Аныштегіндер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Аныштегіндер(1097-1231)— Хорезм мемлекетінің билеген түркі тілдес әулет. Негізін Ануштегін Қарши (1077-1097) қалаған.

Ануштегіндер(1097-1231)- Хорезм мемлекетін билеген түркі тектес әулиет. Негізінен Ануштегін Қарши (1077-1097) қалаған. Ануштегіндер әулеті билеген мемлекет батысында Еділ бойы мен Кавказ тауына, Бағдад халифатына, оңтүстігінде Аюби ұрпақтары билеген араб мемлекеттері мен Үндістанға шығысында Жетісуға, солтүстікте Ұлытау мен Торғай далаларына дейінгі аумақты алып жатты. Құтб-әд-Дин Мұхаммед Хорезмшаһ (1097/98- 1127/28) тұсында басталған салжұқ әмірлерімен тәуелсіздік үшін күрес Ала әд-Дин Атсыз Хорезмшаһ(1127/28-1156) билік еткен кезеңде одан әрі жалғастырылды. Әбу-л-Фатх Арслан Хорезмшаһ тұсында дербестікке қол жеткізді.Ала әд-Дин Мұхаммед (1200-1220) тұсында әулет күшейе түсті. Ануштегіндер Парсы мемлекетін, Орта Азияны, Маңғыстау мен Еділдің төменгі сағасын, Жент,Баршынкент,Жаркент, Баласағұн, Отырар қалаларын бағындырды. Шыңғыс хан иелігіндегі елдермен бетпе–бет келуі Хорезм мемлекетінің біржола құлауына себеп болды. Ануштегіндер тұсында Хорезмде өнер–білім, ғылым, кітап басу ісі, сауда қатынасы, халықаралық байланыстар дамыды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан балалар энциклопедиясы, Тарих Ата 2 том ,1-бөлім, Алтын Орда.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хорезм