Айдаргүл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Hollyhock
Alcea setosa
Alcea setosa
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Eudicots
(unranked) Rosids
Сабы: Malvales
Тұқымдасы: Malvaceae
Тегі: Alcea
Species

See text.

Айдаргүл (Alcea) – құлқайырлар тұқымдасына жататын екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде Жерорта теңізі жағалауында, Орта және Орталық Азияда тараған 60-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанда далалық, шөлдік, шалғындық, тасты, тастақты, құмды, егістік жерлерде өсетін 4 түрі бар. Жиі кездесетін түрі – жалаңгүл (nudіflora). Биіктігі 50 – 200 см, сабағы тік, кейде иіле өседі. Гүлдері ірі (30 см), қос жынысты, саусақ салалы гүлшоғырына топталған. Тостағаншасы 5 жапырақты, қара қызылдан ақ түске дейін өзгеріп тұратын күлтесінің жоғарғы жағы ойма, төменгі жағы тырнақша тәрізді созылған. Мамырқазан айларында гүлдеп, шілдеқазанда жемістенеді. Жемісі бөлшекті, 18 – 40 жемісшеден тұрады. Тұқымы бүйрек пішіндес. Айдаргүл – мал азықтық, дәрілік, әсемдік өсімдік. Гүлінен ара бал жинайды. Сабағынан алынатын талшықты қап, жіп, арқан жасауға пайдаланады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы