Мадера
Мадера — Мадейра аралының атымен аталған ақ немесе қызғылт жүзім сорттарынан дайындалынған күшті шарап түрі. Осы атпен аталатын көптеген шарап түрлері бар. Нағыз мадера Португалияның Мадейра атты аралында өсірілетін жүзімнен дайындалынатын табиғи десертті шарап. Алғашқы 5—6 жылда ағаш бөшкелерде, содан кейін 25— 40 жыл аралығында шыны бөтелкелерде сақталынады. Бұл кезде бөтелке бетіне әк тәріздес тығыз түнба жабысады, ал шарап таза және ерекше дәмге ие болады. Мадера шарабының ерекшелігіне оны жылытылатын қоймаларда сақталынуы жатады. Мадераның құрғақ, қызыл және ликер төріздес түрлері болған. Қазіргі кезде осы атгас шараптар жай портвейн тәрізді шарап түріне айналды. Жүзім езіндісі мен суслосын ашытып кейін үстіне спирт қосады. Шарапты ұзақ мерзімде сақтау үшін оны қыздыру процесін мадеризация деп атайды.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |