Корея Республикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
23:20, 2024 ж. наурыздың 4 кезіндегі Kasymbot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (clean up, replaced: Кваңджу (тіке қарасты қала) → Куаңжу (3) using AWB)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Координаттар: 36°31′00″ с. е. 127°48′00″ б. б. / 36.51667° с. е. 127.80000° б. б. / 36.51667; -127.80000 (G) (O) (Я)
Корея Республикасы
대한민국
大韓民國
Дәһан Мингүк
Герб Оңтүстік Корея
Байрақ Елтаңба
Ұран: «널리 인간 세계를 이롭게 하라 (Адамзатқа пайда келтіру, 홍익인간
Әнұран: «Эгукка, 애국가» (тыңдау )
Тарихы
Құрылды 1392 жыл Чосон
Тәуелсіздік күні 15 тамыз 1945 жылы (Жапон империясынан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері Корей тілі және Korean Sign Language
Елорда Сеул
Ірі қалалары Сеул, Пусан, Инчхон, Кваңджу, Тэгу, Тэджон, Ульсан
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Премьер-Министрі
Ұлттық жиын
Төрағасы

Жоғарғы Сот
Төрағасы
Юн Сөк Йөл
Ким Бу Гөм
Пак Бөн Сог

Яң Сың Тхэ
Мемлекеттік діні зайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 107-ші орын
100 363 км²
0,3
Жұрты
• Сарап (2019)
Тығыздығы

51 709 098[1] адам (28-ші)
507 адам/км² (23-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

2,241 трлн.[2] $ (14-ші)
43,212[2] $ (29-шы)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

1,699 трлн.[2] $ (11-ші)
32,766[2] $ (28-ші)
АДИ (2017) 0,903[3] (өте жоғары) (22-ші)
Этнохороним корейлер
Валютасы Оңтүстік Корея вонасы
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .kr .한국
ISO коды 410, KR, KOR
ХОК коды KOR
Телефон коды +82
Уақыт белдеулері UTC+9
Корея Республикасы
Хангыль
Ханча
Маккьюн —
Райшауэр
Taehan Min’guk
Жаңа романизация Daehan Min-guk
Бұл бетте корей тіліндегі мәтіні қолданылған. Шығыс Азиялық жазуларды қолдаушының көмегінсіз сіз корей әріптерінің орнына сұрақ белгісін (?) немесе басқа да таңбаларды көруіңіз мүмкін.

Корея Республикасы (кор. 대한민국?, 大韓民國? Тэханмингук), бұрын Корей Республикасы деп аталған[4], ресми бекітілген қысқартылған атауы Корея (кор. 한국?, 韓國? Хангук немесе кор. 대한?, 大韓? Тэхан, таңғы балғындық елі)[5] — Корей түбегінде орналасқан Шығыс Азиядағы мемлекет. Астанасы — Сеул. БАҚ өкілдері жиі қолданатын, мемлекеттің бейресми атауы — Оңтүстік Корея.

Корей мемлекеттілігі біздің дәуірімізге дейінгі 3-4 ғасырлардан басталады. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі бойынша Корея бұрын Жапония империясының қол астында болған кезде КСРО-ның қарамағына өткен солтүстік бөлікке, ал оңтүстік бөлігі АҚШ-тың қарамағына бөлінді. Корея Республикасы 1948 жылы 15 тамызда Америка аймағында құрылды, содан кейін 9 қыркүйекте Кеңес Халықтық Демократиялық Республикасы деп жарияланды. Кейінгі Корей соғысы (1950-1953) елдің бөлінуін нығайтты.

Этимология

Тағы қараңыз: Корея атаулары

Корей тілінде Корея Республикасы Тэхан мингук (대한민국тыңдау , 大韓民國) деп аталады. Дегенмен толық атаудың Хангук (한국, 韓國) немесе Тэхан (대한, 大韓) деген қысқартылған атаулары жиірек қолданылады. Кей уақытта Намхан (남한), яғни «Оңтүстік Хан» деген атау да қолданылады, бұл атау «Солтүстік Хан», яғни Солтүстік Корея елінің атауы болып табылатын Пукхан (북한, 北韓) деген сөзге қарама-қарсы бағытта қолданады. «Хан» сөзі Корей түбегін мекен еткен ежелгі Самхан тайпалық одағының атауына қатысты, ал «Корея» сөзі б.з 9181392 жылдары Корей түбегінде өмір сүрген Корё мемлекетінің атауынан шыққан. Корё сөзінің өзі Корей түбегінің солтүстік аймағын, сондай-ақ қазіргі Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігі мен Ресейдің Жапон теңізі бойындағы жерлерінде орналасқан ежелгі Когурё мемлекетінің атауынан шыққан.

Goryeo 1392 жылы Чосон мен ауыстырылғаннан кейін, Чосон бүкіл территория үшін ресми атауға ие болды, дегенмен ол жалпы қабылданған жоқ. Жаңа ресми атау ежелгі Кочосон елінде (ескі Чосон) пайда болды. 1897 жылы Чосон әулеті елдің ресми атауын Чосон Даехан Джегукқа (Корей империясы) өзгертті.[6][7] Дэехан (Ұлы Хан) есімі Самханнан (Үш Хан) шыққан, Корей түбегіндегі ежелгі конфедерацияларды емес, Кореяның үш патшалығын білдіреді. Алайда, Чосон есімін корейлер өз еліне сілтеме жасау үшін әлі де кеңінен қолдана бастады, дегенмен бұл ресми атау болмады. Жапондықтардың билігі бойынша Хан және Джозеон деген екі есім бірге болды. Тәуелсіздік үшін күрескен бірнеше топ болды, олардың ішіндегі ең маңыздысы - Корея Республикасының Уақытша Үкіметі (대한 민임시 임시 정부 / 大韓民國 臨時 政府).

Тарихы

Бөлінерге дейінгі тарихы

Толық мақаласы: Корея тарихы
Оңтүстік Кореядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысаныСоккурам үңгірі
Пархэ және Силла, 830 жыл
1377 жылдары Когурё мемлекетінде жазылған кітап

Корея тарихы б.з.д. 2333 жылы Чосон мемлекетінің (әдетте XIV ғасырда билік құрған Чосон әулетінен айыру мақсатында Кочосон деп атау қабылданған, Ко- префиксі «ежелгі», «ерте», «алдыңғы» деген мағынаны білдіреді) құрылуынан бастау алады. Корей аңыздарына сəйкес Кочосон мемлекетінің негізін Тангун қалаған.[8][9][10] Аңыз бойынша Маньчжурияның Ляолин аймағы мен Корей түбегінің солтүстік-батыс өңірінде көптеген тайпалар пайда болды. Тангун осындай тайпалардың бірінің басшысы болған және корей ұлтының негізін қалаған. Тангун көптеген кіші тайпаларды біріктіріп, Кочосон мемлекетінің негізін қалаған болатын. Кочосон елін б. з. д. 108 жылы қытайдың әйгілі Хань мемлекеті басып алып, елде 4 әкімшілік округ құрады.

Ертедегі үш патшалық және Кая

Қала негізіндегі мемлекеттер кейіндері тайпалық бірлестіктерге қосылып, күрделі саяси жүйе қалыптастыра бастады. Мұндай бірлестіктердің қосылуы – патшалықтардың пайда болуына себепші болды. Сондай алғашқы патшалық б. з. д. 37 – б. з. 668 жылдар аралығында өмірген сүрген Когурё мемлекеті. Мемлекет негізін Хань патшалығына қарсы шыққан Кореяның әйгілі қолбасшысы Тоңмёңсоң уаң (Жумоң уаң) қалаған. Жумоң уаң бүкіл корей халқын қытай басқыншылығынан азат етіп, бүкіл Корей түбегінің солтүстігін бір мемлекетке бағындырды.

Б. з. д. 18 – б. з. 660 жылдары өмір сүрген Пэкче мемлекеті де ертедегі үш патшалықтың бірі. Бұл патшалықтың негізін Тоңмёңсоң уаңның кенже ұлы Онджо уаң қалаған. Аталған патшалық Хангаң өзенінің төменгі сағасында, қазіргі Сеул қаласы орналасқан жердегі қаланың негізінде пайда болған.

Силла патшалығы (б. з. д. 57935 жыл) Корей түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл мемлекет сол кездегі үш патшалықтың ішіндегі ең әлсіз, әрі артта қалған болатын. Алайда Силла Қытайдан айтарлықтай шалғай орналасқандықтан мұнда Қытайдың ықпалы әлсіз болды.

Кая конфедерациясы Нактонган өзенінің сағасында мекендеген бірнеше солтүстік тайпалардың бірлестігі ретінде қалыптасты.

Біріккен Силла мен Пархэ

VI ғасырдың ортасында Силла мемлекеті Кая конфедерациясының құрамына кірген барлық қалаларды өзіне қосып алды. 668 жылы Силла патшалығы Қытайдың Тан әулетімен одақтастық туралы келісімге келіп, Корей түбегін толықтай өз бақылауына алды.

676 жылы Силла Тан әулетінің Когурё мен Пэкче патшалықтарын жаулап алу жоспарына тойтарыс берді. Бұдан кейін Пэкче патшалығынан шыққан тайпалар Пархэ мемлекетін құрды.

Корё

935 жылы ішкі талас-тартыстың нәтижесінде Силла мемлекеті ыдырап, Корей түбегінде жаңа Корё мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекеттің алғашқы билеушісі Уаң әулетінің негізін салушы Уаң Гон (Тхэджон). Уаң әулетінің тұсында Корей түбегі алғаш рет бір мемлекеттің құрамына бірікті.

Чосон

Толық мақаласы: Чосон

Чосон (кор. 조선) — 1392 жылдан 1897 жыл аралығында Корей түбегінде өмір сүрген мемлекет. Бұл кезеңде елді Ли әулеті басқарған. Мемлекеттің ресми атауы — Ұлы Чосон Мемлекеті (кор. 대조선국 Тэджосон-гук), 1897 және 1910 жылдар аралығындағы атауы — Корей империясы (кор. 대한제국 Тэхан чегук).

Жапон басқыншылығы

Толық мақаласы: Корея - Жапония отары

XIX ғасырда Корея Батыстың дипломатиялық қатынас орнату талпынысына қарсылық көрсетіп келді. Осы кезде Азия мен Еуропа елдері Корей түбегіне билік жүргізу мүмкіндігіне ие болу үшін өзара бақталастық үстінде еді.

1910 жылы Қытай мен Ресейге қарсы соғыста жеңіске жеткен Жапония Кореяны жаулап алып, отаршылдық билік орнатты. Отаршыл үкімет Корея территориясында генерал-губернаторлық құрды.

1919 жылдың 1 наурыз күні елдің барлық өңірлерінде бейбіт шеру орын алды. Көтерісшілер үкіметтен елдің тәуелсіздігін талап етті, тарихта бұл оқиға «бірінші наурыз қозғалысы» немесе Самиль қозғалысы (кор. 삼일운동) деген атаумен қалды. Жапон үкіметі аталған шеруді күшпен басты. Бұл оқиғадан кейін 1919 жылдың 13 сәуірінде Шанхайда корей ұлтшылдары Корея Республикасының Уақытша Үкіметін (кор. 대한민국 임시정부 Тэхан мингук имси чоңбу) құрады. Қазіргі таңда Корея Республикасы 1 наурызда «Тәуелсіздік күнін» тойлайды.

Бөлінгеннен кейінгі тарих

Оңтүстік Корея тарихы 1945 жылдың жазында түбектегі билікті бөлісу жөнендегі Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы келісім-шарттың қабылдану сәтінен бастау алады. Келісім-шартта Корея түбегінен өтетін 38 параллельдің оңтүстік бөлігі АҚШ-тың құзыретіне, ал солтүстік бөлігі КСРО құзыретіне өтетіндігі жазылған

Корея Республикасының Конституциясы бойынша жапон басқыншылығы кезінде қудаланған Корея Республикасының Уақытша Үкіметі 1919 - 1948 жылдар аралығында мемлекетте билік құрған заңды үкімет болып табылады. Ел тарихында демократиялық және авторитарлы басқару кезеңдері алмасып отырды. 1948 жылы Ли Сың Ман Оңтүстік Кореяның бірінші Республикасын, яғни алғашқы тәуелсіз үкіметін құрады. Алғашқыда демократиялы ел болған Бірінші Республика 1960 жылдарға дейін автократты басқару жүйесін ұстанды. Қазіргі кезде мемлекет басында Алтыншы Республика билік етуде.

Оңтүстік Корея үкіметі тәуелсіз мемлекет болып құрылған сәттен бастап білім беру жүйесін, экономикасы мен мәдениетін дамытуда үлкен істер атқарды. 1960 жылдары аграрлы саясат ұстанған, кедей мемлекет қазіргі таңда дамыған өнеркәсіптік мемлекетке айналды. Экономикада бұл ғажайыпты «Хангаң өзені бойындағы ғажайып» (кор. 한강의 기적) деген атауға ие.

Географиясы, климаты және пайдалы қазбалары

Географиясы

Чеджудо аралына көрініс

Корея Республикасы – Корей түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жер аумағы — 100 210 км² құрайды, әлем бойынша 109–орында. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының жер аумағы бойына ең кішкентай Солтүстік Қазақстан облысымен шамалас.

Түбек батысында – Сары теңізбен, шығысында – Жапон теңізімен, ал солтүстігі – Корей бұғазы мен Шығыс Қытай теңізімен шайылып жатыр.

Жер бедері негізінен таулы, жазық далалар территорияның тек 30% алып жатыр.

Корей түбегінің жағалауында шамамен 3000-нан астам адам мекендемейтін ұсақ аралдар орналасқан. Ең ірі арал — Чеджудо аралы.

Жер бедері және пайдалы қазбалары

Корей түбегіндегі ең биік нүкте – Пэктусан тау жотасы болып саналады. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 2744 метр, Қытай мен Солтүстік Кореяның шекарасында орналасқан. Ал Корея Республикасының территориясындағы ең биік нүкте – Чеджудо аралында орналасқан Халласан (1950 м) сөңген жанартауы болып табылады. Елдің орталығы мен шығысын Шығыс Корей таулары (кор. 태백산맥) алып жатыр.

Оңтүстік Кореяда бірнеше көлдер мен ірілі ұсақты өзендер бар, солардың ішіндегі ең ірі өзен – Нактонган өзені (ұзындығы 506 км, бассейні 23 384 км²) болып табылады. Ол Тэгу, Пусан секілді ірі қалалар арқылы ағып өтеді. Сондай-ақ Хангаң (481,7 км) өзені елдің астанасы - Сеул қаласын кесіп өтеді.

Климаты

Кореяның климаты табиғат мезгілін анық ажыратуға мүмкіндік береді. Елдің әртүрлі аймақтарындағы ауа температурасы да қатты өзгеріп отырады. Орташа температура ауытқуы шамамен 6 °C (43 F) тан 16 °C (61 F) ға дейін. Климаты жағынан — муссонды, жазы – ыстық, әрі ылғалды, қысы – біршама суық және құрғақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері Сеулде 1370 миллиметрден Пусанда 1460 миллиметрге дейін құбылады.

Мемлекеттік басқару жүйесі

Конституция

Корея Республикасының тұңғыш Конституциясы 1948 жылдың 17 шілдесінде қабылданған. Осы күнге дейін көптеген саяси дүрбелеңдер мен төңкерістер салдарынан Конституцияға тоғыз рет өзгерту енгізілген. Ең соңғы өзгерту 1987 жылы 29 қазан күні жасалды.

Конституция Преамбуладан, 130 бап пен 6 толықтырудан тұрады. Құрылымы 10 тарауға бөлінген:

  • I тарау: Жалпы бөлім;
  • II тарау: Азаматтардың құқықтары мен міндеттері;
  • III тарау: Ұлттық жиналыс;
  • IV тарау: Атқарушы билік;
  • V тарау: Соттар;
  • VI тарау: Конституциялық сот;
  • VII тарау: Сайлау жүйесі;
  • VIII тарау: Жергілікті өзін-өзі басқару;
  • XIXтарау: Экономика;
  • X тарау: Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер;
  • Қосымшалар.

Президент

Мун Джэ Ин
Корея Республикасы Парламентінің ғимараты, Сеул

Корея Республикасының мемлекет басшысы – президент болып табылады. 2017 жылдың 10 мамыры заңгер, саясаткер және мемлекеттік қайраткер — Мун Джэ Ин Корея Республикасының 12-президенті болып сайланды.

Парламент

Корея Республикасының Парламенті 300 орыннан тұратын, бір палаталы Ұлттық жиын (кор. 대한민국 국회, Ұлттық жиналыс), заң шығарушы орган.

245 депутат мажоритарлық жүйе бойынша бір мандатты округтарда, ал 54 – ұлттық партия тізімі бойынша сайланады. Депутаттардың өкілеттілігі – 4 жыл.

Парламентке депутаттарды сайлау 1948 жылдан бастап жүргізілуде. 1972 жылдан 1988 жылдар аралығында елде диктаторлық жүйе болғандықтан, жалған сайлаулар жүргізілді. 1998 жылдан бастап Оңтүстік Корея демократиялық ел болып есептеліп, сайлау бес жылда бір рет жүргізілетін болды.

Әкімшілік бөлінісі

Оңтүстік Корея 9 провинцияға (то), 6 провинцияға теңестірілетін қала-метрополияға (1995 жылға дейін тікелей орталыққа бағынатын қала (кваңёкси) деп аталынған), және 1 ерекше статусқа ие қалаға (тхыкпёльси) бөлінген. Олар өз кезегінде бір қатар кіші бірліктерге бөлінеді: қала (си), уезд (кун), қалалық муниципалды аймақ (ку), кент (ып), болыс (мён), аудан (тон) және ауыл (ри).

Карта Қазақша атауыa Хангыль Ханча Халқыc
Ерекше статусты қала (Тхыкпёльси)a
Сеул 서울특별시 서울特別市b 9,989,795
Қала-метрополия (Кваңёкси)a
Пусан 부산광역시 釜山廣域市 3,509,462
Тэгу 대구광역시 大邱廣域市 2,484,864
Инчхон 인천광역시 仁川廣域市 2,935,314
Кваңджу 광주광역시 光州廣域市 1,472,285
Тэджон 대전광역시 大田廣域市 1,516,208
Ульсан 울산광역시 蔚山廣域市 1,173,143
Арнайы автономиялы қала (Тхыкпёль чачхиси)a
Седжоң 세종특별자치시 世宗特別自治市 230,327
Провинция (До)a
Кёңгидо 경기도 京畿道 12,610,877
Каңвондо 강원도 江原道 1,548,603
Чхуңчхоң-Пукто 충청북도 忠淸北道 1,586,943
Чхуңчхоң-Намдо 충청남도 忠淸南道 2,085,844
Чолла-Пукто 전라북도 全羅北道 1,865,900
Чолла-Намдо 전라남도 全羅南道 1,904,314
Кёңсаң-Пукто 경상북도 慶尙北道 2,702,385
Кёңсаң-Намдо 경상남도 慶尙南道 3,368,792
Арнайы автономиялы провинция (тхыкпёль чачхидо)a
Чеджудо 제주특별자치도 濟州特別自治道 634,274

Халқы

Корея Республикасының түпкілікті, əрі негізгі халқы – корейлер. XIX ғасырдың аяғыннан бастап бұл жерде он мынан астам қытайлар да қоныстанған. 2006 жылғы сарап бойынша Кореядағы қытайлар саны 20 700 адамды құрады. Олардың басым бөлігі Тайвань азаматтары[11]. Соңғы жылдары Кореяда шет ел азаматтарының саны артуда. 2012 жылғы мəліметтерге[12] сəйкес Кореяда 1,4 млн шет ел азаматтары тұрып жатыр. Олардың 293 мыңы елде қысқа мерзімді виза арқылы, 944 мыңы ұзақ мезімді виза арқылы, ал 188 мыңы тұрғылықты мекен-жайымен тұрып жатыр. Шетелдіктердің жартысынан көбі – Қытай Халық Республикасының азаматтары, оның ішінде үштен бірі – этникалық кəрістер.

Оңтүстік Кореядағы саны 5000 асқан иммигранттар тобының тізімі
Оңтүстік Кореядағы иммигранттардың
туған жерлері (2011 жыл)
Саны
 Қытай 549 751
 АҚШ 122 659
 Вьетнам 90 931
 Жапония 47 718
 Филиппин 45 913
 Тайланд 44 701
 Моңғолия 30 674
 Индонезия 29 859
 Қытай Республикасы 27 062
 Өзбекстан 21 249
 Канада 19 393
 Шри-Ланка 15 506
 Бангладеш 10 863
 Пәкістан 9 820
 Ресей 9 622
 Камбоджа 9 204
 Непал 8 164
 Колумбия 8 000
 Аустралия 7 466
 Үндістан 6 364
 Ұлыбритания 5 024

Діні



Корея Республикасындағы дін (2005 жыл)[13]      Дінсіздер (46.5%)     Буддизм (22.8%)     Протестантизм (18.3%)     Католицизм (10.9%)     Басқа діндер (1.7%)

Оңтүстік Кореяның негізгі діндері — дәстүрлі буддизм және жақында ғана елге енген христиан діні. Алайда 500 жыл бойы Чосон әулетінің ресми идеологиясы болып есептелген конфуциандық ілімі мен корей халқының негізгі діні болған шаманизм аталған екі ағымға да өз әсерін тигізді.

Оңтүстік Корея үкіметінің 2003 жылы жиналған статистикалық мәліметтеріне сәйкес халықтың 46% ешбір дінді ұстанбайды. Христиандықтардың үлесі 29,3% құрайды (18,3% — протестанттар, 10,9% — католиктер), ал буддизм дінін ұстанушылардың үлесі — 22,8% құрап отыр.

Елдегі өзге дін өкілдерінің үлесі 2,5% құрайды. Олар негізінен даосизм, конфуциандық және христиандық сияқты діндердің кейбір элементтерінен құралған Вонбульгё, Чхондогё сиықты мектептердің шәкірттері.

Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда 150 мыңнан астам ислам дінінің өкілдері бар (0,1%), олардың ішінде 40 мыңы корейлер. Ислам дінінің Корея елінде пайда болуы – 19501953 жылдары орын алған Корей соғысына Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан келген түрік әскерлерінің арасында болған Әбдіррахман, Әбділғафур Қараысмайылоғлы, Зүбайра Кош есімді имамдардың келуімен байланыстырылады. Сол кездері түрік әскерлеріне арнайы тұрғызылған уақытша шатырлы мешіттер корейлерге ислам діні жайлы ақпарат тарататын орынға айналды.

Соғыс аяқталғаннан кейін Кореяда шағын болса да белсенді умма қалыптасып, 1955 жылы ислам дінін халық арасына таратумен айналысатын Корей ислам қоғамы құрылды. Корей ислам қоғамының ұйымдастыруымен алғашқы Корейлік имам тағайындалды. Ал 1967 жылы елдегі 60-қа жуық мешітті басқаратын Корей мұсылман федерациясы құрылды. 1976 жылы Сеул қаласында ағылшын, корей және араб тілдерінде білім беретін медресесі бар Сеул Орталық мешіті ашылды.

Білімі

Елдегі білім және ғылыммен 2008 жылы білім министрлігі мен ғылым және техника министрліктерінің бірігуінен пайда болған Корея Республикасының білім, ғылым және техника министрлігі айналысады. Оңтүстік Кореяда білім беруде математика, корей тілі және ағылшын тілі пәндеріне, сондай-ақ нақты ғылымдарға аса жіті назар аударылады.

Елдегі жетекші жоғарғы оқу орындары:

Білім беру жүйесінің жалпы құрылымы мынадай:

Деңгей Корейше атауы Оқу жылының ұзақтығы Міндетті ме?
Бастауыш мектеп кор. 초등학교?, 初等學校? 6 жыл Иә
Орта мектеп кор. 중학교?, 中學校? 3 жыл Иә
Жоғары мектеп кор. 고등학교?, 高等學校? 3 жыл Жоқ
Колледж кор. 전문대학?, 專門大學? 2 жыл Жоқ
Университет кор. 대학?, 大學? 4 жыл Жоқ

Тілі

Толық мақаласы: Корей тілі

Корей Республикасының мемлекеттік тілі - корей тілі. Корей тілі, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның солтүстігіндегі шекаралас көршісі – Солтүстік Кореяның да мемлекеттік тілі болып табылады. Сонымен қатар Қытай, Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан және басқа да Орта Азия елдерінде де корейлер тұратындықтан корей тілінің сөйлеушілері бар. Жалпы корей тілінде 78 млн адам сөйлейді. Зерттеушілердің басым көпшілігі бұл тілді оқшауланған тілдерге жатқызады[14], алайда кейбір ғалымдардың пайымдауы бойынша ол алтай тілдерінің жанұясына кіреді[15]. Корей тілі — қазақ тілі сияқты SOV тәртібіндегі Жалғамалы тілдердің бірі болып табылады.[16].

Елдің әртүрлі өңірлерінде сөйлеу ерекшеліктеріне қарай бірнеше кішігірім диалекттер қалыптасқан. Дегенмен тіл нормаларының стандарты ретінде Сеул өңіріндегі диалект қабылданған. Кеңес Одағының құрамына енген Орта Азиялық мемлекеттерде тұратын корейлерді корё-сарам деп, ал олар сөйлейтін диалектіні корё-мар деп атайды.

Халықаралық қатынастар

БҰҰ Бас хатшысы – Пан Ги Мун

Оңтүстік Корея 188-ден астам елмен дипломатиялық қатынас орнатқан. Ол 1991 жылы Солтүстік Кореямен бір мезетте Біріккен Ұлттар Ұйымына кірген. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі – Пан Ги Мун БҰҰ Бас хатшысы болып қызмет атқарды.

2010 жылы Оңтүстік Корея Еуропа одағымен еркін сауда жүргізу жөнінде келісімге қол қойды[17]. Оңтүстік Корея дәл осындай келісімді Канада[18] және Жаңа Зеландия елдерімен орнатқан[19]. 2010 жылдың қараша айында Оңтүстік Корея Сеул қаласында G-20 саммитін қабылдады. 2018 жылы Оңтүстік Кореялық Пхёнчхан қаласында XXIII Қысқы Олимпиада ойындары өтеді.

Қазақстан

Сурет:Moon Jae-in and Kassym-Jomart Tokayev.jpg
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұн Же Ен және Пак Кын Хе
Нұрсұлтан Назарбаев және Пак Кын Хе

Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 28 қаңтарында орнаған. Сол жылы Оңтүстік Корея Алматы қаласында өзінің елшілігін ашты, ал 1996 жылы Қазақстан өз елшілігін Сеул қаласында ашты. Содан бері екі елдің арасындағы қарым-қатынас барлық салаларда қарқынды дамып келеді. Қазақстан Республикасының бұрыңғы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 және 2003 жылы екі мәрте ресми іс-сапармен Корея елінде болып қайтты. Оңтүстік Корея президенті Но Му Хён 2004 жылы және 2009 жылы Ли Мён Бак ресми іс-сапармен Қазақстанда болды[20]. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты сауда айналымы 750 млн АҚШ долларын құрады, ал 1993 және 2008 жылдар аралығында, яғни 15 жылдың ішінде Кореядан Қазақстанға салынған тікелей инвестиция көлемі 3 млрд. долларды құрады. Қазақстанда 300-ге жуық бірлескен қазақ-корей кәсіпорындары жұмыс істейді.

Корея Республикасының экс-президенті Пак Кын Хе 2014 жылдың 19 маусымында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Кездесу барысында екі ел арасындағы визасыз режим орнату жөнінде және басқа да бірнеше келісімге қол қойылды.[21].

2019 жылдың 21 сәуірі Оңтүстік Корея президенті Мұн Же Ен Қазақстанға мемлекеттік сапар жасап келді. Сапар аясында сауда-экономикалық қарым-қатынастарға қатысты екі жақты серіктестік мәселелері талқыланып, Корей түбегіндегі мәселе көтеріліп, бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды. Солардың бірі — Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықтың жаңартылған «Самал жел» бағдарламасы. Бағдарламаға сәйкес қос ел арасында жаңа технологиялар, инфрақұрылым, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастық орнатылады.

Қазақстанда 2011 жыл – Оңтүстік Корея жылы болып жарияланған.

АҚШ

Президент Пак Кын Хе АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуде, 7 мамыр 2013 жыл

Америка Құрама Штаттары мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1950 жылы орнатылған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Оңтүстік Корея АҚШ құзыретіне, ал солтүстіктегі КХДР Кеңес Одағының құзыретіне өтті. Корей соғысынан кейін Оңтүстік Корея мен АҚШ екі елдің қайсысына болмасын Тынық мұхиты тарапынан жүргізілген кез-келген шабуылға бірлесіп жауап қайтару жөніндегі «Өзара қорғаныс шартына» қол қойды.[22] Сондықтан Оңтүстік Кореяшарт бойынша 1967 жылғы Вьетнамдағы соғысқа өзінің әскерін көмек ретінде жіберуге міндетті болды.

2007 жылы Оңтүстік Корея мен АҚШ екі ел арасындағы еркін сауда жөнінде келісімге қол қойды, алайда екі елдің заңды органдардың келісімді бекітпейінше оны ресми іске асыру тоқтатыла тұрды. 2011 жылдың 12 қазанында АҚШ Конгрессі тығырыққа тірелген еркін сауда келісімін бекітуге қол қойды.[23] Келісім 2012 жылдың 15 наурызында өз күшіне енген болатын[24].

Қытай

2010 жылы Қытай Халық Республикасы Оңтүстік Кореялық экпорт (КР экспортының 23,2%) және импорт (Кореяға импорт 16,8%) бойынша бірінші орынға орнықты. Екі ел арасындағы тауарайналымы 19942010 жылдар аралығында 11,7 млрд доллардан 100 млрд долларға өсті.[25]. Негізі Корея мен Қытай арасында тарихи тығыз байланыс орнатылған. Оңтүстік Корея мемлекеттігін алмай тұрып, яғни Жапон басқыншылығы кезінде корей ұлтшылдары қытай әскерлерімен әріптестік қатынаста болды. Алайда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Оңтүстік Корея Америка Құрама Штаттарымен жақындасып, ал ҚХР Корей соғысында Солтүстік Кореяға көмектесті. Соның нәтижесінде Қытай мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынас жойылды. Ресми түрде екі ел арасындағы дипломатиялық байланыс тек 1992 жылдың 24 тамызында қайта орнады. Қос мемлекет арадағы 40 жыл бойы жалғасқан тауарлық тыйым салуды (эмбарго) жойды[25]. Корея Республикасы Қытаймен байланыс орнатқаннан кейін Тайвань мемлекетімен арадағы ресми қатынастарды тоқтатты[26].

Еуропа Одағы

Еуропа Одағы мен Оңтүстік Корея маңызды сауда әріптестері болып табылады. Еркін сауда жөнінде келісім 2010 жылдың қыркүйек айында бекітіліп, 2011 жылдың 1 қыркүйегінде өз күшіне енген болатын.[27] Еуроодақ үшін Оңтүстік Корея — ірілік бойынша сегізінші сауда әріптесі, ал Оңтүстік Корея үшін Еуроодақ — екінші орындағы ірі экспортер. 2008 жылы ЕО пен Оңтүстік Корея арасындағы тауарайналым мөлшері €65 миллиардтан асып түсті.[28]

Еуропа Одағы Оңтүстік Корея үшін ең ірі шетелдік инвесторға айналды. 1962 жылдан бастап есептегенде 2006 жылы тікелей шетелдік инвестиция мөлшері 45% құрады.[28]

Жапония

Лианкур аралдары

Корея Республикасы мен Жапония арасында дипломатиялық қатынастар 1965 жылдың желтоқсан айында «Жапония мен Корея арасындағы байланыс жөіндегі негізі келесім» (жапон. 日韓基本条約; кор. 한일기본조약) негізінде орнаған. Дегенмен жапон басқыншылығы кезеңінде орын алған жағдайлардың салдарынан туындаған даулар Оңтүстік Кореяның антижапондық көзқарас ұстануына себеп болып отыр. Сол даулардың бірі – қазіргі кезде Оңтүстік Кореяның меншігі болып табылатын Лианкур аралдарына Жапонияның наразылық білдіруі.

2014 жылы World Service BBC екі елдің бір-біріне көзқарасы жайлы сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде жапондардың 13% Оңтүстік Кореяға оң пікірде, ал 37% теріс пікір ұстанады. Корейлердің 15% Жапонияға оң көзқарас білдіреді, ал 79% теріс пікір ұстанады. Бұл Оңтүстік Кореяның Жапонияға деген теріс көзқарасының айғағы болып саналады[29].

Солтүстік Корея

Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы саяси, дипломатиялық және әскери байланыс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, яғни Корея мемлекетінің екіге бөлінгенінен кейін орнады.

1950 жылдың 25 маусымында КХДР мәңгі президенті Ким Ир Сен екі елді бір орталыққа бағындыру мақсатында Оңтүстік Кореяға соғыс ашады. Соғыс үш жылға созылып, Корей соғысы (кор. 한국 전쟁) деген тарихқа енді. Соғысқа Оңтүстік Корея атынан БҰҰ енген бірнеше мемлекеттер қатысты, ал Солтүстік Кореяның жақтастары – КСРО және Қытай болды.

2014 жылы World Service BBC Оңтүстік Корея халқының Солтүстік Корея еліне көзқарасы жайлы сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде Оңтүстік Кореялықтардың 3% Солтүстік Корея жайлы оң пікірде болса, ал 91 % теріс пікір ұстанады екен.

Қарулы күштері

«Ұлы Седжон» эскадралық миналы кемесі (DDG 991)

Көршілес агрессорлардың шабуылдары мен Солтүстік Кореямен арадағы шиеленіскен жағдайлар – Оңтүстік Кореяның мемлекеттік бюджеттің 15% әскерге жұмсауына және елдегі ер азаматтарының міндетті әскери борыш өтеуіне себепкер болып отыр[30]. Оңтүстік Корея белсенді әскерлер саны бойынша әлемде жетінші орынды (2012 жылы 655 мың),[31], резервтік әскерлер саны бойынша екінші орынды (2012 жылы 4,5 млн) және қорғаныстық бюджет көлемі бойынша он бірінші орынды иеленіп отыр. Мемлекет жан басына шаққандағы әскери қызметкерлер саны бойынша КХДР-дан кейінгі екінші орында[32].

Оңтүстік Корея қарулы күштері құрлық әскерлерінен, әскери-теңіз күштері, әскери-әуе күштері және теңіз жаяу әскері корпусы сияқты әскер түрлерінен құралған. Әскердің басым бөлігі демилитарландырылған аймақта шоғырланған. Әрбір Оңтүстік Кореялық ер азамат конституция бойынша әскери борышын өтеуге міндетті. 2011 жылға дейін корейлер әскери міндеттен босатылған болатын. Қазіргі таңда армияда қызмет ету мерзімі – 21 ай[33].

Сондай-ақ жыл сайын 1800 корейлік ер азаматтар америкалық армия құрамындағы корей жасағында (KATUSA) қызмет етеді[34]

Экономикасы

Оңтүстік Кореяның аралас экономикасы[35][36][37] әлемде жалпы ішкі өнімнің номиналдық құны бойынша 11-ші орында, ал аларман қабілет тепетендігі бойынша 13-ші орынды алып отыр. Оңтүстік Кореядағы жан басына шаққандағы АҚТ бойынша жалпы ішкі өнім 100 АҚШ долларынан (1963 жылы) 35 000 АҚШ долларына дейін жетті (2014 жылы). Бұл көрсеткіштер Оңтүстік Кореяны G20 ұйымындағы ірі экономикалы елдер қатарына қосады.

Оңтүстік Корея жан басына шаққанда жоғары табысты экономикасы бар дамыған ел және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің арасындағы ең индустриалды дамыған ел.

Артықшылықтары
  • әлемдегі ең ірі кеме өндіруші ел (нарықтағы үлесі – 45%)
  • Қытай Халық Республикасында корей тауарларына деген, әсіресе автокөліктерге сұраныс өте жоғары.
Әлсіз жақтары
  • сыртқы қарыздар және халықаралық капитал қозғалысына сезімталдылық
  • мемлекеттік сектор экономиканы ауырлатуда.

1940 жылдары мемлекет экономикасы ауыл шаруашылығын және жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған болса, соңғы бірнеше оңжылдықта мемлекет жеңіл өнеркәсіп пен халық тұтынатын тауарлар өндірісіне көшті. Ал XX ғасырдың 70-ші және 80-ші жылдардан бастап ауыр өнеркәсіпті дамытуды. Ел президенті Пак Чоң Хи 1962 жылы бірінші бесжылдықтың басталатындығын жариялағаннан бастап 30 жыл ішінде ел экономикасы қарқынды өсіп, экономика құрылымы үлкен өзгеріске ұшырады. 19601990 жылдардағы жоғары көрсеткіштер Корея Республикасын Сингапур, Гонконг және Тайвань сияқты «Азия жолбарыстарының» қатарына қосты.

Транспорт, энергетика және инфрақұрылым

350 км/сағ жылдамдықпен жүретін дамыған KTX-Sancheon жүрдек пойызы
Тэгу метросының үшінші бағыты

Оңтүстік Кореядағы транспорт авто және темір жолдар, әуе және теңіз магистральдары сияқты елдің транспорттық коммуникация жүйесін құрайды. Жоғары жылдамдықта жүретін KTX пойыздары Кёнбусон сияқты бағыттармен байланысты қамтамасыз етеді. Сеул, Пусан, Инчхон, Тэгу, Тэджон және Кваңджу сияқты ірі қалалардың метрополитендері бар.[38] Қалалардың көбісінде экспресс-автобус терминалдары орналасқан.[39]

Оңтүстік Кореяның ең ірі әуежайы болып саналатын халықаралық Инчхон әуежайы 2001 жылы салынған. 2010 жылғы деректер бойынша әуежай жылына 30 млн жолаушыға қыз көрсеткен[40]. Елдің тағы бір ірі халықаралық әуежайлары — Кимхэ және Чеджу. Сондай-ақ жеті ішкі әуежайлар мен көптеген тікұшақ станциялары бар.[41].

Халықаралық Инчхон әуежайының маглев станциясы

1962 жылы құрылған Korean Air әуекомпаниясы 2008 жылы 21,64 млн жолаушыға, оның ішінде 12,49 млн шетелдіктерге қызмет көрсетті[42]. Оңтүстік Кореялық әуекомпаниялары 297 халықаралық маршрутқа қызмет көрсетеді.[43]

2010 жылғы деректерге сәйкес Оңтүстік Корея АЭС саны бойынша әлемде бесінші орында, ал Азияда бірінші орында[44]. АЭС елдегі электр қуатының 45 % жеткізеді, бұл әр түрлі заманауи реакторлардыі дамуына себепші.

Оңтүстік Корея ядролық реакторлар экспорттаушысы болып табылады және БАӘ[45], Иордания[46][47], Аргентина[48][49] елдерімен жеткізу жөнінде келісім-шарт орнатқан. 2010 жылғы жағдайлар бойынша Оңтүстік Корея мен Түркия елдері екі реактор құрылысы жөнінде келіссөздер жүргізуде[50].

Оңтүстік Кореяның әлемдік ядролық нарықтағы бәсекелестері болып саналатын Жапония, Германия, Франция сияқты ірі ядролық державалармен салыстырғанда АҚШ тарапынан саяси қысымның[51] салдарынан Оңтүстік Кореяға уран байытуға немесе уран байыту бойынша дәстүрлі технологияларды дамытуға рұқсат етілмейді.

Туризм

Мәліметтерге сәйкес 2012 жылы 11,1 млн шелелдік туристер Оңтүстік Корея еліне саяхаттап келген,[52] ал 2010 жылы 8,5 млн туристер елде болып қайтқан[53]. Корей толқынының өзі (Халлю, кор. 한류) 2013 жылы Корея Республикасына 12 млн туристің келуіне себепші болы, оның ішінде жалғыз Қытайдың өзінен 6 млн турист келген[54][55]. Елдегі туризм қарқынды дамығандықтан Оңтүстік Корея үкіметті 2017 жылға дейін елге келуші туристер санын 20 миллионға жеткізуді көздеп отыр[56]. Хюндай ғылыми-зерттеу институтының зерттеулері бойынша Корей толқыны мәдениет индустриясын дамытып қана қоймай, сонымен қатар туризмнің дамуына да үлес қосып жатыр. Сондықтан Корей толқынына қызығып, елге келіп жатқан туристер саны жылдан жылға артуда[57]

Оңтүстік Кореядағы туризмнің тағы бір дамыған саласы – медициналық туризм болып табылады. Елге медициналық тексерістен өту үшін көбіне Азия елдерінен келеді, алайда қазіргі кезде басқа да құрлықтардан келушілер саны артуда. Келушілердің басым бөлігі пластикалық хирургияға жүгінеді.

Ғылым және технология

Бастапқыда Оңтүстік Корея Үкіметі Кореяның бөлінуі тәуелсіздік ала салысымен басталған Корей соғысы сияқты маңызды мәселелерді шешумен айналысқандықтан елде ғылыми-технологиялық даму байқалмады. 1960 жылдары жүргізген Пак Чоң Хидің диктаторлық жүйесінің аясында елде индустияландыру саясаты жүргізіліп, Samsung және LG сияқты чеболь корпорацияларының дамуы – Оңтүстік Корея экономикасының қарқынды өсуіне алып келді. Міне осы кезденден бастап Үкімет тарапынан ғылым мен технологияның дамуына көңіл бөліне бастады[58].

Кибернетикалық қауіпсіздік

2013 жылдың бірінші жартысында орын алған үкіметке, БАҚ өкілдеріне, телевизия және банк сайттарына бағытталған бір қатар кибершабуылдардың нәтижесінде үкімет 2017 жылға дейін киберқауіпсіздік саласындағы 5000 сарапшыны оқытуға мәжбүр болды. Оңтүстік Корея үкіметі осы және 2009, 2011 және 2012 жылдары орын алған шабуылдарда Солтүстік Кореяны кінәлап отыр, алайда Пхеньян тағылған айыпты мойындамай отыр[59].

2013 жылдың қыркүйек айының соңында Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық барлау қызметі компьютерлік қауіпсіздік саласында өтетін жарыс жөнінде жариялады. Жарыс жеңімпаздары 2013 жылдың 29 қыркүйегінде белгілі болып, 80 млн вон ($74 000) иеленді.[59].

Әуеғарыштық зерттеулер

Наро-1 зымыраны

Оңтүстік Корея 1992 жылдан бастап онға жуық серікті ғарышқа аттандырды. Барлық серіктер шетелдік зымыран-тасығыш көмегімен және шетелдік ғарыш айлақтарынан жіберілген. Ресеймен серіктестік аясында 1999 жылы Arirang-1 және 2006 жылы Arirang-2 серіктері ғарышқа ұшырылды[60]. 2008 жылы тоғыз жыл бойы жұмыс істеген Arirang-1 серігінің жоғалып кеткені мәлім болды[61].

2008 жылдың ақпанында Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейлік Союз ТМА-12 ғарыштық кемесінде алғаш рет корей азаматы Ли Со Ён ғарышқа аттанды[62]

2009 жылдың маусымында Чолла-Намдо провинциясының Кохын уездінде Оңтүстік Кореядағы тұңғыш ғарыш айлағы салынып бітті.[63] 2009 жылдың тамыз айында алғашқы Наро-1 зымыран-тасығышын ұшыру сәтсіз аяқталды.[64] 2010 жылғы екінші талпыныс та сәтсіз аяқталды..[65] 2013 жылдың қаңтарында Наро-1 үшінші рет ұшырылып, сәтті ғарышқа аттанды[66]. Оңтүстік Корея үкіметі 2018 жылға дейін Наро-2 зымыранын құрастыруды көздеп отыр[67].

Albert HUBO

АҚШ тарапынан көрсетілетін саяси қысымның салдарынан Оңтүстік Корея ірі зымырандық және зымыран-ғарыштық бағдарламаларды жүзеге асыра алмайд отыр[68]. Сол себепті Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болып отыр.

2003 жылдан бастап Оңтүстік Корея робототехника саласын дамытуды ұлттық жоспардың қатарына енгізген.[69] 2009 жылы Оңтүстік Корея Үкіметі Инчхон және Масан еркін экономикалық аймақтарына арнайы роботтарды өңдіру жөнінде жоспарын жариялады[70].

2005 жылы Корея озық ғылым және технология институты адам тәрізді HUBO роботын құрастырды. 2006 жылдың мамыр айында Korea Institute of Industrial Technology тобы алғашқы корейлік EveR-1 андроид роботын құрыстырып шығарды.[71]

Елде мұғалімдердің тапшылығына байланысты 2010 жылдың ақпан айында ағылшын тілінен ұстаздық ететін роботтарды құрастыру жоспары қолға алынып, 2013 жылы мектеп алды білім беру мекемелерінде алғашқы өнімдер білім бере бастады.[72] Робототехника сондай-ақ ойын-сауық аясында да қолданысқа ие болды. 2004 жылы ғылым мен робототехника технологияларын дамыту мақсатында елде роботтар ойыны фестивалі ұйымдастырылып, жыл сайын өткізілуде.[73]

Биотехнология

1980 жылдардан бастап Корея Үкіметі отандық биотехнолия саласының дамуына инвестиция салуда және саладағы табысты 2010 жылға дейін $6,5 млрд дейін өсіру жоспарланған.[74] Өндірістің басым бөлігі медицина саласына тиесілі, оның ішіне гепатитке қарсы вакцина мен антибиотиктерді өңдіру кіреді.

Сондай-ақ, генетика және клондау саласындағы зерттеулер мен әдістемелер нәтижесінде 2005 жылы алғаш рет ауғандық тазының құлағынан алынған бір жасушаны клондау арқылы Снуппи күшігін, ал 2007 жылы Сеул ұлттық университетінде жойылып бара жатқан екі ұрғашы қасқырды клондау арқылы бірнеше бөлтірік алынды.[75][76]

Мәдениеті

Каягым (кор. 가야금) аспабында ойнап отырған қыз

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея мәдениеттері дәстүрлі Корея мәдениетінен бастау алады, алайда 1945 жылы бөліну нәтижесінде түбекте қос мемлекет құрылғаннан кейін екі елдің мәдениеті әр түрлі даму толқынына түсті. Корея мәдениетінің дамуына Қытай мемлекетінің зор ықпалы тиген[77], дегенмен Корея мәдениеті бірегей құндылықтарымен ерекшеленеді.

Қарқынды индустрияландыру мен урбандалу үдерістерінің нәтижесінде Оңтүстік Корея халқының өмір сүру салты өзгеріске ұшырады. Бұл халықтың ірі қалаларға, әсіресе Сеул қаласына қоныстануына, ал ірі қалалардан тыс елді-мекендердің керісінше депопуляциялануына соқтырды. Euromonitor International компаниясының зерттеулерінің нәтижесінде Оңтүстік Кореяда бір апта ішінде ішілетін алкоголь мөлшері – әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда жоғары екендігі анықталған. Есептеулер бойынша Оңтүстік Корея халқы аптасына орта есеппен 13,7 рөмке ішімдік ішеді екен. Бұл көрсеткіш Оңтүстік Кореялықтардың Ресейліктерден екі есе көп, ал америкалықтардан төрт есе көп ішімдік ішетіндігін көрсетеді[78].

Мейрамдар

Корея Республикасының мейрамдарының үш түрлі санатқа бөлінеді:

  • Мемлекеттік мейрамдар (кор. 국경일?, 國慶日?)
  • Мемлекеттік ту көтерілетін күндер (кор. 국기게양일?, 國旗揭揚日?)
  • Мемлекеттік демалыс күні (кор. 공휴일?, 公休日?)

Бұл санаттар әр түрлі құқықтық дәрежеге ие. Сондай-ақ барлық мемлекеттік мейрамдар Мемлекеттік ту көтерілетін күн болып табылады.

Дата Қазақ тіліндегі атауы Корей тіліндегі атауы Мемлекеттік мейрам Ту көтерілетін күн Демалыс күні
1 қаңтар Жаңа жыл кор. 새해
Қаңтарақпан Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл кор. 설날
(3 күн)
1 наурыз Тәуелсіздік күні (Самиль қозғалысы) кор. 삼일절i?, 三一節?
5 сәуір Ағаш отырғызу күні кор. 식목일?, 植木日?
5 мамыр Балаларды қорғау күні кор. 어린이날
Мамыр Будданың туған күні кор. 부처님오신날
6 маусым Отан үшін қайтыс болғандары еске алу күні кор. 현충일?, 顯忠日?
17 шілде Конституция күні кор. 제헌절?, 制憲節?
15 тамыз Тәуелсіздік күні (Азаттық күні) кор. 광복절?, 光復節?
Қыркүйекқазан Чхусок мейрамы кор. 추석?, 秋夕?
(3 күн)
3 қазан Мемлекет негізі салынған күн кор. 개천절?, 開天節?
25 желтоқсан Рождество мерекесі кор. 크리스마스/성탄절

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  1. http://kosis.kr/nsportalStats/nsportalStats_0102Body.jsp?menuId=10
  2. a b c d South Korea. World Economic Outlook Database, April 2019. International Monetary Fund.
  3. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
  4. https://documents-dds-ny.un.org/doc/RESOLUTION/GEN/NR0/065/17/IMG/NR006517.pdf Мұрағатталған 2 маусымның 2016 жылы. Корей Республикасындағы агрессияға қарсы наразылық
  5. http://www.moi.go.kr/frt/sub/a06/b08/nationalIcon_8/screen.do Мұрағатталған 11 наурыздың 2017 жылы. Еліміздің атауы
  6. {{cite web}} үлгісіндегі title= параметрін жазу керек.  (кор.). The Kyunghyang Shinmun (30 August 2017). Тексерілді, 2 шілде 2018.
  7. {{cite web}} үлгісіндегі title= параметрін жазу керек.  (кор.). Chosun Ilbo. Тексерілді, 2 шілде 2018.
  8. Korea's History. Asian Shravan. Тексерілді, 17 ақпан 2009.
  9. Seth Michael J. A History of Korea: From Antiquity to the Present — Rowman & Littlefield Publishers, 2010. — P. 443. — ISBN 978-0-7425-6717-7.
    "An extreme manifestation of nationalism and the family cult was the revival of interest in Tangun, the mythical founder of the first Korean state... Most textbooks and professional historians, however, treat him as a myth."
  10. Stark Miriam T. Archaeology of Asia — John Wiley & Sons, 2008. — P. 49. — ISBN 978-1-4051-5303-4.
    "Although Kija may have truly existed as a historical figure, Tangun is more problematical."
  11. http://english.hani.co.kr/arti/english_edition/e_national/152641.html No 'real' Chinatown in S. Korea, the result of xenophobic attitudes
  12. http://immigration.go.kr/HP/COM/bbs_003/ListShowData.do?strNbodCd=noti0097&strWrtNo=105&strAnsNo=A&strOrgGbnCd=104000&strRtnURL=IMM_6070&strAllOrgYn=N&strThisPage=1&strFilePath=imm/ 출입국·외국인정책 통계월보 2012년 11월호
  13. According to figures compiled by the South Korean National Statistical Office. 인구,가구/시도별 종교인구/시도별 종교인구 (2005년 인구총조사). NSO online KOSIS database. Тексерілді, 23 тамыз 2006.
  14. Song, Jae Jung (2005) «The Korean language: structure, use and context» Routledge, p. 15
    Lyle Campbell & Mauricio Mixco. 2007. A Glossary of Historical Linguistics. University of Utah Press. («Korean, A language isolate», pg. 90; «Korean is often said to belong with the Altaic hypothesis, often also with Japanese, though this is not widely supported», pp. 90-91; «…most specialists…no longer believe that the…Altaic groups…are related», pg. 7)
    David Dalby. 1999/2000. The Linguasphere Register of the World’s Languages and Speech Communities. Linguasphere Press.
    Nam-Kil Kim. 1992. «Korean», International Encyclopedia of Linguistics. Volume 2, pp. 282—286. («…scholars have tried to establish genetic relationships between Korean and other languages and major language families, but with little success», pg. 282)
    András Róna-Tas. 1998. «The Reconstruction of Proto-Turkic and the Genetic Question», The Turkic Languages. Routledge. Pp. 67-80. («[Ramstedt’s comparisons of Korean and Altaic] have been heavily criticised in more recent studies, though the idea of a genetic relationship has not been totally abandoned», pg. 77.)
    Claus Schönig. 2003. «Turko-Mongolic Relations», The Mongolic Languages. Routledge. Pp. 403—419. («…the 'Altaic' languages do not seem to share a common basic vocabulary of the type normally present in cases of genetic relationship», pg. 403)
  15. Stratification in the peopling of China: how far does the linguistic evidence match genetics and archaeology? In; Sanchez-Mazas, Blench, Ross, Lin & Pejros eds. Human migrations in continental East Asia and Taiwan: genetic, linguistic and archaeological evidence. 2008. Taylor & Francis
  16. Корей тілі // БРЭ. Т.15. М., 2009.
  17. Оңтүстік Корея ЕО-пен еркін сауда жөнінде келіссөз жүргізуде. BNews.kz (5 наурыз 2009). Тексерілді, 21 тамыз 2016.
  18. Канада-Корея — еркін сауда. Канада сыртқы істер және халықаралық сауда министрлігі (January 5, 2009). Тексерілді, 21 тамыз 2016.
  19. Оңтүстік Корея және Жаңа Зеландия еркін сауда жүргізбек (3 March 2009). Тексерілді 21 тамыз 2016.
  20. Kazakhstan, S.Korea sign $5 bln worth of deals, Reuters (May 13, 2009).
  21. Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен кездесті, Ақорда, Астана (19 маусым 2014). Тексерілді 21 тамыз 2016.
  22. Mutual Defense Treaty Between the United States and the Republic of Korea; October 1, 1953. Yale Law School.
  23. Bintamin Appelbaum, Jennifer Steinhauer. Congress Ends 5-Year Standoff on Trade Deals in Rare Accord, The New York Times (October 12, 2011).
  24. New Opportunities for U.S. Exporters Under the U.S.-Korea Trade Agreement (9 маусым 2012).
  25. a b Asia Times – News and analysis from Korea; North and South, Asia Times (11 қыркүйек 2004). Тексерілді 6 қыркүйек 2014.
  26. Kristof, Nicholas D.. Қытайлықтар оңтүстік кореялықтармен ресми тұрғыда байланыс орнатты, The New York Times (24 тамыз 1992).
  27. EU agrees free trade deal with S.Korea (September 16, 2009).
  28. a b Екі жақты байланыс: Корея. Брюссель: Европалық комиссия.
  29. http://www.globescan.com/images/images/pressreleases/bbc2013_country_ratings/2013_country_rating_poll_bbc_globescan.pdf Мұрағатталған 10 қазанның 2015 жылы.
  30. John Pike Defense Budget of South Korea. Globalsecurity.org. Тексерілді, 29 қазан 2010.
  31. IISS; Hackett, James (ed.) (7 March 2012). The Military Balance 2012. London: Routledge. ISBN 1857436423. PP. 259—262.
  32. Bermudez (2001), p. 1.
  33. Lee Tae-hoon. Military Duty Exemption for Biracial Koreans Will Be Scrapped, The Korea Times (30 қыркүйек 2009).
  34. Америка Құрама Штаттарының Сегізінші армиясы (EUSA). GlobalSecurity.org (27 желтоқсан 2005).
  35. http://globaledge.msu.edu/countries/south-korea
  36. http://www.tiq.qld.gov.au/wp-content/uploads/2014/08/TIQ-524-14-Market-Summary-SOUTH-KOREA.pdf Мұрағатталған 25 қазанның 2016 жылы.
  37. https://books.google.co.kr/books?id=POAwBwAAQBAJ&pg=PA367&lpg=PA367&dq=South+Korea+mixed+economy&source=bl&ots=yONJsyFsVb&sig=SBrqOC5XxGZW782TibKQQanl-x0&hl=ko&sa=X&redir_esc=y#v=onepage&q=South%20Korea%20mixed%20economy&f=false
  38. Метро Мұрағатталған 3 желтоқсанның 2013 жылы., Корей Ұлттық туризм ұйымы; Инчхон метрополитені Мұрағатталған 9 қарашаның 2014 жылы.
  39. Express bus terminal guide Мұрағатталған 24 ақпанның 2007 жылы., Korea Express Bus Lines Association.
  40. Incheon International Airport Corp (27 наурыз 2009). Eight Years in Coming. Пресс-релиз.
  41. Transport > Heliports. NationMaster (2008).
  42. Company Info / Overview. Korean Air.
  43. International Aviation Policy. Ministry of Land, Transportation and Maritime Affairs.
  44. Another Korean Nuclear Issue, The Diplomat (19 шілде 2010).
  45. South Korea wins landmark Gulf nuclear power deal (желтоқсан 29, 2009).
  46. All systems go for Jordan's first nuclear reactor (March 31, 2010).
  47. South Korea-Jordan sign $130M nuclear deal, World Nuclear News (July 27, 2010).
  48. Korea, Argentina Sign MOU for Nuclear Plant Project, Chosun Ilbo (18 қыркүйек 2010).
  49. Argentina eyes nuclear role in S. America (17 қыркүйек 2010).
  50. Korea nearing Turkey nuclear plant contract. Korea Times (15 маусым 2010).
  51. Choe Sang-Hun. U.S. Wary of South Korea’s Plan to Reuse Nuclear Fuel, The New York Times (13 июля 2010).
  52. UNTWO UNTWO World Tourism Barometer, Vol.5 No.2 (PDF) (June 2008). Тексерілді, 15 қазан 2008.
  53. Kolesnikov-Jessop, Sonia. South Korea Sets Its Sights on Foreign Tourists, nytimes.com (қараша 11, 2010).
  54. Hallyu fuels foreign investment in Korea. Koreatimes.co.kr (August 31, 2014). Тексерілген April 17, 2015.
  55. Tourism To South Korea Number of tourists visiting South Korea expected to top 10 million – .... eturbonews.com.
  56. Double-digit Growth. BusinessKorea.
  57. Hallyu fuels foreign investment in Korea. Korea Times. Тексерілді, 20 қаңтар 2015.
  58. Tesla, Agence Can South Korean Startups (and the government) Save its Flailing Giant Tech Conglomerates? - Innovation is Everywhere (en-US) (22 маусым 2016).
  59. a b Kwanwoo Jun. Seoul Puts a Price on Cyberdefense (23 қыркүйек 2013). Тексерілді 24 қыркүйек 2013.
  60. Корея мен Ресей толыққанды ғарыштық серіктестік орнатты (5 шілде 2007). Тексерілді 7 маусым 2013.
  61. South Korea Confirms Contact With Satellite Lost, Space Daily, 7 қаңтар 2008
  62. «Ли Со Ён алғашқы корей ғарышкері атанды», The Times (Лондон), 9 сәуір 2008.; «Ғарышқа алғаш рет корей азаматы аттанды», BBC News, 8 сәуір 2008.
  63. «Оңтүстік Кореядағы тұңғыш ғарыш айлағы салынып бітті», Korea Times (Сеул), 10 маусым 2009
  64. Yonhap News  (кор.). English.yonhapnews.co.kr (26 тамыз 2009). Тексерілді, 10 тамыз 2013.
  65. Global Insider:Оңтүстік Кореяның ғарыштық бағдарламасы. Worldpoliticsreview.com (29 маусым 2010). Тексерілді, 10 тамыз 2013.
  66. 30 қаңтар 2013, Крис Бергин South Korea launch STSAT-2C via KSLV-1. NASASpaceFlight.com (30 қаңтар 2013). Тексерілді, 8 наурыз 2013.
  67. «Naro-1 explodes after takeoff», Joongang Daily (Сеул), 11 маусым 2010.
  68. Оңтүстік Кореяда алғашқы зымыран құрастырылды, Asia Times (11 тамыз 2009). Тексерілді 21 тамыз 2010.
  69. [https://web.archive.org/web/20110429091956/http://www.mke.go.kr/language/eng/news/news_view.jsp?seq=7&srchType=1&srchWord=&tableNm=E_01_02&pageNo=1 Мұрағатталған 29 сәуірдің 2011 жылы. Арнайы репортаж: R&D [бизнес-мүмкіндіктері]]. Ministry of Knowledge Economy, 3 қыркүйек 2007.
  70. «Әлемдегі алғашқы роботтар саябағы». JoongAng Daily, 13 ақпан 2009
  71. Android Has Human-Like Skin and Expressions, Live Science, 8 мамыр 2006
  72. Оңтүстік Кореяда ағылшын тілінен ұстаздық ететін роботтар пайда болды, Popular Science, 24 ақпан 2010
  73. Korean Robot Game Festival Мұрағатталған 14 мамырдың 2011 жылы., Ресми сайт.
  74. Bio International Convention Korea Country Profile. Bio2008.org. Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 қыркүйек 2011. Тексерілді, 29 қазан 2010.
  75. AFP Discovery Channel :: News – Animals :: Endangered Wolf Cloned in South Korea. Dsc.discovery.com. Тексерілді, 25 сәуір 2010.
  76. Biotechnology (PDF). Тексерілді, 25 сәуір 2010.
  77. Fairbank, John K. East Asia: Tradition & Transformation — Boston: Houghton Mifflin, 1978. — ISBN 0-395-25812-X.
  78. Roberto A. Ferdman. South Koreans drink twice as much liquor as Russians and more than four times as much as Americans (February 2, 2014). Тексерілді 9 ақпанның 2014.

Сыртқы сілтемелер