Һуараң (кор. 화랑, сөзбе-сөз: гүлденген бозбала) — ежелгі Кореялық Силла патшалығында X ғасырға дейін болған жасөспірімдер әлеуметтік институты. Һуараңдар қатарына тек ақсүйектер емес, сондай-ақ қара халықтан шыққан 14-15 жастағы жасөспірімдер де алынған. Бейбіт заман кезінде олар Құң-зы және буддизм ілімдерінен сабақ алумен, таулы аңғарлармен серуендеумен, қасиетті жерлерге барумен, сондай-ақ мемлекетті басқару мен «қызба перілері» мен қауіп нышандарын айдау, жауды кері шегіндіру сияқты ғажайып күштерге ие әндерді шығарумен айналысқан. Ал соғыс кезінде алдыңғы қатарда тұратын негізгі күш болған. Һуараңдардың ерлігі жайлы корей жылнамаларында Самгук саги және Самгук юса сияқты көптеген деректер кездеседі.

Һуараң
Хангыль 화랑
Ханча 花郞
Маккьюн —
Райшауэр
Hwarang
Жаңа романизация Hwarang

Һуараңдардың рухани сауаты Жинпиоң патша (579-631) тұсында өмір сүрген Уоңуаң есімді будда монахы құрастырған «Бес өсиетке» негізделген:

  1. Патшаға адал бол (сагун ичхуң; кор. 사군이충?, 事君以忠?)
  2. Ата-анаңмен инабатты бол (сачхин ихё; кор. 사친이효?, 事親以孝?)
  3. Достарыңмен шынайы бол (кёу исин; кор. 교우이신?, 交友以信?)
  4. Шайқаста батыл бол (имджон мутхве; кор. 임전무퇴?, 臨戰無退?)
  5. Тіріні өлтірмес бұрын талғампаз бол (сальсэң ютхэк; кор. 살생유택?, 殺生有擇?)

Тағы қараңыз

өңдеу

Сыртқы сілтемелер

өңдеу