Шығыс Жетібай мұнай кен орны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
18:05, 2019 ж. ақпанның 11 кезіндегі Kasymov (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа Маңғыстаумұнайгаз» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шығыс Жетібай мұнай кен орныОңтүстік Маңғыстау ойысымындағы мұнай кен орны. Құрылым 1963-1964 жылдары анықталып, 1965 жылы іздестіру жұмыстары басталды. 1967 жылы кен орны ашылды.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Маңғыстау облысында, Ақтау қаласының оңтүстік-шығысында 110 км жерде орналасқан.

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кен сыйыстырушы көтерілім Өзен-Жетібай антиклин өңірінде орныққан. Сеноман жікқабатының табанымен (тұйықтаушы изогипса -400 м) құрылымының өлшемдері 2,8x1,4 км, амплитудасы 10 м; неоком жікқабатының табаны бойынша оның өлшемдері 4,2x1,6 км-ге, амплитудасы 25 м-ге дейін жетеді. Ортаңғы юра таужыныстарында 7 өнімді горизонт бөлінген, олардың 5-еуі байос, 2-еуі аален жікқабатының шөгінділерінен орын алған.

Қанығу сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жинауыштары кеуекті, литологиялық құрамы жөнінен құмтастар мен алевролиттерден құралған, ашық кеуектілігі 17-18%, өтімділігі 0,059-0,118 мкм2. Өнімді горизонттардың жалпы қалыңдығы 3,2-68 м-ге дейін өзгереді, тиімді қалыңдығы 2,1-37 м-ге дейін, мұнайға қаныққаны 1,3-2,5 м-ге дейін жетеді. Мұнайға қанығу коэффициенттері 0,58-0,63-ті құрайды. Газға қанығу коэффициенттері 0,5-0,59. Бір жатын шомбал, екіншісі - қойнауқаттық, литологиялық тұрғыдан қалқаланған, қалғандарынікі - қойнауқаттық күмбездік. Төрт жатын мұнайлы, үшеуі - газды мұнайлы (газ бүркемесімен үстемеленген). Мұнайлы бөлік жатындарының биіктігі 10-12 м-ден 31-38 м-ге, газды жатындардың биіктігі 7-9 м-ге дейін ауытқиды. Су-мұнай жапсарлары -1952-2195 м-ге дейінгі абсолют белгілерде орналасқан, бір су-мұнай жапсары көлбеу екені анықталды. Бастапқы қойнауқаттық қысым 21,5 МПа-дан 24,5 МПа-га, температура 89-98°С-қа дейін жетеді. 7 мм-лік штуцердегі мұнайдың бастапқы шыгымдары 1,1-20 м3/тәулікке, газдыкі 32-49 мың м3/тәулікке дейінгі шаманы құрайды. Бір өнімді горизонттың бастапқы газдық факторы 57 м33, өзге жатындарынікі 90 м33 болды.

Тығыздығы, құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жоғарғы горизонттардың мұнайы ауыр, тығыздығы 895 кг/м3, аз күкіртті (0,15%), мол парафинді (19%), силикагель шайырлардың мөлшері жоғары (32,4%-га дейін), асфальтендер 3,8%-ды құрайды. Тереңірек орналасқан жатындар мұнайының тығыздығы 862-865 кг/м3, бұларда парафин мөлшері жоғарылап, 28,3%-ға жетеді, силикагель шайырлардың мөлшері төмендеп, 19,3%-ға дейін кемиді, сонымен қатар асфальтендер мөлшері жоғарылап, 18,9%-ға дейін өседі.

Еріген газдар құрамында метан басымырақ, тереңдеген сайын оның мөлшері біраз төмендейді (81,05-84,68%-дан 79,04%-ға дейін). Ауыр көмірсутектер 13,3%-дан 16,7%-ға дейін. Тереңдеген сайын этан мен пропан мөлшерінің жоғарылауы байқалады, 2-4% азот, 0,12-0,86% көмір қышқыл газы және бейтарап газдар бар. Газды тақиялардың газдарында 85% метан, 8,6-15% ауыр көмірсутектер бар. Хлоркальцийлі типті қойнауқат суларының тығыздығы 1110 кг/м3, минералдылығы 160 г/л.

Су құрамында аз мөлшерде йод, бром, бор бар. Жатындардың режимі серпінді суарынды. Кен орны 1978 жылдан бері игерілуде.