II Әбділхамит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
19:24, 2023 ж. ақпанның 10 кезіндегі Muzaffar Turgunov (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

II Әбділхамит
осман. عبد الحميد ثانی‎ — Abd ül-Hamîd-i sânî
Мүміндер әмірі
Екі киелі қаланың қызметкері
II Әбділхамит
Лауазымы
Ту
Ту
Османлы мемлекетінің 34-ші сұлтаны
Ислам халифатының 99-шы халифі
31 тамыз 1876 — 27 сәуір 1909
(Лақап аты Ұлы II Әбділхамит)
Ізашары V Мұрат
Ізбасары V Мехмет
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 22 қыркүйек 1842 (1842-09-22)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Қайтыс болуы 10 ақпан 1918 (1918-02-10) (75 жас)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Жерленді II Махмұт мазары, Ыстамбұл
Династия Османлы әулеті
Әкесі I Әбділмәжит
Анасы Тірімүжган сұлтан
Жұбайы Нәзікеда қатынәпенді
Бедрифелек қатынәпенді
Сафиназ Нұрефзун қатынәпенді
Бидар қатынәпенді
Ділпесент қатынәпенді
Мезиде Местан қатынәпенді
Емсалинұр қатынәпенді
Айша Дестізер Мүшфиқа қатынәпенді
Балалары Ұлдары:
Мехмет Сәлім әпенді
Ахмет Нұри әпенді
Мехмет Әбділқадір әпенді
Мехмет Бұрханеддин әпенді
Әбдірақым Хайри әпенді
Ахмет Нұреддін әпенді
Мехмет Бадреддін әпенді
Мехмет Әбіт әпенді
Қыздары:
Рафия сұлтан
Айша сұлтан
Шадие сұлтан
Наиле сұлтан
Фатима Наиме сұлтан
Зекие сұлтан
Үлуие сұлтан
Қадиша сұлтан
Әлия сұлтан
Жәмиля сұлтан
Салиха сұлтан
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
II Әбділхамит Ортаққорда

II Әбділхамит (осман. عبد الحميد ثانی‎ — Abd ül-Hamîd-i sânî; 22 қыркүйек 184210 ақпан 1918) — Османлы мемлекетінің 34-ші сұлтаны, Ислам халифатының 99-шы халифі.

II Әбділхамит 1842 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны I Әбділмәжит шаңырағында дүниеге келді. 93 күн билеген ағасы V Мұрат телілігіне байланысты 1876 жылдың 31 тамызында тақтан тайдырылды. Оның орнына таққа II Әбділхамит отырды.

Билеген жылдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
II Әбділхамит тұғрасы

Түркиядағы осы қапылысты сәтті өз ықпалын жүргізуге пайдаланғысы келген Ресей 1877 жылдың 24 сәуірінде Османлы мемлекетіне соғыс ашты. Бұл соғыс тарихта "93 соғысы" (түр. 93 Harbі) деген атпен әйгілі. 1878 жылдың 31 қаңтарында Сан-Стефано бітім шарты жасалды. Соғыс ауыр зардаптармен аяқталды. Алайда ол өзінің саясатының арқасында сұлтан Ұлыбританияны шартты мойындаудан бас тартқызды.Артынан Берлин бітім шарты жасалынды. II Әбділхамит енді бүкіл әкімшілік істерін өз қолына алып, сыртқы саясат мәселелеріне ерекше ден қойды. 1878 жылдың 20 мамырында Ресеймен, 4 шілдесінде Ұлыбританиямен, тамызында Германиямен, 1881 жылдың 12 мамырында Франциямен, 2 тамызында Грекиямен бітім шарттарға қол жеткізді. II Әбділхамит ішкі саясатта мемлекеттік құрылымды жетілдіруде түрікшілдік бағытын ұстанды. Сыртқы саясатта ірі мемлекеттер мен кіші мемлекеттердің өзара теңдігі қағидасын сақтай отырып, жер көлемі 10 млн км²-тан асатын Османлы мемлекетінің тұтастығын қорғай алды. II Әбділхамит 1909 жылдың 27 сәуірінде тақтан түсіп, оның орнына 33 жыл бойы санжақбей болған інісі V Мехмет таққа отырды.

II Әбділхамит одан кейін тағы 9 жыл өмір сүріп, 75 жасында дүниеден өтті. Мәйіті II Махмұт мазарында жерленді.[1]

Садрағзамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты
250 Мүтержім Мехмет Рүшді паша 31 тамыз 187619 желтоқсан 1876 4 ай
251 Мидхат паша 19 желтоқсан 18765 ақпан 1877 3 ай
252 Ибраһим Атхам паша 5 ақпан 187711 қаңтар 1878 2 жыл
253 Ахмет Хамди паша 11 қаңтар 18784 ақпан 1878 1 ай
254 Ахмет Уәпік паша 4 ақпан 187818 сәуір 1878 2 ай
255 Мехмет Садық паша 18 сәуір 187828 мамыр 1878 1 ай
256 Мүтержім Мехмет Рүшді паша 28 мамыр 18784 маусым 1878 7 күн
257 Мехмет Есет Савфет паша 4 маусым 18784 қазан 1878 4 ай
258 Қайыреддін паша 4 қазан 187828 шілде 1879 9 ай
259 Ахмет Әріпи паша 28 шілде 187918 қазан 1879 3 ай
260 Кіші Мехмет Сейіт паша 18 қазан 18799 маусым 1880 8 ай
261 Мехмет Қадір паша 9 маусым 188012 қыркүйек 1880 3 ай
262 Кіші Мехмет Сейіт паша 12 қыркүйек 18802 мамыр 1882 2 жыл
263 Әбдірахман Нұреддін паша 2 мамыр 188212 шілде 1882 2 ай
264 Кіші Мехмет Сейіт паша 12 шілде 188230 қараша 1882 4 ай
265 Ахмет Уәпік паша 1 желтоқсан 18823 желтоқсан 1882 2 күн
266 Кіші Мехмет Сейіт паша 3 желтоқсан 188224 қыркүйек 1885 3 жыл
267 Мехмет Кәміл паша 24 қыркүйек 18854 қыркүйек 1891 6 жыл
268 Ахмет Жеват паша 4 қыркүйек 18919 маусым 1895 4 жыл
269 Кіші Мехмет Сейіт паша 9 маусым 18953 қазан 1895 4 ай
270 Мехмет Кәміл паша 3 қазан 1895қараша 1895 1 ай
271 Халил Рыфат паша қараша 18959 қараша 1901 6 ай
272 Кіші Мехмет Сейіт паша 13 қараша 190115 қаңтар 1903 1 жыл
273 Мехмет Фарит паша 15 қаңтар 190322 шілде 1908 5 жыл
274 Кіші Мехмет Сейіт паша 22 шілде 19086 тамыз 1908 15 күн
275 Мехмет Кәміл паша 6 тамыз 1908ақпан 1909 6 ай
276 Ахмет Тәупік паша 31 наурыз 190927 сәуір 1909 1 ай

Қызықты деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • II Әбділхамиттің тұсында османлы сұлтандарының ішінде ең көп садрағзамдық ауысты. Садрағзамдар 26 рет ауысты.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары
Ізашары
V Мұрат
II Әбділхамит
31 тамыз 187627 сәуір 1909
Ізбасары
V Мехмет
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит ·
V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф)
Әулет · Шежіре · Санат