Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев
Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев | ||||
Шарлапаев, 2023 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
4 қыркүйек 2023 жылдан бері | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Премьер-Министр | Әлихан Смайылов Олжас Бектенов | |||
Ізашары | лауазымы құрылды (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі ретінде Марат Қарабаев) | |||
| ||||
2 ақпан 2022 — 4 қыркүйек 2023 | ||||
Ізашары | Айдар Әріпханов | |||
Ізбасары | Нұрлан Байбазаров | |||
Өмірбаяны | ||||
Білімі | 1) Саратов әлеуметтік-экономикалық университеті 2) Крэнфилд менеджмент колледжі[1] | |||
Ғылыми дәрежесі | қаржы мен басқару магистрі | |||
Мамандығы | 1) бухгалтерлік есеп және аудит 2) қаржы мен басқару | |||
Азаматтығы | КСРО (1981–1991) Ұлыбритания (??–??) Ресей (1991–2022) Қазақстан (2022 бері) | |||
Дүниеге келуі | 9 шілде 1981 (43 жас) Саратов облысы, РКФСР, КСРО | |||
Әкесі | Бисимбай Шарлапаев | |||
Жұбайы | үйленген[2] | |||
Балалары | 3 баласы бар,[3] соның ішінде қызы Дана Шарлапаева (2017 туған)[4] бар | |||
Сайты | gov.kz/memleket/entities/miid | |||
өңдеу |
Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев[1] (9 шілде 1981 жыл, Саратов облысы, РКФСР) — ресейлік және қазақстандық қаржыгер, мемлекеттік қайраткер, 2023 жылғы қыркүйектен Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрі.
2022–2023 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 2022 жылы «Қазақстан Даму Банкі», «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы», «Отбасы банкі» және «Өндірісті дамыту қорына» төрағалық етті және «Ресей сбербанкі» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі болды.[1]
Өмірбаяны
Қанат Шарлапаев 1981 жылғы 9 шілдеде, Ресейдің Саратов облысында дүниеге келген.[4] Мансабы банк секторында бастауын алды.[5]
2006–2022 жылдары аралығындағы мансабын Шарлапаев "Сити" инвестициялық банкіне арнаған: 2006 жылдан 2008 жылға дейін Шарлапаев "Сити" инвестициялық банкінің өңірлік кеңсенің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде және операциялық-технологиялық департаменттерінде сатылым басқару секторында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді;[5] 2008–2012 жылдары аралығында ол Лондонда сол банктің қор нарығымен жұмыс жөніндегі аймақтық бөлімшесінде аға талдаушы, вице-президенттің көмекшісі, вице-президенті болды; бұдан кейін, 2015 жылға дейін Шарлапаев сол банктің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка үшін аймақтық стратегиялық жоспарлау және талдау тобының вице-президенті болып жұмыс істеген.[2]
2015 жылдан 2017 жылға дейін Шарлапаев «Ситибанк Қазақстанның» бас қаржы директоры, төрағасының орынбасары, аға вице-президенті қызметтерінде болды.[2] Бұдан кейін ол «Ресей Ситибанкінің» Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті болып тағайындалды. Бұл қызметін ол 2020 жылға дейін жалғастырды. Ол жұмысы аяқталғасын, 2022 жылға дейін ол «Сити» банкінің Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры болды.[1]
2022 жылғы 3 ақпанда премьер-министр Смайылов ұсынысы бойынша Шарлапаев «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы[5] және мүшесі[1] болып тағайындалды. Смайылов Шарлапаевтың «әлемдегі ірі инвестициялық банктердің бірі – "Сити" құрылымдарындағы үлкен басқарушылық жұмыс тәжірибесінің» бар екенін айтып кеткен.[5] Сол жылғы 16 қыркүйекте ол «Береке Банк» АҚ-ның төрағасы болды, бұл қызметін ол 2023 жылғы 4 қыркүйекте аяқтады.
2022 жылғы 9 ақпанда ол «Қазақстан Даму Банкіне», «Қазақстан Тұрғын үй компаниясына», 16 ақпанда «Отбасы банкіне» және 28 ақпанда «Өндірісті дамыту қорына» төрағалық етті және 12 қыркүйекте «Ресей сбербанкі» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі болды.[1]
2023 жылғы 4 қыркүйекте Қанат Шарлапаев Қазақстан президенті Тоқаев жарлығымен Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.[3] 2024 жылғы 6 ақпанда ол өз лауазымына қайта тағайындалды.[6]
Жеке өмірі
Әкесі Бисимбай Шарлапаев — ресейлік саясаткер, «Біртұтас Ресей» партиясынан Саратов облысының бұрынғы депутаты, пара алғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған.[7][a]
Қанат Шарлапаев үйленген,[2] үш баласы бар,[3] 2017 жылы туған Дана Шарлапаева есімді қызы бар[4] екені белгілі.
Қанат Шарлапаев қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.[2]
Сын
Бисимбай Шарлапаев
Бисимбай Насырұлы Шарлапаев (20 қараша 1958 жыл, Калининское ауылы, Маркс ауданы)[8] — ресейлік саясаткер, «Біртұтас Ресей» саяси партиясынан[9] Саратов облысындағы Маркс ауданы кеңесінің депутаты, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,[8] 2016 жылғы қарашада Саратов облысы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Алексей Гришановқа пара бергені үшін сотталған. Одан кейін ол өз кінәсін мойындап, шартты түрде сотталып, 1 миллион рубль айыппұл төлеуге мәжбүр болды.[7] 2022 жылғы 14 ақпанда Антикор төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Қанат Бисимбайұлының Бәйтерек АҚ басшысы қызметіне тағайындалуы және оның жемқорлықпен айналысқан әкесі жайлы айтқанда «Қолданыстағы заңнамада сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда адамның жақын туыстарға шектеулер қарастырылмаған» деген.[10]
Бірнеше азаматтығы бар деген айыптар
2022 жылы сол кездегі Бәйтерек ұлттық холдингінің төрағасы Қанат Шарлапаевтың сайтында оның ұлыбританиялық және ресейлік азаматтығының бар екені айтылған еді. Ол жайлы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «оның қазақстандық азаматтығы жоқ» деген,[11] бірнеше азаматтық алуға қарсы заң тек қазақстан азаматтарына әрекет ететіні белгілі.
2022 жылы Шарлапаев пен оның қызы Дана Қанатқызы Шарлапаева Ресей азаматтығынан айырылу өтінішін жасаған еді. 18 қараша күні Ресей президенті Владимир Путин оның бұл өтінішін орындады.[4]
2022 жылғы қарашада Қазақстан азаматтығын алған.[12] Ресми дереккөздерде оның тек бір ғана қазақстандық азаматтығы бар екені айтылған.[1] Шарлапаевтың ұлыбританиялық азаматтығының қазір бар-жоғы әлі белгісіз.
Ескертпелер
- ↑ Қосымша мәлімет үшін Сын#Бисимбай Шарлапаев бөлімін көріңіз
Дереккөздер
- ↑ a b c d e f g Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі (қаз.). Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты. Тексерілді, 11 қыркүйек 2023.
- ↑ a b c d e Шарлапаев Канат Бисимбаевич (персональная справка) (орыс.). online.zakon.kz. Тексерілді, 11 қыркүйек 2023.
- ↑ a b c ОСПАНӘЛИЕВ, Айдар Қанат Шарлапаев ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды (қаз.). kazinform (4 қыркүйек 2023). Тексерілді, 11 қыркүйек 2023.
- ↑ a b c d Канат Шарлапаев отказался от российского гражданства (орыс.). Forbes. Тексерілді, 11 қыркүйек 2023.
- ↑ a b c d "Бәйтерек" холдингін Қанат Шарлапаев басқарды (қаз.). eldala.kz (3 ақпан 2022). Тексерілді, 11 қыркүйек 2023.
- ↑ Қанат Шарлапаев өз лауазымында қалды (қаз.). BAQ.kz (6 ақпан 2024). Тексерілді, 11 қыркүйек 2023.
- ↑ a b Новый глава холдинга «Байтерек» оказался сыном депутата с сомнительной репутацией (орыс.). КазТАГ (3 февраля 2022). Тексерілді, 11 қыркүйек 2023.
- ↑ a b Задержанный депутат Бисимбай Шарлапаев является доктором наук. Взгляд-инфо (17 тамыз 2016). Тексерілді, 11 қыркүйек 2023.
- ↑ Шарлапаев Бисимбай Насырович. ВЫБОРОТЕКА. Тексерілді, 11 қыркүйек 2023.
- ↑ «Антикор» о назначении Шарлапаева в «Байтерек»: Ограничений для родных коррупционеров нет (орыс.). КазТАГ (14 сентября 2023). Тексерілді, 11 қыркүйек 2023.
- ↑ СМАЙЫЛ, Мейірім Двойное гражданство главы "Байтерека" прокомментировал министр нацэкономики (орыс.). tengrinews (26 февраля 2022). Тексерілді, 11 қыркүйек 2023.
- ↑ Имел двойное гражданство: что известно о новом министре промышленности и строительства Казахстана (орыс.). ORDA.kz (4 сентября 2023). Тексерілді, 11 қыркүйек 2023.