Авацератопс
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Авацератопс. Авацератопстың қаңқасы 1861 жылы АҚШ-тың Мантана штатынан табылады. Атауы «Аваның мүйіз бетті динозавры» деген мағынаны білдіреді. Бұл есім оған денесінің ерекшеліктеріне байланысты берілген. Авацератопстың ұзындығы — 2,5 метр, салмағы шамамен — 181 келі. Мойында қысқа сүйек «жағасы», тұмсығында жалғыз ғана қысқа мүйізі болған. Динозавр төрт аяғымен жүрді.
Қызықты дерек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ол бұдан 80—75 миллион жыл бұрын кейінгі Бор дәуірінде өмір сүрді.
- Динозавр папоротник, саго сияқты жатаған өсімдіктер мен қалқанжапырақты ағаштарды қорек қалған.
- Қысқа тұмсықты динозаврдың жақ сүйегі үлкен болған.
Мәліметтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қорегі : жапырақтар, жемістер, өсімдіктер
- Салмағы : 181 келі
- Тұқымдас : Цератопсид
- Отряд тармағы : Маргиноцефалия [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы