Етіс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
21:54, 2024 ж. сәуірдің 23 кезіндегі Casserium (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (−Санат:Етістік; +Санат:Етістіктің грамматикалық категориялары (HotCat құралының көмегімен))
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі.

Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай:

  1. ол онан жөн сұрады;
  2. олар бір-бірінен жөн сұрасты;
  3. ол одан жөн сұратты;
  4. онан жөн сұралды;
  5. ол өзі сұранды

деген сөйлемдердегі етістіктерін (сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран) бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы төртеуі сұра түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы (-с, -т, -л, -н) туып, бір-бірінен ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық мағынасы бір бола тұрса да), олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар.

Сондай-ақ: тасы, тасыс, тасыт, тасыл, тасын;
жу, жуыс, жудыр, жуыл, жуын
айт, айтыс, айттыр, айтыл
тәрізді түбірлес етістіктерден де осы жүйе аңғарылады.

Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей төрт түрге бөлінеді:

  1. Ортақ етіс -с /-ыс/ -іс;
  2. Өзгелік етіс -т/ -тыр/ -тір/ -дыр/ -дір / -ыр/ -ір/-сет;
  3. Ырықсыз етіс -ыл /-ын/-іл /-ін/-л/-н;
  4. Өздік етіс -ын /-ін/ -н
  • А. Ысқақов, "Қазіргі қазақ тілі", 1974 ж.