Альфред Гилман

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Альфред Гудман Гилман
ағылш. Alfred Goodman Gilman
Туған күні

1 шілде 1941 (1941-07-01)

Туған жері

Нью-Хейвен, Коннектикут, АҚШ

Қайтыс болған күні

23 желтоқсан 2015 (2015-12-23) (74 жас)

Азаматтығы

 АҚШ

Ғылыми аясы

фармакология

Марапаттары


Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1994)

Альфред Гудман Гилман (ағылш. Alfred Goodman Gilman; 1 шілде 1941, Нью-Хейвен, Коннектикут, АҚШ23 желтоқсан 2015 жылы) — американдық ғалым, Оңтүстік-батыс медицина орталығындағы (Техас университеті, Даллас) фармакология профессоры. 1994 жылы Мартин Родбеллмен бірге «G-ақуыздарын ашқаны үшін және осы ақуыздардың жасушадағы сигналдық трансдукциялық рөлі үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алған.

Гилман өмірге 1941 жылы 1 шілдеде Нью-Хейвенде (Коннектикут) келген. Әкесі Альфред Гилман, Йель университетінде медицина мектебінде сабақ беріп, Луи Гудманмен бірге студенттерге арналған «терапияның фармакалогиялық негіздері» атты 1941 жылы оқулық шығарды (Кейіннен оқулық бірнеше рет және оның ішінде кіші Гилманды қоса алғанда бірнеше рет өңделіп қайта басылды. Ол медициналық мектептерде фармакологиядағы студенттерге арналған ең танымал оқулық болып табылады ). Бірігіп жазған кітабының авторының құрметіне Альфред Гилман туған ұлына Альфред Гудман Гилман деп ат қойды. Гилманның өзі оның досы Майкл Браунның мына әзілін есіне алатын — «…оқулықтың құрметіне аты қойылған жалғыз адам».

Гилман Йель университетін 1962 жылы бітіріп Нью-Йоркте Аллен Конни зертханасының қысқа уақыт жұмыс істегеннен кейін аспирантураға Батыс резервтік университеті — Кейсаға (Кливленд (Огайо)) оқуға түседі, онда цАМФ-ты зертеді. 1971 жылы Гилман Шарлотсвиллде Вирджиния университетіне жұмысқа алынады. 1981 жылы Техас университеті (Даллас) медицина мектебінде фармакология кафедрасының меңгерушісі болды, ал 2005 жылдан — Оңтүстік-батыс университеті Медицина орталығының деканы.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1989 жылы, Гилман Негізгі медициналық зерттеулері үшін Альберт Ласкер жүлдесін және Луиза Гросс Хорвиц жүлдесін алды, ал 1994 жылы — G-ақуыздарды ашқаны үшін Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]