Амплитуда

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Синусоидалық тербелу. y — толқын амплитудасы, λ — толқын ұзындығы.

Амплитуда (лат. amplіtudo — шама) — белгілі бір заңдылықпен ауытқитын шаманың өзінің орташа мәнінен не шартты түрде алынған “нөлдік мәнінен” ең үлкен ауытқуы. Мысалы, маятниктің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы, айнымалы электр тогының электр күші мен кернеу мәндерінің ауытқуы амплитудаға жатады. Гармониялық тербелісте амплитуда — тұрақты шама.[1]

Амплитуда - географиядаметеорологиялық және гидрологиялық элементтер сипаттарының белгілі бір кезеңдегі ең көп және ең аз шамалары арасындағы айырма (мысалы, жылдық ағынның, тәуліктік қысым мен температураның ең көп және ең аз көрсеткіштерінің арасындағы айырмалар); тәуліктік, жылдық, көп жылдық болып бөлінеді. [2]

1820 ж. француз физигі Андре Ампер (1775 –1836) тұжырымдаған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6