Аншлюс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Гитлер Рейхстаг депуттарына Аустрияның қосылуын мәлімдеуде
Вена тұрғындары Германия әскерін қарсы алуда

Аншлюс (немісше Anschluß  — қосып алу) — Германияның өз құрамына Австрияны күштеп қосып алуын білдіретін термин. 30-ж. Гитлер мен Зейсс-Инкварт басқарған австриялық ұлтшыл-социалистер Австрияны Германияның құрамына қосып алуға тыйым салатын Версаль және Сен-Жермен бейбіт келісім шарттарына (1919) қарсы дайындықтар жүргізді. 1937 жылы Гитлер Италия диктаторы Муссолинидің келісімін алып, Австрияны жедел түрде басып алу туралы шешім қабылдады. 1938 жылы 12 наурызда Германия Австрия территориясына әскер кіргізіп, Аншлюсты жүзеге асырды. Австрия рейхтың құрамына кіретін “герман мемлекеті” деп жарияланды. Англия, Франция және АҚШ герман басқыншылығына ешқандай қарсылық білдірместен Аншлюсты мойындап, өздерінің Венадағы дипломат. өкілдіктерін кері шақырып алды. Австрияның тәуелсіздігі 1945 жылы сәуірде, Екінші Дүниежүзілік соғыс барысында азат етілген соң қалпына келтіріліп, Аншлюсқа тыйым салатын Мемлекеттік келісім шарт (1955) арқылы заңдастырылды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9