шираз қаласына және оның маңайына бағытталғанын айтты. Иран армиясының басшылығы көптеген шабуылға қарсы тұрып, әуе соққыларын сәтті тойтарғандарын, барлық жау ұшақтары атып түсірілгенін жария етті.[4]

Дереккөздер

өңдеу