Мазмұнға өту

Аид

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Аидежелгі грек мифологиясында жер асты өлі жандардың патшалығының құдайы. Кронос пен Реяның үлкен ұлы, Зевстің, Посейдонның, Гераның, Деметраның және Гестияның ағасы. Персефонаның күйеуі.

Мифологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гесиод бойынша, Аид туылғанда, әкесі барлық балаларын жұтып қойды.

Әлемнің үш ағайынды арасында бөлінгеннен кейін, Аидқа жер асты патшалығы берілді.

Аид жер асты қазынасы мен құнарлықтың құдайы деп санаған. Ол жер астынан құнарлылық беріп тұрған.

Гомер бойынша, Аид патшалығын өзі қорғаған. Гомер Аидты жомарт және қонақжай деп санады. Себебі, ажалды ешкім құтыла алмайы.

Кейбір нұсқаларда Аид екінші дәрежедегі кейіпкер. Керексіз, қорқынышты құдай болған. Гомер, Аидты жер асты Зевс деп атайды. Ол аидты ажал құдайы және өз патшалығын өзі қорғап жүреді деп қабылдаған.

Аид пен Персефона

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түңіреңкі Аид – жер асты патшалығында болғанымен, ол олимпиялық құдай деп саналады. Жоғарыға, ол тек жұмысымен немесе ғашықтық сезімін басалмай жатқан кезде ғана шығады. Аид патшалығын, әйелімен бірге биледі. Персефона гүл жинап жүргенде, ол оны ұрлап кетті.

Аид Гераклмен төбелескен кезде ол Пилоса тұрғындары жағында болған. Геракл оны жаралады. Оған жер асты патшалығынан шығып Олимпқа, құдайлар дәрігеріне бару керек болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]