Антропометрия
Антропометрия — адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (19 ғ.) қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Этник. антропологияда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, А-лық материалдарға жан-жақты статистик. сипаттамалар беріледі. А-ның қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі. Криминалистикада антропометриялық деректер қылмысты адамды тануда кең пайдаланылады.[1][2]
Өлшем түрлері:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Бойын өлшеу - баланың физикалық дамуын бағалауға, эндокринді патология кезінде көрініс табатын ергежейлік немесе гигантивизмді анықтуға мүмкіндік береді.
- Дене массасын өлшеу - салмақтың жетіспеушілігі немесе артық салмақты анықтауға, жүктілікті, ісінуді бақылауға, дәрілік препараттардың дозасын ақытауға мүмкіндік береді.
- Бас және кеуде шеңберін анықтау - неврологиялық және пульмонологиялық науқастарды тексеру кезінде баланың физикалық дамуын бағалау үшін қажет.
- Іштің шеңберін анықтау – жүкті әйелдерді, құрсақ қуысындағы ісінуді (асцит) бақылау кезінде қажет.
- Спирометрия – өкпенің өмірлік қабілетін анықтау. Ол физикалық дамуды бағалау үшін пульмонологиялық тәжірибеде жүзеге асырылады.
- Динамометрия - бұлшықет күшін өлшеу. Ол физикалық дамуды бағалау үшін неврологиялық тәжірибеде жүзеге асырылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- ↑ Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |