Юта

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
21:28, 2023 ж. қаңтардың 3 кезіндегі Kasymov (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Esenzhoooooool (т) өңдемелерінен Kasymov соңғы нұсқасына қайтарды)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту
АҚШ штаты

Юта
ағылш. Utah

Юта туы Юта мөрі
Юта туы Юта мөрі
АҚШ картасындағы Юта штаты

Штат ұраны

«Жігер» («Industry»)

Штат әні

Юта, керекті жер

Штат лақапаты

«Омарта Штаты» (ресми), «Мормондар Штаты», «Дезерет Штаты»

Астанасы

Солт-Лейк-Сити (орыс.)

Ең ірі қаласы

Солт-Лейк-Сити

Тұрғыны

3 271 616 (2020 жыл)
30−орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
14,12 адам/км²

Ауданы

13−орын
- барлығы
219 887 км²
- су беті
7 136 км² (3,25 %)
- ендік
37° с. е. бойынша 42° с. е., 435 км км
- бойлық 109°3' б. б. бойынша 114°3' б. б., 565 км км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі 4120,3 м м
- орташа биіктігі 1 860 м
- минимал биіктігі
664,4 м

Штат статусын иеленуі

1896 жыл 4 қаңтар
45 ретпен
- штат болмай тұрып
Юта жері

Губернаторы

Спенсер Кокс

Вице-губернаторы

Дейдра Хендерсон

Заң шығару органы

Юта легислатурасы
- жоғарғы палатасы Юта сенаты
- төменгі палатасы Юта өкілдігінің палатасы

Сенат мүшелері

Майк Ли
Митт Ромни

Уақыт белдеуі

UTC−7/−6


Юта (ағылш. Utah) — АҚШ-тың батысында, Сеңгір тауларының маңында орналасқан штат. Солтүстік-шығысында Вайоминг, шығысында Колорадо, оңтүстігінде Аризона, батысында Невада және солтүстігінде Айдахо штаттарымен шектеседі. Орталығы мен ең ірі қаласы — Солт-Лейк-Сити (орыс.).

1896 жылы 4 қаңтарда Юта АҚШ құрамына 45-ші штат ретінде енеді. Юта АҚШ-тың транспорттық штаты болып келеді, осы жерде ақпарат технологиясы, ғылымы,тау кен өнеркәсібі мен туризмі өте дамыған.

Этимологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Штаттың аты Юталар тайпасының атауынан шыққан, және олардың тілінде ол "Тау адамдары" дегенді білдіреді.

Шамамен 2 мың жыл бұрын Колорадо үстіртінің маңында ежелгі анасази мәдениеті пайда болады. Кейін сол жерде пуэбло мәдениеті қалыптасады да, штаттың оңтүстік-шығысында олардың тұрғын үйлері табылады. Еуропалықтардың келген кезінде ол жерде юталар, пайуттар, навахо мен гошуттар мекендеген.

Юта жерінде 1540 жылы бірінші келген еуропалықтардың қатарында Франсиско Васкес де Коронадо (орыс.) мен оның сарбаздарын айтып кетуге болады. Олар Жеті Алтын қалаларды іздестірген екен. Бұл — Пиреней түбегінде пайда болған Солтүстік Америка жерінде тығылған алтынға бай қалалар туралы аңыз болатын.

1776 жылы екі француз миссионерлері Сильвестре де Эскаланте мен Франсиско Домингес Санта Фэ мен Калифорния арасында жол жүйесін құрастыру мақсатымен Юта жеріне экспедиция жасаған. 1840 жылдары Юта жері Калифорниядан жүретін жолдар мен көші-қону үшін ғана қолданылатын, ол жерде зерттеулер сирек жүретін. 1847 жылы осы жерге мормондар бірінші рет Илльянойдан келеді.

Юта халқының 87%-ы қалаларда тұрады, және бұл Ютаны ең урбандалған штаттардың қатарына қосады. Халықтың шамамен 80%-ы Уосатч-Фронт ауданында тұрады, оның орталығы — Солт-Лейк-Сити (орыс.).

Юта діни жақтан біртектес штаттардың бірі болып келеді, өйткені халқының 60%-ына жуығы — мормондар. Бұл олардың күнделікті өмір салтына және дәстүрлеріне әсер тигізеді.

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Юта